О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 19 марта 2024 года № 14/123-VIII «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Шымкент» Қолданыста
Басқа 0
«Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiне өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 202-17 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
13-тармақта:
6) тармақша алып тасталсын;
7) тармақшаның екінші абзацы, 8) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік көмек өтініш берушіге өтініш берген айдан бастап ай сайын көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.