Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 19 мая 2021 года № 173 «Об утверждении типовой методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне»

Бұйрық · № 423 · қабылданған 27.12.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2021-no-173/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 19 мая 2021 года № 173 «Об утверждении типовой методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне» Күшін жойған Бұйрық ·№ 423 ·27.12.2021
06.11.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 19 мая 2021 года № 173 «Об утверждении типовой методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 423 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 19 мая 2021 года № 173 «Об утверждении типовой методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне»
Атауы (қаз.)
«Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
423
Қабылданған күні
27.12.2021
Көрсетілген редакция
06.11.2024 163174_728430.kaz
Соңғы өзгеріс
06.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100026381
ЭКБ идентификаторы
163174
Редакция идентификаторы
163174_728430
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:38

0

«Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген өңірлік деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі

2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 423 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2021 жылғы 19 мамырдағы
№ 173 бұйрығымен
бекітілген
Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі

1

1. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

2

2. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.

3 3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

1 1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;
Bn – газетте орналастырылатын бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V – газетте орналастырылатын, см2 - мен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;

2 2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;
Bm – журналда орналастырылатын бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;
V – см2 есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.

4 4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.

5 5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевизияда көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевизияда көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі
Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.

6 6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

Қолданыстағы