О внесении дополнений в постановление акимата Узункольского района от 19 мая 2022 года № 92 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта Узункольского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 92 «Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 92 қаулысына толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының 15 - тармағы келесі мазмұндағы 13), 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын: «13) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады; 14) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді; 15) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді; 16) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді».
Тармақ 2
2. «Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру қамтамасыз етілсін;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Әкімдіктің мүшелері: ________________ Н. Абилкаиров ________________ Т. Булатов ________________ М. Сокитбаев ________________ К. Уразбаев ________________ А. Лагушина «Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заң бөлімінің басшысы ___________________ Б. Октябр «Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы ____________________ Е. Савкина Келісілді «Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы ______________________ С. Мусин