О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 19 октября 2022 года № 226 «О реорганизации государственных учреждений «Управление по вопросам молодежной политики Западно-Казахстанской области» и «Управление внутренней политики Западно-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 226 «Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мен «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемелерін қайта құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 226 «Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мен «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемелерін қайта құру туралы» (облыс әкімдігінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 137 қаулысымен енгізілген өзгерістерді қоса) қаулысымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
Тармақ 3
3. «Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы «__» ____________ №___қаулысына 1-қосымша «Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) облыстың ішкі және жастар саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Жайық Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіның құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19 үй.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқармада заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) облыс тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күйін қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарын дамыту мен қолдау және аймақтың ақпараттық кеңістігінің бәсекелестік қабілетін арттыру жолымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) облыс аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
Тармақша 3
3) этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, Басқарманың құзыретіне жататын қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрау, Басқарманың құзырына кіретін мәселелерді пысықтау үшін мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру; ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізу, Басқарманың қарауына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру; мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғаларға Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету; тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға Басқарманың қызмет саласына қатысты тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;
Тармақша 2
2) міндеттері: өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру; облыста Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру; Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімі және әкімдігінің, Басқарманың құзырына қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету; ішкі саясат саласындағы өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; өңірдегі ішкі саяси процестерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету; азаматтық қоғам институттарымен, өңір жұртшылығы өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау; Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мен Сессиясының кезекті отырысына материалдар дайындауды ұйымдастыру және отырыста әзірленген ұсынымдарды жүзеге асыру, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің және облыс әкімдігі қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету; Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының негізгі қызметі бойынша құжаттардың орындалуын бақылауды және жоғары тұрған органдарға уақтылы әрі сапалы жолдануын жүзеге асыру; жариялануға жататын мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктің нормативтік құқықтық қаулылары мен облыс әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялауды жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;
Тармақша 2
2) ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру;
Тармақша 3
3) өңірдегі ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;
Тармақша 4
4) қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту және әлеуметтік шиеленіс ошақтарына жол бермеу, мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара іс-қимылының сапасын арттыру бойынша басқарушылық шешім қабылдау үшін практикалық ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 5
5) этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласындағы шараларды ұйымдастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 6
6) этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, даулы жағдайларға жол бермеу жөнінде ұсынымдарды әзірлеп, практикалық шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық топтардың өңірдегі қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) саяси партиялармен, үкіметтік емес, жастар, этномәдени және басқа да қоғамдық ұйымдармен, құқық қорғау, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, ғылыми және шығармашылық қауымдастықтармен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің (әкімдігінің) жанындағы кеңесші органдар мен жұмыс топтарын материалдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжамдау;
Тармақша 11
11) облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне жастарды тарту бойынша және жастардың азаматтық жауапкершілігі мен патриотизмін дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 12
12) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) Басқарманың құзыреттері шегінде гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;
Тармақша 14
14) әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
Тармақша 15
15) концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі актілерінің жобаларын дайындауға және оларға талдау жасауға қатысу;
Тармақша 16
16) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихатпен, облыс әкімінің аппаратымен Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 17
17) қайырымдылық, медиация және қоғамдық бақылау саласындағы жаңа жұмыс бағыттарын дамытуға қолдау көрсету;
Тармақша 18
18) мемлекеттік органдардың мемлекеттік рәміздерді кеңінен танымал ету жөніндегі жұмысын ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының осы саладағы заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізу;
Тармақша 19
19) коммерциялық емес ұйымдардың, Батыс Қазақстан облысы аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкілдіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;
Тармақша 21
21) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңында қарастырылған, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын жарнамаларға қатысты талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу;
Тармақша 22
22) мемлекеттік мерекелерге, атаулы оқиғаларға және тарихи күндерге арналған іс-шараларға орайластырылған әлеуметтік жарнаманың орналастырылуын және сыртқы безендірілуін қамтамасыз ету және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 23
23) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап-қорыту және жіктеу;
Тармақша 24
24) телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуына тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың құрылымдық бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді.
Тармақша 3
3) Басқарма қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
Тармақша 9
9) Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды.
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады; Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 80
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы «__» ____________ №___қаулысына 2-қосымша Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жойылатын қаулыларының тізімі
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 8 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 226 «Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мен «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемелерін қайта құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы;
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 295 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 226 «Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мен «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемелерін қайта құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы;
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 130 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 226 «Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мен «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемелерін қайта құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы.