О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 19 апреля 2021 года № 101 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по делам архивов и управления документацией Министерства культуры и спорта Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабының 2-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 101 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
14-тармақта:
37) және 38) тармақшалар алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.