О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 «О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде: 15-тармақта: 177-47) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 177-56) тармақшамен толықтырылсын: «177-56) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері конкурстық негізде жүзеге асыратын венчурлік қорларды қоса қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.