О внесении изменений в решение Бескарагайского районного маслихата от 19 марта 2024 года № 14/5-VIII «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Бескарагайском районе» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/5-VІІІ «Бесқарағай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Бесқарағай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/5-VІІІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 242-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «Бесқарағай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Бесқарағай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген шешіммен бекітілген Бесқарағай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы шешімнің орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Бесқарағай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 27 наурыздағы № 38/6-VIII шешіміне қосымша Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/5-VIII шешіміне 1- қосымша Бесқарағай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
Тармақша 3
3) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде ескерілетін кіріс түрлерінің сомасы;
Тармақша 4
4) шекті жол берілетін шығыстар – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;
Тармақша 5
5) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
Тарау 2. 2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Бесқарағай ауданында тұратын, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): ағымдағы және жинақтаушы жарналарды; коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қабылдайды. Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Абай облысы Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Көрсетілетін қызметті алушылардың жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі- Қағидалар) айқындалған тәртіппен есептейді.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға арналған шығыстарды төлеу сомасы арасындағы айырма ретінде және көрсетілетін қызметті алушыларға осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 10 (он) пайыз мөлшерінде айқындалады.
Тармақ 6
6. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қағидаларға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінеді. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1 тармағына сәйкес қызмет есептейді.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.