О внесении изменения в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 19 июня 2024 года № 261-НҚ «Об утверждении формы постановления о применении мер оперативного реагирования» Қолданыста
Басқа 0
«Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 261-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 261-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 34532 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнен кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 2 сәуірдегі
№ 156-НҚ
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
2024 жылғы 19 маусымдағы
№ 261-НҚ бұйрығына
қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес Мемлекеттік Елтаңбаның бейнеленуі)
________________________________________________
(техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган атауы)
_______________________________________________________________
(техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының атауы)
________________________________________________________________________________
(техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің атауы)
__________________________________________________________________
QR-код
_____________________________________________________________________
бірегей идентификациялық нөмір (QR – код және бірегей идентификациялық нөмір қаулыны техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде қалыптастыру барысында көрсетіледі)
№ _____ 20___ жыл
______________________________ «___»_________
(жасалған орны)
Уақыты: ____________
__________________ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Бас аумақтық мемлекеттік инспекторы
____________________________________________________________________,
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
_____________________________________________________________________
бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты ұсынылған материалдарды қарап,
_____________________________________________________________________
заңды тұлға үшін бақылау және қадағалау субъектісі туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы және бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) № және берілген күні, ұйымның заңды мекенжайы және орналасқан жерінің мекенжайы, банктік деректемелерін заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны)
_____________________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы, айы, күні, тұрғылықты жері, тұлғаны куәландыратын куәлігінің аты және реквизиттері, мекенжайы бойынша тіркелу туралы ақпарат), сондай-ақ жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны ресімдеу кезінде қатысқан бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің лауазымы
______________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
жеке тұлға үшін бақылау және қадағалау субъектісі туралы мәліметтер (жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (анықтаманың) № және берілген күні, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы, айы, күні, тұлғаны куәландыратын куәлігінің аты және реквизиттері, мекенжайы бойынша тіркелу (қайта тіркеу) туралы ақпарат және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орналасқан жерінің мекенжайы, банктік деректемелері).
_____________________________________________________________________
(істі қарау бойынша іс жүргізу тілі)
Тексеру кезінде
_____________________________________________________________________
(тексеруді/профилактикалық бақылауды жүргізудің құқықтық негіздері, тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актінің/хабарламаның № және күні)
өнім _____________________________________________________________________
(өнімнің атауы, саны (бірлік (данада), салмағы (килограммда), көлемі (литрде) және басқада), бағасы, партия №, шығарылған күні)
_____________________________________________________________________
______________________________талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды.
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының _____ бабына сәйкес
№ р/н
Техникалық реттеу саласындағы тексеру парағы пунктінің нөмірі
Техникалық реттеу саласындағы тексеру парағының талаптарының атауы
Жедел ден қою шарасының түрі
___________________________________________
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Өнімді айналымға шығаруға тыйым салу (керегінің астын сызу)
__________________________________________________________________________ (өнімнің атауы, саны (бірлік (данада), салмағы (килограммда), көлемі (литрде) және басқада), бағасы, партия №, шығарылған күні) алып қойылсын/ айналымға шығаруға тыйым салынсын (керегінің астын сызу).
Тармақ 2
2. Орындау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы аумақтық Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының бөлімшесі __________________ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ішінде хабарлансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы күшіне енеді және жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы шығарылған күннен бастап орындалуға тиіс.
Тармақ 4
4. Осы қаулы бақылау және қадағалау субъектісінің орындауы үшін міндетті.
Тармақ 5
5. Өнімді алып қою/айналымға шығаруға тыйым салудың қолданылу мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күн қолданылады.
Тармақ 6
6. Осы қаулыда көрсетілген өнімді сатудан шығару үшін бақылау және қадағалау субъектісіне 5 (бес) жұмыс күні беріледі. Бақылау және қадағалау субъектісі қабылданған шаралар туралы хабарламаны Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне __________________ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жібереді.
Тармақ 7
7. Алынған өнім осы қаулы күшіне енген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтауға орналастырылады.
Тармақ 8
8. Осы қаулыны орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жауапкершілік көзделген.
Тармақ 9
9. Қаулыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
___________ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Бас аумақтық мемлекеттік инспекторы ___________ _____________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Таныстым және бір данасын алдым:
Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы немесе оның уәкілі 20___ жыл «____» __________
_______________________________________________________________
(бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің күні мен қолы)
Ескертпе: цифрлық жүйеде қалыптастырылған жағдайда, осы құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен тең болып табылады.
Электрондық құжат техникалық реттеудің цифрлық жүйесімен қалыптастырылды.