О признании утратившим силу решение Алакольского районного маслихата от 19 марта 2024 года № 26-1 «О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога в Алакольском районе» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Алакөл ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Алакөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 26-1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алакөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 26-1 «Алакөл ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №194696 болып тіркелген, 2024 жылдың 26 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтің құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.