О внесении изменения в совместный приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 19 декабря 2024 года № 468, Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан 23 декабря 2024 года № 830/НҚ и Заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан от 19 декабря 2024 года № 210 «О реализации пилотного проекта по апробированию механизма назначения государственной адресной социальной помощи при получении согласия лиц, Қолданыста
Басқа 0
«Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың Ашық бағдарламалық интерфейстер (Open API) бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесі арқылы банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін алған кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 468, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 830/НҚ және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 210 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамдардың Ашық бағдарламалық интерфейстер (Open API) бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесі арқылы банктік шоттар, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректерді беруге келісімін алған кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №468, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 830/НҚ және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 210 бірлескен бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Пилоттық жобаның қолданылу кезеңі 2026 жылғы 1 қарашаға дейін айқындалсын.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті осы бірлескен бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қолы қойғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК жолдасын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрлеріне, Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.