О внесении изменения в постановление акимата Костанайского района от 19 июля 2022 года № 533 «Об утверждении положений аппаратов акимов сельских округов и города Тобыл Костанайского района» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 шілдедегі «Қостанай ауданы ауылдық округ және Тобыл қаласы әкімдері аппараттарының eрежелерін бекіту туралы» № 533 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 шілдедегі «Қостанай ауданы ауылдық округ және Тобыл қаласы әкімдері аппараттарының eрежелерін бекіту туралы» № 533 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: «Қостанай ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ережесінің 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111106, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Айсары ауылы, Школьная көшесі, 11. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қостанай ауданының Айсары ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.».
Тармақ 2
2. Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қабылданған сәтінен бастап күшіне енеді.