О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 февраля 2020 года № 60 «Об утверждении Правил оказания платных видов услуг республиканским государственным учреждением при проведении мониторинга и оценки мелиоративного состояния орошаемых земель» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20057 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 2-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 40-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілетін бұйрықпен бекітілген Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 2-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 40-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және cуармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібін айқындайды.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Республикалық мемлекеттік мекеме суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19997 болып тіркелген) бекітілген суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтерге сәйкес жүзеге асырады.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Республикалық мемлекеттiк мекеменiң суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алынған қаражат түсімдер және шығыстар жоспарларына сәйкес мыналарға жұмсалады: 1) далалық топырақтық-мелиорациялық, зертханалық және гидрогеологиялық іздестіру жұмыстарын жүргiзу; 2) республикалық мемлекеттiк мекеменiң материалдық-техникалық базасын жарақтандыру үшiн транспорт құралдарын, кеңсе техникасын, далалық аспаптарды, зертханалық жабдықтар мен механизмдердi сатып алу; 3) тауарлық-материалдық құндылықтарды: жанар-жағармайды, химиялық реактивтердi, қосалқы бөлшектердi, байланыс құралдарын, еңбектi қорғауды, өрт қауiпсiздiгi мен гигиенаны қамтамасыз етуге арналған арнайы қорғаныш құралдарын сатып алу; 4) байланыс қызметiне, банктік көрсетілетін қызметке, коммуналдық қызметке, көлiк құралдарын техникалық байқау және мiндеттi сақтандыру, мамандандырылған жабдықтарды тексеру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу; 5) далалық топырақтық-мелиорациялық және гидрогеологиялық іздестіру жұмыстарын жүргiзу үшiн республикалық мемлекеттiк мекеме тартатын штаттан тыс маусымдық мамандар мен жұмысшылардың еңбегiне ақы төлеу; 6) мониторинг және мелиорация саласындағы нәтижелердiң деректерiн автоматты түрде өңдеуге арнайы бағдарламалық қамтылым сатып алу және енгiзу; 7) мемлекеттiк мекеменiң жұмыс iстеуiне байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және объектiлердi жөндеу; 8) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес іссапар шығындарын өтеу шегінде республикалық мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң iссапар шығыстары, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге iссапар шығыстары; 9) республикалық мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн еңбек көрсеткiштерi үшiн көтермелеу; 10) республикалық мемлекеттiк мекеменiң мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру; 11) республикалық мемлекеттiк мекеменiң ғылыми, әдiстемелiк материалдарын және ресми бюллетендерiн шығару. Түсімдер және шығыстар жоспары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жасалады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі