О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2020 года № 100 «Об утверждении Перечня вредных организмов, борьба с которыми осуществляется за счет бюджетных средств, и Правил проведения фитосанитарных мероприятий» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20213 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қағидаларында: 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Саны ЗЭШ-ден жоғары саяқ шегірткетектестердің қоныстану орындарына химиялық өңдеу жүргізуге арналған арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде мынадай өндіру нормасымен жүзеге асырылады: аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар; жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар; пилотсыз авиациялық жүйелер бойынша – тәулігіне 50 гектар; күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 750 гектар; күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 300 гектар; жерүсті желдеткішті және штангалық бүріккіштер бойынша – тәулігіне 70 гектар; барлық модификациядағы жерүсті атомайзерлік, ультра аз көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар; аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар.»; 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «26. Саны ЗЭШ-ден жоғары үйірлі шегірткетектестердің (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстану орындарына химиялық өңдеулер жүргізуге арналған арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде техниканың 1 бірлігіне мынадай өндіру нормасымен жүзеге асырылады: аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар; жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 800 гектар; пилотсыз авиациялық жүйелер бойынша – тәулігіне 50 гектар; күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 750 гектар; күштік қондырғысы бар аэрозоль генераторлары бойынша 180 ат күшіне дейін – тәулігіне 300 гектар; жерүсті желдеткішті және штангалық бүріккіштер бойынша – тәулігіне 70 гектар; барлық модификациядағы жерүсті атомайзерлік, ультра аз көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар; аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі