О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 19 июня 2024 года № 173 «Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки» Қолданыста
Басқа 0
«Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын
ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар
нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 19 маусымдағы № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 173 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын
ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне
арналған субсидиялар нормативі
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2025 жылғы
«01» желтоқсандағы
№ 315 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2024 жылғы
«19» маусымдағы
№ 173 қаулысына
қосымша
Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын
ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне
арналған субсидиялар нормативі
Ауылшаруашылық өнімнің атауы
Тереңдете өңделген өнімдердің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, теңге/ килограмм
Шикі сүт
Сары май
69,0
Шикі сүт
Қатты ірімшік
43,0
Шикі сүт
Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)
32,0
Бидай
Құрғақ бидай желімтегі (бидай глютені)
15,01