О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 19 декабря 2022 года № 4154 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел экономики и бюджетного планирования города Усть-Каменогорска» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 4154 «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 4154 «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
Тармақ 11
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 11
«11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Бөлімге заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.».
Тармақ 2
2. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Өскемен қаласы әкімінің ресми интернет ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамсында көзделген осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.