О внесении изменения и дополнения в решение Уалихановского районного маслихата от 19 марта 2024 года № 4-16 с «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Уалихановском районе Северо-Казахстанской области» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Уәлиханов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 4-16 с «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Уәлиханов аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 19 наурыздағы № 4-16 с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7721-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы»; көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы айқындалсын.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында: тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы»; 3-тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы»; 3-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын: «3-1 Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді: 1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды; 2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары; 3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары: бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су; бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су; 4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды; 5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды; 6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды; 7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды; 8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар; 9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды; 10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының әлеуметтік саланы дамыту, заңдылықты сақтау және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
Тармақ 3
3. «Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Уәлиханов аудандық мәслихат аппаратының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.