О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 19 сентября 2024 года № 128/қе «Об утверждении Правил обеспечения операторами связи и (или) владельцами сетей связи, осуществляющими деятельность на территории Республики Казахстан, за счет собственных или привлеченных средств функций своего телекоммуникационного оборудования для технического проведения оперативно-розыскных, контрразведывательных мероприятий и Требований к сетям и средствам связ Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидаларын және Байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 128/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидаларын және Байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 128/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 35121 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидаларында: 31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «31. Белгiленген талаптарды орындау үшiн жабдықтың иеленушілері Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының уәкілетті бөлімшесімен ақпаратты жинақтау, сақтау және оған қол жеткiзу туралы екiжақты Келiсiм (бұдан әрi – Келісім) жасасады. Келісімде мыналар көрсетіледі: 1) ақпаратты жинақтау мен сақтауды қамтамасыз ету шарттары, оның ішінде жинақтау және сақтау жабдықтарын енгізу кезеңділігі; 2) сақталатын ақпаратқа қол жеткізу және жинақтау, сақтау жабдығын орналастыру шарттары; 3) мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану шарттары; 4) жабдық иесінде орналасқан жабдыққа киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңсыз қол жеткізуді шектеу және физикалық қорғау шарттары; 5) ақпаратты жинақтау және сақтау үшін тартылған барлық учаскелердің ақпараттық трактілерін ұйымдастыру шарттары; 6) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшелерінің жабдықтарын жинау және сақтау жабдықтарына қосу нүктелері; 7) телекоммуникация желісі, қолданылатын интерфейстер, пайдаланылатын телекоммуникациялық жабдық, хабарлама форматтары, жинақтау мен сақтау жабдықтары, сақталатын ақпаратқа қол жеткізу және қосылу нүктелерінің жабдығы туралы техникалық мәліметтер беру шарттары; 8) телекоммуникация желілерінің дамуы, телекоммуникациялық жабдықтардың енгізілуі, жаңа технологиялар мен байланыс қызметтерінің енгізілуі, жаңа интерфейстер мен хабарлама форматтарының енгізілуі туралы ақпараттандыру шарттары; 9) ағымдағы мәселелерді шешу, ақауларды жою және штаттан тыс жағдайлардан шығу үшін өзара әрекеттесу регламенті.»; 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «39. Жабдықтың иелері Келісімге сәйкес телекоммуникация желілері арқылы берілетін ақпаратты жинақтау, сақтау жабдықтарының физикалық қорғалуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының талаптарына сәйкес киберқауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.»; көрсетілген қағидаларда 7-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. КЕЛІСІЛГЕН Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі КЕЛІСІЛГЕН Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі КЕЛІСІЛГЕН Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі
Басқа 0. Қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар ақпаратты жинақтау және сақтау жабдығын ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ АКТІСІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 17 шілдедегі № 65 қе бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының аумағында өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету қағидаларына 7-қосымша Нысан № _ дана БЕКІТЕМІН ________________________________ (лауазымы, жабдық иеленушісі ___________________________________ басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), ___________________________________ ұйымның мөрі (болған кезде) 20___ жылғы «____» ____________ БЕКІТЕМІН ____________________________________ (лауазымы, ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті ________________________________________ бөлімшесі басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) 20___ жылғы «____» _______________ Қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар ақпаратты жинақтау және сақтау жабдығын ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ АКТІСІ Осы актімен оператор немесе желі иесінің байланыс желілерінде қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу функциялары бар ақпаратты жинақтау және сақтау жабдығы(бұдан әрі - жабдық) пайдалануға беріледі. Пайдалануға берілетін жабдықтардың тізбесі: № р/с Жабдықтың атауы Сериялық нөмірі Орнату орны (елді мекен, көше, ғимарат нөмірі, қабат, үй-жай нөмірі, қатар, орын) Жабдық желілерде ҚБІ жүргізу үшін техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді________________________________________________________________________. (ұялы телефон байланысының, тіркелген телефон байланысының, мобильді байланыстың интернеті, тіркелген байланыстың интернеті) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) өкілі телекоммуникациялық шкаф(тар) пен жабдықтарға киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан тексеру жүргізді. Осы актіге қол қойылған күннен бастап телекоммуникациялық шкаф(тар) ___________________________________________________________________ (шкафтың нөмірі немесе оның шартты белгісі) ҚР ҰҚК өкілдерінің мөрлерімен мөрленеді. Байланыс операторының ҚБІ жабдықтарына жауаптылар ____________________________________________, (қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) 20___ жылғы «____» _________ Ұлттық қауіпсіздік органдары уәкілетті бөлімшесінің жауапты қызметкері _____________________________ (қызметкердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) 20___ жылғы «____» _________