О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 19 апреля 2022 года № 85 «Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Северо-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 85 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 85 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы
«07» шілдедегі № 179 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы
«19» сәуірдегі № 85 қаулысына
қосымша
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Петропавл қаласы, 2026 жыл
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымы бар:
«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 3
3. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150011 Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына кәсіпкерлік субъектілерімен Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін басым салаларын дамыту;
Тармақша 2
2) қаржыландыру көздерінің құралдары мен қолжетімділігін кеңейту арқылы экономиканың басым секторларына отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өнімдерді өндіруге, менеджмент жүйесін енгізуге және технологиялық қайта жарақтандыруға жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) тиімді өңірлік инновациялық жүйені қалыптастыруға және инновациялық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) отандық кәсіпорындардың техникалық, технологиялық және басқару деңгейлерін жаңғыртуға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) өнеркәсіптің басым салаларын дамытудың әлеуметтік тиімділігін күшейтуге және инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 7
7) экономиканың басым секторларын дамыту процесінде жергілікті атқарушы орган мен бизнестің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайтуға жәрдемдесу;
Тармақша 9
9) мемлекеттік сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) туризм саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) инвестициялық саясатты жүргізуді (іске асыруды) қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер:
Құқықтары:
Тармақша 1
1) облыстың атқарушы органдарынан, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және өзге де материалдарды белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
Тармақша 2
2) сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен басқарма мүдделерін білдіру болып табылады.
Міндеттері:
Тармақша 1
1) басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 3
3) жұмысқа мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар мен мамандарды тарта отырып, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтарын, комиссиялар, штабтар құру;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;
Тармақша 5
5) мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы, оның ішінде «Ашық деректер», «Ашық бюджет», «Ашық НҚА», «Ашық диалог» порталдарын толықтыру және сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырсын.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, олар бойынша есептер дайындау;
Тармақша 2
2) республика аумағында және одан тыс жерлерде форумдарда, конференцияларда, слеттерде, фестивальдарда, көрмелерде, оның ішінде бизнес субъектілері үшін ақпараттық-консультациялық, таныстыру көрме іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру және олардың қатысуын ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) басқарма жетекшілік ететін облыстың экономикалық қызмет саласын дамыту концепциялары мен тәсілдерін әзірлеуге қатысу;
Тармақша 4
4) тиісті мемлекеттік органдарға өз құзыретіндегі мәселелер бойынша ережелерді, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 5
5) өнеркәсіпті, инвестицияларды, туризмді, сауданы және кәсіпкерлікті дамыту бөлігінде республикалық және жергілікті деңгейдегі стратегиялық, бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу, үйлестіру және іске асыру мониторингі;
Тармақша 6
6) Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының салалық тарауын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 7
7) Солтүстік Қазақстан облысын дамыту бағдарламасының салалық тарауын әзірлеуге және іске асыруға қатысу, олар бойынша есептер дайындау;
Тармақша 8
8) орталық мемлекеттік органдармен, даму институттарымен, облыстық және аумақтық ұйымдармен, аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктерімен өңірдегі индустриялық-инновациялық даму, инвестициялық және туристік әлеует, сауда және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 9
9) индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізілген өңірдің өнеркәсіптік-инновациялық жобаларының мониторингі;
Тармақша 10
10) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің әдістемелік, консультациялық, практикалық жұмысына көмек көрсету;
Тармақша 12
12) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 13
13) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы ақпарат беру;
Тармақша 14
14) облыс аумағында индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың іске асырылуын үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) өз құзыреті шегінде «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 16
16) «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының әлеуетті қатысушыларын «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының қызметіне қатысу үшін тарту;
Тармақша 17
17) «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағына қатысушылардың қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындауы бойынша мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторинг деректерін талдау;
Тармақша 18
18) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шарт жасасу;
Тармақша 19
19) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шарт жасасу;
Тармақша 20
20) жергілікті тауар өндірушілер өнімдерінің экспортын дамытуға және жылжытуға жәрдемдесу;
Тармақша 21
21) Солтүстік Қазақстан облысының экспорт жөніндегі өңірлік кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 22
22) импорт алмастыру аясында өндірісті ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 23
23) индустриялық-инновациялық даму және өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 24
24) елшіліктермен, орталық мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен, даму институттарымен, облыстық және аумақтық ұйымдармен, аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктерімен өңірдегі инвестициялық әлеуетті дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 25
25) Солтүстік Қазақстан облысына инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымның инвестицияларын тарту бөлігінде қызметті үйлестіру;
Тармақша 26
26) Солтүстік Қазақстан облысының Инвестициялар тарту жөніндегі кеңесінің (инвестициялық штабының) қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 27
27) өңірге жеке инвестицияларды тарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 28
28) облыстың шетелдік және отандық қатысуы бар инвестициялық жобаларын қалыптастыру, жылжыту, мониторингілеу, сүйемелдеу;
Тармақша 29
29) Үйлестіру кеңесі аясында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық келісімшарттар аясында инвестициялық жобаны мәлімдеушіге мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беруді келісу;
Тармақша 30
30) өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін жылжыту, оның ішінде инвестицияларды тартудың үш деңгейлі жүйесі аясында Қазақстан Республикасының елшіліктеріне және шетелдегі мекемелеріне өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;
Тармақша 31
31) жалпыұлттық пул аясында инвестициялық жобаларды қалыптастыру және іске асыру мониторингі;
Тармақша 32
32) облыс басшылығына ақпарат дайындап өнеркәсіп салаларының дамуына мониторинг және талдау жүргізу;
Тармақша 33
33) тізілімді қалыптастыру және жүргізу мақсатында тоқсан сайын құзыретті органға ұсынылатын өндірушілердің және олар өндіретін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 34
34) өнеркәсіптің өңдеу салаларын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды ұйымдастыру;
Тармақша 35
35) облыстың өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қазақстандық қамту мониторингіне қатысуын қамтамасыз ету;
Тармақша 36
36) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалық құжаттарға сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 37
37) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды сақтау;
Тармақша 38
38) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығы үлесінің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру жөніндегі мәмілені тіркеу;
Тармақша 39
39) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына өтінімдерді қарау және рұқсат беру;
Тармақша 40
40) іздеушілікке, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған өтінімдерді қарау және лицензиялар беру;
Тармақша 41
41) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, іздеушілікке лицензия алу кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерін сақтауға байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысу;
Тармақша 42
42) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу;
Тармақша 43
43) жер қойнауын пайдалану объектілерін жою жөніндегі комиссияны құру және оның жұмысына қатысу;
Тармақша 44
44) жер қойнауын пайдаланушымен кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы қызметі аясында келісімшарт талаптары туралы келіссөздер жүргізу;
Тармақша 45
45) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттарды орындауды және әрекетін тоқтатуды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды қайтарып алуды қамтамасыз ету;
Тармақша 46
46) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттардың әрекетін қалпына келтіру туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 47
47) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілген лицензиялар және іздеушілікке берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 48
48) жер қойнауын пайдаланушылардың тарату қорын пайдалануға рұқсат беру;
Тармақша 49
49) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 50
50) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбалар бойынша барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, іздеушілікке арналған лицензиялардың талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 51
51) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу;
Тармақша 52
52) алдағы құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аздығы туралы қорытынды беру;
Тармақша 53
53) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру;
Тармақша 54
54) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, іздеушілік жөніндегі операциялардың жүргізілуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 55
55) өңірде кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша инфрақұрылымды және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 56
56) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру;
Тармақша 57
57) кәсіпкерлікті дамыту бөлігінде республикалық және жергілікті деңгейдегі стратегиялық, бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 58
58) экономиканың басым секторларын дамыту процесінде жергілікті атқарушы органдар мен бизнестің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 59
59) кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайтуға жәрдемдесу;
Тармақша 60
60) Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды қамтамасыз ету, есептер дайындау;
Тармақша 61
61) Солтүстік Қазақстан облысында инженерлік инфрақұрылымды тарту мәселелері жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 62
62) жетекшілік ететін бағыттар бойынша сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 63
63) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, қаржы институттарымен өзара іс-қимылын және ынтымақтастығын қамтамасыз ету;
Тармақша 64
64) сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастыру және жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу;
Тармақша 65
65) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізу;
Тармақша 66
66) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының мониторингі, жанар-жағармай материалдары бағасының мониторингі;
Тармақша 67
67) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 68
68) әлеуметтік маңызы баразық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
Тармақша 69
69) бейбіт уақытта және жұмылдыру кезеңінде төтенше жағдай кезінде облыстық сауда және тамақтандыру, жанар-жағар май материалдары қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 70
70) облыс аумағында туристік қызмет саласындағы үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 71
71) Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының іс-шараларын іске асыру және мониторингілеу;
Тармақша 72
72) туризмді дамытудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 73
73) туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;
Тармақша 74
74) туроператорлық қызметті лицензиялау;
Тармақша 75
75) гид (гид-аудармашы) кәсіби даярлығын ұйымдастыру;
Тармақша 76
76) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
Тармақша 77
77) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімдерін жүргізу;
Тармақша 78
78) туристік қызметтер нарығына талдау жүргізу және облыс аумағында туризмді дамыту туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсыну;
Тармақша 79
79) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
Тармақша 80
80) туристер бірлестіктерінің қызметіне және өзіндік туризмді дамытуға жәрдем көрсету;
Тармақша 81
81) туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын адамдар туралы ақпарат беру;
Тармақша 82
82) өз өкілеттіктері шегінде облыста өнеркәсіпті, инвестицияларды, кәсіпкерлік пен туризмді дамытуға арналған қаржы қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 83
83) басқарманың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыруды және тұрақты жаңартуды қамтамасыз ету;
Тармақша 84
84) басқарма құзыретіне жататын облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
Тармақша 85
85) инфрақұрылымдық жобалардағы елішілік құндылық үлесін талдау;
Тармақша 86
86) жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу мәселелерін қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 87
87) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру операцияларын жүргізу салдарын жою және кен іздеушілік жөніндегі өз міндеттемелерін қамтамасыз етуін ұсынуды бақылау;
Тармақша 88
88) «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 89
89) «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына қатысты акция ұстаушының құқықтарын жүзеге асыру;
Тармақша 90
90) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін және оларды өндірушілерді қалыптастыру.
Тарау 3. 3-тарау. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3-тарау. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында басшылықты Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 2
2) Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы қызметкерлерін көтермелеу мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасын ұсынады;
Тармақша 6
6) Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 7
7) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына, сондай-ақ қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапты болады;
Тармақша 9
9) қызметкерлерге сотта және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдарда Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мүддесін ұсынуға уәкілеттік береді.
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
Тармақ 21
21. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының алқалы органдары жоқ.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуына құқығы бар.
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер, заңнамада өзгеше белгіленбесе, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы.