Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 апреля 2023 года 267 «Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, осуществляющих деятельность в сфере железнодорожного транспорта»

Бұйрық · № 181 · қабылданған 21.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2023-267/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 апреля 2023 года 267 «Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, осуществляющих деятельность в сфере железнодорожного транспорта» Қолданыста Бұйрық ·№ 181 ·21.05.2024
21.05.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 апреля 2023 года 267 «Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, осуществляющих деятельность в сфере железнодорожного транспорта»

Қолданыста Бұйрық ·№ 181 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 апреля 2023 года 267 «Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, осуществляющих деятельность в сфере железнодорожного транспорта»
Атауы (қаз.)
«Теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
181
Қабылданған күні
21.05.2024
Көрсетілген редакция
21.05.2024 197075_702335.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034407
ЭКБ идентификаторы
197075
Редакция идентификаторы
197075_702335
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:28

0

«Теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32343 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Паспорт «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) сәйкес әзірленеді.»;
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«68. ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету қол жетімділігі шектеулі күзетілетін аймақтарды, бақыланатын аймақтарды белгілеу және қорғау, өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету, ТТО объектісінің күзетілетін аймағында орналасқан жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды күзету, сондай-ақ бақыланатын аймақтарға өтетін қызметкерлерді, келушілерді, жолаушыларды, қол жүгін, багажды бақылау және тексеру жөніндегі іс-шараларды қамтиды. объектінің аймақтары нақтыланады.
ТТО теміржол инфрақұрылымы объектілеріне мыналар жатады:
1) Компанияның әкімшілік ғимараты;
2) «сыныптан тыс» теміржол вокзалдары;
3) «1» сыныпты теміржол вокзалдары;
4) «2» сыныпты теміржол вокзалдары;
5) «3» сыныпты теміржол вокзалдары.
Вокзалдардың сыныптылығы «Теміржол вокзалдарының сыныбын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 31 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10300 болып тіркелген) айқындалады.»;
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«72. «2» және «3» сыныпты теміржол вокзалдары құлақтандыру жүйесімен, резервтік электрмен жабдықтау құралымен, телевизиялық күзет жүйесімен, байланыс құралымен, кіруді бақылау және басқару жүйесімен жарақтандырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы