О внесении изменений в приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 102 «Об утверждении положений о территориальных подразделениях Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 102 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 18, 19, 20-қосымшаларда: 15-тармақтың: 9) тармақшасы алып тасталсын; көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-қосымшаларда: 15-тармақтың: 11) тармақшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды белгіленген мерзімдерде қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.