О внесение изменений в постановление акимата Махамбетского района от 19 декабря 2022 года № 339 «О вопросах государственного учреждения «Махамбетский районный отдел экономики и финансов» Қолданыста
Басқа 0
«Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» Махамбет ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8)-тармақшасына сәйкес аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» Махамбет ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 339 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ербөлекке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
Махамбет аудандық әкімдігінің
2025 жылғы «3» желтоқсандағы
№ 374 қаулысына қосымша
«Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын және бюджетін жоспарлау, бюджетін атқару және коммуналдық меншігін басқару бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай- ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060700, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, 13-үй.
Тармақ 9
9. Осы Ереже Бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі басым бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жоспарлау және талдау;
Тармақша 2
2) тиісті әкімшілік - аумақтың бірлігінде бюджеттік жоспарлау;
Тармақша 3
3) тиісті әкімшілік – аумақтың бірлігінде бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 5
5) жоспарлау, бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік, бюджеттік, қаржылық есеп және аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы басшылық және салааралық үйлестіру;
Тармақша 6
6) заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары:
- бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мәлімдемелері мен шағымдарын Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бөлімнің құқтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыз беру;
- жеке және заңды тұлғалармен аудандық коммуналдық мүлікті сатып алу-сату, сенімгерлік басқаруға беру, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру, уақытша өтеусіз пайдалануға (орналастыруға) беру шарттарын жасау;
- заңнамаға сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу;
- аудандық коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы соттарында мемлекеттің мүддесін білдіру;
- аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару (концессиялар) шарттарына сәйкес сенімгерлік басқарушылардың (концессионерлер) өз міндеттерін орындауы мәселесі жөнінде тыңдаулар өткізу;
- аудандық коммуналдық мүліктің ұрлығы және оны пайдалануға байланысты өзге де құқық бұзушылықтардың анықталған деректері бойынша материалдарды тергеу органдарына жолдау;
- тиісті уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалған тәртіппен беру;
- құпиялық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кідіріссіз танысу;
- қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) Міндеттері:
- аудандық әкімдігіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
- аймақтың даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде аудандық және ауылдық бюджетті жоспарлау және атқару, сондай-ақ аудандық коммуналдық мүліктерін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу;
- аудандық коммуналдық мүліктердің мақсатты және тиімді пайдалануына, сақталуына, сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына, жекешелендіру бойынша сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылау жүргізу;
- Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақытылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталдарға қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында табыстың бөлінуіне бақылау жүргізу;
- өз құзыреті шегінде аймақтың даму бағдарламасын және ауданның өзге де салалық бағдарламаларын және бюджетін түзету және нақтылау бойынша ұсыныстар енгізу;
- бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы пайдалану бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
- мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де тұлғалардан заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратпен материалдарды сұрату, алу және беру;
- сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тарту;
- өз құзыреті шегінде ақпараттық – талдау материалдарын дайындау және оларды мемлекеттік органдарға ұсыну.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатынасу;
Тармақша 2
2) аумақтың даму бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
Тармақша 3
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерін мониторингілеу және талдау;
Тармақша 4
4) аумақтың даму бағдарламасының орындалысына мониторинг және талдау жүргізу;
Тармақша 5
5) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері және аумақтың даму бағдарламасының орындалу барысы туралы талдамалы ақпаратты дайындау;
Тармақша 6
6) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін функционалдық талдау;
Тармақша 7
7) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) тиісті жоспарлы кезеңге аудандық және ауылдық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық мәслихаттың шешімдері жобаларын әзірлеу және оларды аудандық әкімдігінің қарауына ұсыну;
Тармақша 9
9) аудандық әкімдігінің аудандық бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы, аудандық әкімдігінің тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеті туралы аудандық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыларының жобаларын әзірлеу;
Тармақша 10
10) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау және оларға қорытындылар дайындау;
Тармақша 11
11) әлеуметтік – экономикалық даму болжамын ескере отырып, аудандық бюджетке Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша түсімдерді болжау;
Тармақша 12
12) басым аудандық бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру;
Тармақша 13
13) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекет қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылық-экономикалық негіздемелеріне қорытынды беру және оларды бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) аудандық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу және түзету бойынша қорытындылар дайындау, сондай-ақ ұсыныстар енгізу, сараптамалар жүргізу және консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтерді жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) аудандық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағдарламалар жобаларында ұсынылған нәтижелік және тиімділік көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі функцияларына, өкілеттіктеріне, бағыттарына сәйкестігі мәніне қарау;
Тармақша 18
18) бюджеттік қаржыландыру көлемімен қамтамасыз етілу бөлігінде аумақтың даму және салалық бағдарламаларын келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) аудандық және ауылдық бюджетті нақтылау (түзету) және секвестрлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 20
20) бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылық және салааралық үлестіру;
Тармақша 21
21) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
Тармақша 22
22) бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 23
23) бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы ақпаратты дайындау;
Тармақша 24
24) бюджеттік ақшаны басқаруды жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) аудандық бюджеттің міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
Тармақша 26
26) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Тармақша 27
27) бюджеттік кредиттерді беру, олардың мониторингін және қайтарылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 28
28) жергілікті атқарушы органның борыштарын алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 29
29) бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау жүргізу үшін ақпараттар дайындау және ұсыну;
Тармақша 30
30) жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу туралы аудандық әкімдігінің қаулыларының жобаларына қорытындылар дайындау;
Тармақша 31
31) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
Тармақша 32
32) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді;
Тармақша 33
33) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды міндетті түрде жария тыңдаулар өткізе отырып жекешелендіруді ұйымдастырады;
Тармақша 34
34) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
Тармақша 35
35) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ олардың акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығаруды ұйымдастырады;
Тармақша 36
36) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 37
37) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беруді ұйымдастырады;
Тармақша 38
38) аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беруді ұйымдастырады;
Тармақша 39
39) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
Тармақша 40
40) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 41
41) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 42
42) өзіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 43
43) аудандық коммуналдық мүлікті, оның ішінде коммуналдық кәсіпорындардың және жергілікті атқарушы орган қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүргізу;
Тармақша 44
44) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және дебиторлық берешекті есептен шығаруға немесе беруге келісім беру;
Тармақша 45
45) тиісті саланың уәкілетті органына аудандық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруына келісім беру;
Тармақша 46
46) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 47
47) аудандық коммуналдық мүлік мәселелері бойынша мемлекет мүдделерін білдіру және мүліктік құқықтарын қорғау;
Тармақша 48
48) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру, сондай-ақ оны қалыптастыруға және жүргізуге арналған шығыстарды қаржыландыру;
Тармақша 49
49) аудандық коммуналдық мүліктің пайдалануына және сақталуына, сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына, жекешелендіру бойынша сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылау жүргізу;
Тармақша 50
50) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың аудандық коммуналдық меншікке берілетін мүлкі жөнінде сыйға тарту шартын жасау туралы шешімді қабылдауға қатынасу;
Тармақша 51
51) аудандық коммуналдық мүліктің нысаналы пайдалануын бақылаудың нәтижелерімен анықталған, аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, не мақсатқа сай пайдаланылмаған мүлікті алып қою бойынша ұсыныстар беру;
Тармақша 52
52) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген жағдайлар мен шарттарды ауданның коммуналдық меншігіне алынатын мүлік үшін өтемді төлеуді жүзеге асыру;
Тармақша 53
53) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық жүргізу туралы хабарламаны электрондық форматта тізілімнің веб-порталы – www.e-qazyna.kz Интернет желісіне орналастырып жариялау;
Тармақша 54
54) бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу;
Тармақша 55
55) есепті қаржы жылындағы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есепті жасау және аудандық әкімдігіне, бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсыну, есепті қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 56
56) ай сайын аудан бюджетінің атқарылуы туралы есепті жасау және аудандық әкімдігіне, бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға, ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға, тексеру комиссиясына ұсыну;
Тармақша 57
57) аудандық бюджет бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшанын түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау;
Тармақша 58
58) аудан бюджетінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау;
Тармақша 59
59) аудан бюджетінің атқарылуы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;
Тармақша 60
60) мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға рұқсат және өтінім беру;
Тармақша 61
61) аудандық бюджеттің атқарылуы, коммуналдық мүлікті басқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы басшылық және салааралық үйлестіру;
Тармақша 62
62) мемлекеттік жоспарлау жүйесі, мемлекеттік қаржы, мемлекеттік мүлікті басқару, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүргізу, бюджеттік есеп және есептілікті жүргізу саласындағы заңнамалардың қолдану тәжірибесін талдау және оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 63
63) салық салу үшін жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын жылжымайтын объектілерін бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 64
64) заңнамамен жүктелген өзге де функциялар.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 18
18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) өз орынбасары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
Тармақша 2
2) заңнамаға және аудан әкімімен бекітілген лауазымдар номенклатурасына сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындап, қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерге көтермелеу шараларын немесе тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында іс-қимыл жасайды және сыбайлас жемқорлық бойынша алынған шараларға тікелей жауапкершілікте болады;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға, бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 6
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімнің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 20
20. Бөлім аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бөлім басшысы басқарады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімге бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.