О признании утратившим силу постановление акимата Павлодарской области от 19 октября 2022 года № 303/4 «Об утверждении перечня особо важных локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения Павлодарской области» Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы
«Павлодар облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» № 303/4
қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы «Павлодар облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» № 303/4 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30261 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны, оның ресми жарияланғанынан кейін Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.