О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных Республики Казахстан от 19 июля 2021 года № 257 «Об утверждении Правил разработки целевых показателей качества окружающей среды, в том числе минимального перечня индикаторов, для которых устанавливаются целевые показатели качества окружающей среды» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін, оның ішінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 257 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін, оның ішінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу қағидаларында:
2-тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарға тапсырыс беруші (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумақтарын дамыту бағдарламасын іске асыру кезеңінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейтін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;»;
2-тармағының 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«10) қоршаған ортаның басым ластағыштары – жоғары уыттылықпен, жинақталу қабілетімен және тұрақтылығымен сипатталатын белгілі бір аймақтар үшін ең қауіпті ластағыш заттардың тізімі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Атмосфералық ауа, жерүсті және жерасты сулар, жер және топырақ сапасы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобасын әзірлеу кезінде ластағыш заттарды таңдау Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет пен Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мониторингтерінің нәтижелері бойынша шекті жол берілетін концентрациядан асатын ластағыш заттардың базалық антропогендік фоны (фондық концентрациясы) негізінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. «Атмосфералық ауа сапасы» индикаторы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2025 жылғы 6 қарашадағы № 69-НҚ бұйрығымен бекітілген «Ауа сапасы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына көшу жөніндегі нұсқаулық» Қазақстан Республикасының ҚР СТ 4024 ұлттық стандартының ережелері пайдаланылады.»;
8-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;
10 және 11-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың деңгейінде белгіленеді.
11. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары әрбір бес жылдық кезеңге арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді.»;
16-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі