О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Кентау от 19 июня 2025 года № 255 «Об утверждении Регламента аппарата акима города Кентау» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кентау қаласы әкiмдігінiң 2025 жылғы 19 маусымдағы № 255 «Кентау қаласы әкімі аппаратының Регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кентау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 19 маусымдағы № 255 «Кентау қаласы әкімі аппаратының Регламентін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасына сәйкес бекітілген Кентау қаласы әкімі аппаратының Регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтыру енгізіліп, жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Кентау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 20 шілдедегі № 575 қаулысына қосымша Кентау қаласы әкімі аппаратының регламенті
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кентау қаласы әкімі аппаратының регламенті (бұдан әрі – Регламент) жүктелген міндеттер мен функцияларды атқару процесінде Кентау қаласы әкімі аппараты (бұдан әрі – Аппарат) мен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары, сондай-ақ ауыл әкімі аппараттары мен құрылымдық бөлімшелердің өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау процесіне қатысты бөлігіндегі қызметінің ішкі тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Аппарат және оның құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – бөлімдер) Кентау қаласы әкімдігі мен әкімінің (бұдан әрі – қала әкімі) қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сондай-ақ қала әкімдігімен қабылданған әкімшілік актілерінің орындалу барысын бақылайды.
Тармақ 3
3. Аппараттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
Тармақ 4
4. Қала әкімінің орынбасарлары (бұдан әрі-қала әкімінің орынбасарлары), қала әкімі аппаратының басшысы функцияларды қала әкімінің шешімімен белгіленген міндеттердің бөлінуіне сәйкес орындайды. Қала әкімі болмаған немесе өз міндеттерін орындай алмайтын жағдайда оның өкілеттігін облыс әкімінің өкіміне сәйкес орынбасары жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Регламент:
Тармақша 1
1) Аппарат қызметінің;
Тармақша 2
2) қала басшылығының жұмыс кеңестерін дайындау және өткізу;
Тармақша 3
3) қала басшылығының қатысуымен өтетін іс-шараларды дайындау және өткізу;
Тармақша 4
4) қала әкімі мен әкімдігінің актілері жобаларын дайындау және ресімдеу;
Тармақша 5
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, қала әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының және Аппарат басшысының заңнамалық актілерінің, актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 6
6. Регламенттің мақсаттары:
Тармақша 1
1) Аппараттың тиімді және ұдайы қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әкімдіктің қаулылары, қала әкімінің шешімдері мен өкімдері, қала әкімінің хаттамалық тапсырмалары, сондай-ақ қала әкімі аппараты басшысының бұйрықтары мен тапсырмалары жобаларын сапалы дайындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) барлық жергілікті атқарушы органдар мен қаланың лауазымды тұлғаларының келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, қала әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау барысындағы жергілікті атқарушы органдардың өзара жауаптылығын белгілеу болып табылады.
Тарау 2. 2. Жұмысты жоспарлау
2. Жұмысты жоспарлау
Тармақ 7
7. Аппарат өз қызметін бекітілген комиссия жоспарлары, қаланың даму жоспарлары, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары, қаланың жергілікті атқарушы органдарының жұмыс алгоритмдері, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде жоспарлайды.
Тармақ 8
8. Аппараттың жұмыс жоспарларынан немесе өзге де құжаттан іс-шараны алып тастау немесе оларды орындау мерзімдерін ауыстыру туралы шешімді бөлім басшысы ұсынған қызметтік жазба негізінде Аппарат басшысы (немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға) қабылдайды.
Тармақ 9
9. Қала әкімінің апта сайынғы жұмыс кестесін ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет кеөрсету мониторингі бөлімі (бұдан әрі – Ұйымдастыру бөлімі) құрады. Қала әкімінің кестесіне өзгерістер енгізуді Аппарат басшысының келісімімен қала әкімі орынбасарларының ұсыныстары негізінде Ұйымдастыру бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Аппараттың залдарында іс-шараларды өткізу кестесін апта сайын қала әкімі орынбасарларының, Аппарат басшысының және мүдделі бөлімдердің бір айға арналған өтінімдері негізінде Ұйымдастыру бөлімі қалыптастырады.
Тарау 3. 3. Қала басшылығының қатысуымен өтетін ресми іс-шараларды дайындау және өткізу тәртібі
3. Қала басшылығының қатысуымен өтетін ресми іс-шараларды дайындау және өткізу тәртібі
Тармақ 11
11. Бөлімдер, құрылымдық бөлімшелер, ауыл әкімі аппараттары, баспасөз хатшысы (бұдан әрі-Баспасөз хатшысы), қала әкімінің көмекшілері мен кеңесшілері қала басшылығының қатысуымен өтетін ресми іс-шараларға сөйленетін сөздер, мақалалар, сұхбаттар жобаларын, сондай-ақ өзге де материалдарды (бұдан әрі – сөйленетін сөздер жобалары) дайындау кезінде осы Регламент талаптарын сақтаулары тиіс.
Тармақ 12
12. Ұйымдастыру бөлімі 5 (бес) жұмыс күні бұрын бөлімдер мен мүдделі құрылымдық бөлімшелер, ауыл әкімі аппараттарын алда болатын іс-шара туралы (жедел шараларды қоспағанда) хабардар етеді.
Тармақ 13
13. Іс-шараға тартылған құрылымдық бөлімшелер, ауыл әкімі аппараттарын 3 (үш) жұмыс күні бұрын жетекшілік ететін бөлімге келесідей құжаттарды жолдайды:
Тармақша 1
1) ақпараттық-анықтамалық материалдар осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес;
Тармақша 2
2) қысқаша бағдарлама және жүргізу тәртібі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес;
Тармақша 3
3) өткізу орны, күні, нысаны туралы ақпарат осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес;
Тармақша 4
4) іс-шараға қатысушыларды отырғызу сызбасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес;
Тармақша 6
6) мемлекеттік тілінде сөйленетін сөздер жобалары осы регламенттің 5-қосымшасына сәйкес.
Тармақ 14
14. Материалдар бөлім басшысының не оны алмастыратын тұлғаның не ауыл әкімдерінің қолы қойылған түрде электрондық құжат айналымының ішкі желісі немесе қызметтік хат-хабар желісі арқылы Ұйымдастыру бөліміне жолданады.
Тармақ 15
15. Қала әкімінің сөйлейтін сөздерін дайындауды іс-шараға тартылған құрылымдық бөлімшелер, ауыл әкімі аппараттарының қатысуымен іс-шараны ұйымдастыруға жауапты бөлімдер жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Қала әкімінің сөйлейтін сөздері мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
Тармақша 1
1) нақты қисынды мазмұндалған;
Тармақша 2
2) тексерілген ақпарат, ресми расталған статистикалық және нақты мәліметтер мазмұндалған;
Тармақша 3
3) бұрын жарияланған баяндамалардың фрагменттерін қайталауға жол берілмеуге тиіс;
Тармақша 4
4) іс-шара нысанына барынша сәйкес келуі тиіс;
Тармақша 5
5) қазақ және орыс тілдерінің іскери, әдеби нормаларына, сондай-ақ ауызекі сөйлеу стилистикасына сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 17
17. Ұсынылған материалдардағы статистикалық, нақты мәліметтердің дұрыстығына және сапасына оларға қол қойған тұлғалар жауап береді, тиісті бөлім мәліметтердің дұрыстығын және қайта тексеруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 18
18. Материалдар келісу үшін Аппарат басшысына іс-шара өтетін күннен 2 (екі) жұмыс күні бұрын ұсынылады. Жедел өткізу белгіленген іс-шаралар кезінде қала әкімінің немесе оны ресми алмастыратын тұлғаның сөйлейтін сөздерінің жобаларын дайындау барысында Аппарат басшылығымен өзге де мерзімдер айқындалуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Аппарат басшысымен келісілгеннен кейін жетекшілік ететін бөлімдердің басшылары материалдарды жоспарланған іс-шарадан 1 (бір) жұмыс күні бұрын қала әкімінің көмекшісіне береді.
Тармақ 20
20. Қала әкімінің аса ірі, қоғамдық маңызды сөйлейтін сөздерінің жобаларын дайындау кезінде іс-шараға тартылған бөлімдер және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен, тиісті іс-шараны дайындауға жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарының жалпы басшылық етуімен уақытша жұмыс топтары құрылуы мүмкін.
Тармақ 21
21. Бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі-БАҚ) өкілдерінің іс-шараға қатысуы іс-шара өтетін күннен 2 (екі) жұмыс күні бұрын Баспасөз хатшысымен, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысының және жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарымен келісіледі.
Тарау 4. 4. Қала әкімінің жұмыс сапарларын дайындау тәртібі
4. Қала әкімінің жұмыс сапарларын дайындау тәртібі
Тармақ 22
22. Қала әкімінің жұмыс сапарларын ұйымдастыру және дайындауды Ұйымдастыру бөлімі бөлімдер, құрылымдық бөлімшелер, ауыл әкімі аппараттарымен бірге осы регламенттің 6-қосымшасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Құрылымдық бөлімшелер, ауыл әкімі аппараттары тоқсан сайын Ұйымдастыру бөліміне қала әкімінің ағымдағы жылға арналған жұмыс сапарлары туралы ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 24
24. Ұйымдастыру бөлімі әкімдіктер берген ұсыныстар негізінде келесі жылға арналған жұмыс сапарлары жоспарының жобасын жасақтайды және қала әкімінің орынбасарларымен, Аппарат басшысымен келіскеннен кейін оны қала әкімімен одан әрі келісу үшін 20 желтоқсанға дейін енгізеді. Келісілген жұмыс сапарларының жоспары қала әкімінің жұмыс кестесіне енгізіледі. Жұмыс сапарларының жоспары қала әкімінің нұсқауына сәйкес өзгеруі мүмкін.
Тармақ 25
25. Ұйымдастыру бөлімі 15 (он бес) жұмыс күні, ал шұғыл сапарларды 1 (бір) жұмыс күні бұрын мүдделі құрылымдық бөлімшелер, ауыл әкімі аппараттарын алдағы жұмыс сапары туралы хабардар етеді.
Тармақ 26
26. Ауыл әкімдері, қажет болған жағдайда өзге де мүдделі құрылымдық бөлімшелер сапардан 10 (он) жұмыс күні бұрын Ұйымдастыру бөліміне келесідей материалдарды ұсынады:
Тармақша 1
1) қала әкімінің жұмыс сапары бағдарламасының жобасы (бұдан әрі – Бағдарлама);
Тармақша 2
2) ақпараттық-анықтамалық материалдар (әлеуметтік-экономикалық жағдай және қоғамдық-саяси жағдай, сапардың тақырыбы бойынша материалдар, проблемалық мәселелер, нысандардың паспорттары және басқалары);
Тармақша 3
3) қала әкімінің орынбасарларымен келісілген әкім тапсырмаларының жобалары: стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі; нәтижелілігі мен тиімділігі; нақты орындау мерзімдері; экономикалық мақсаттылығы және ресурстармен қамтамасыз етілуі расталған құжаттармен қоса.
Тармақ 27
27. Ұсынылған материалдардың дұрыстығына оларға қол қойған тұлғалар жауап береді, тиісті бөлім мәліметтердің дұрыстығын және қайта тексеруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 28
28. Ұйымдастыру бөлімі үш жұмыс күні ішінде алынған материалдарды қайта тексеру және қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларымен келісу үшін тиісті бөлімдерге жолдайды.
Тармақ 29
29. Мүдделі бөлімдер қажет болған жағдайда Ұйымдастыру бөліміне баратын ауылдағы істің жай-күйі туралы қосымша ақпарат ұсынады.
Тармақ 30
30. Ұйымдастыру бөлімі жұмыс сапарынан 5 (бес) жұмыс күні бұрын материалдардың түпкілікті топтамасын жасақтайды және Аппарат басшысына келісуге енгізеді. Қала әкімінің не оны ресми алмастыратын тұлғаның жоспардан тыс жұмыс сапарын дайындау кезінде Аппарат басшылығы қажетті материалдарды дайындаудың өзге де мерзімдерін белгілеуі мүмкін.
Тармақ 31
31. Аппарат басшысымен келісілгеннен кейін Ұйымдастыру бөлімі материалдарды жұмыс сапарынан 1 (бір) жұмыс күні бұрын қала әкімінің көмекшісіне береді.
Тармақ 32
32. Баспасөз хатшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қала әкімінің жұмыс сапарының қорытындылары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық хабарлама дайындайды және оларды қала әкімдігінің ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімімен бірге қала әкімінің жұмыс сапары аяқталған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей өңірлік және электрондық БАҚ-тарда қала әкімінің жұмыс сапарын жарықтандыруды қамтамасыз етеді. Жұмыс сапары аяқталған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде іс-шараның негізгі аспектілерін толық көрсете отырып, Аппаратқа қала әкімінің жұмыс сапарының қорытындылары туралы есепті осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес дайындауды Ұйымдастыру бөлімі қамтамасыз етеді.
Тармақ 33
33. Ауыл әкімдері:
Тармақша 1
1) іс-шараны өткізу орындарын дайындауды (тиісті жаһаздардың, жарықтандыру, ілеспе аударма жабдықтарының, баннерлердің, флористиканың және басқа да қажетті заттардың болуын);
Тармақша 2
2) қажет болған жағдайда қала әкімінің және оған ілесіп жүретін тұлғалардың тұратын жерін дайындауды;
Тармақша 3
3) жергілікті БАҚ-та қала әкімінің жұмыс сапарын жарықтандыруды қамтамасыз етеді.
Тарау 5. 5. Қала әкімінің не оны алмастыратын тұлғаның төрағалығымен өтетін әкімдік отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі
5. Қала әкімінің не оны алмастыратын тұлғаның төрағалығымен өтетін әкімдік отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі
Тармақ 34
34. Әкімдік отырыстары бейнеконференцбайланыс арқылы, сондай-ақ айына кеміне бір рет күндізгі немесе аралас форматта өткізіледі және оларды аппарат басшысы шақырады. Кезектен тыс отырыстар әкімнің немесе әкімнің міндетін атқарушы тұлғаның бастамасы бойынша шақырылады.
Тармақ 35
35. Әкімдік отырыстарына қала әкімі, ол болмаған кезде әкімнің міндетін атқарушы тұлға төрағалық етеді.
Тармақ 36
36. Әкімдік отырысы, ашық болып табылады және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда, жекелеген мәселелер жабық отырыстарда қаралуы мүмкін.
Тармақ 37
37. Әкімдік отырыстары, егер оған әкімдік мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқанда заңды деп саналады. Әкімдік отырыстарында мәселелерді қарау нәтижелері бойынша қаулылар қабылданады. Қаулылар қатысушы әкімдік мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Тармақ 38
38. Әкімдік отырыстарына Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының, мәслихатының депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары және осындай құқық заңдармен, Президент пен Үкіметтің актілерімен берілген өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.
Тармақ 39
39. Отырыста қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдар отырысқа дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын Ұйымдастыру бөліміне енгізіледі және мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) көлемі 5 (бес) беттен аспайтын анықтамалар, ақпараттық мәліметтер және материалдар;
Тармақша 2
2) қаулылар мен хаттамалық шешімдердің жобалары;
Тармақша 3
3) салыстырмалы кестелер, презентациялар (көлемі 10 (он) мегабайттан аспайтын және қаріп өлшемі 18-дан кем емес, көрнекі ақпаратты көрсету форматына сәйкес келетін түрлі-түсті слайдтар 16:9);
Тармақша 4
4) ақпараттық (талдамалық) баяндамалар (ұзақтығы 7-10 минуттан аспайтын);
Тармақша 5
5) қатысушылар тізімі;
Тармақша 6
6) слайдтар (түрлі-түсті суретте);
Тармақша 7
7) әкімдіктің отырысында қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдар.
Тармақ 40
40. Әкімдік отырысына енгізілетін материалдар келесідей талаптарды сақтай отырып ұсынылуы тиіс:
Тармақша 1
1) мемлекеттік, қажет болған жағдайда орыс тілдерінде, электронды және қағаз жеткізгіштерде;
Тармақша 2
2) құжатты енгізуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не бірінші қол қою құқығы берілген оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған;
Тармақша 3
3) Қала әкімінің аталған мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарымен, жұмыс органының басшысымен келісілген. "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құпиялылық режимінің және отырыстарға жіберуді шектеудің талаптарын сақтай отырып енгізілетін таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе Мемлекеттік құпияларды қамтитын құжаттарды қоспағанда, отырысқа материалдар электрондық түрде енгізіледі. Шақырылғандардың отырысқа қатысуын Ұйымдастыру бөлімі қамтамасыз етеді. Шақырылған адам аппарат ұйымдастырған (ұйымдастырылған) отырысқа (кеңестерге) растауды және (немесе) қатысуды қамтамасыз етеді. Материалдарды мерзімінде ұсынбағаны және сапасы үшін жауаптылық қала әкімінің орынбасарларына, аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардың (тарату парағы сәйкес) бірінші басшыларына, бөлім басшыларына жүктеледі.
Тармақ 41
41. Ұйымдастыру бөлімі бөлімдермен ұсынылған құжаттар топтамасын жасақтайды және қала әкімдігі отырысынан 1 (бір) жұмыс күні бұрын Аппарат басшысына береді. Ұйымдастыру бөлімі тарату материалдарын әзірлейді: қала әкіміне – күн тәртібі, жүргізу тәртібі, шақырылғандардың тізімі, қаулы жобаларының тізбесі, анықтама, баяндама, слайдтар; қала әкімінің бірінші орынбасарына, қала әкімінің орынбасарларына, Аппарат басшысына – күн тәртібі, қаулы жобаларының тізбесі, баяндама және слайдтар; әкімдік мүшелеріне, қала әкімдеріне – күн тәртібі, қаулы жобаларының тізбесі.
Тармақ 42
42. Ұйымдастыру бөлімі мыналарды: әкімдік отырысына қатысушыларды отырғызуды; аудио немесе видео аппаратураларды қосуды.
Тармақ 43
43. Кезектен тыс (шұғыл) әкімдік отырысы өткізілген жағдайда Ұйымдастыру бөлімі әкімдік мүшелері мен шақырылушыларға күн тәртібін жіберуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 44
44. Әкімдік отырысында хаттама осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес жүргізіледі, онда қатысқан лауазымды тұлғалар, талқыланатын мәселелердің атауы және мәні, баяндамашылар, талқылау барысында сөз сөйлеушілер (қажет болған жағдайда – олардың сөйлеген сөздерінің, ескертулерінің негізгі мазмұны) және әкімдік мүшелерімен қабылданған қаулы көрсетіледі. Отырыстарға қаралатын мәселелерді талқылау электрондық ақпарат көздеріне жазылып алынады. Ұйымдастыру бөлімімен қол қойылған қаулыларды, қала әкімдігі отырысы хаттамасымен бірге құжаттандыру-әкімшілік бөліміне (бұдан әрі-Құжаттандыру бөлімі) әкімдік отырысы өткеннен кейін келесі күннен кешіктірмей береді. Хаттама әкімдік отырысы аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Ұйымдастыру бөлімімен рәсімделеді, оған қала әкімдігінің барлық мүшелері бұрыштама қояды және отырысқа төрағалық етуші қол қояды. Әкімдік отырысының хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ оған материалдар Құжат айналымы бөлімінде сақталады. Әкімдік отырысының хаттамалары, сондай-ақ оған материалдар уақытша сақтау мерзімдері біткеннен кейін Аппараттың архивіне тапсырылады.
Тармақ 45
45. Әкімдік отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалу барысын бақылау және мониторингілеуді Ұйымдастыру бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 46
46. Баспасөз хатшысы Кентау қалалық ішкі саясат бөлімімен бірге қала әкімдігі отырысы аяқталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей оның жұмысын өңірлік және электронды БАҚ-тарда жарықтандыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 47
47. Түркістан облысы әкімдігінің мәжілістеріне қала әкімінің қатысуын қамтамасыз ету және материалдар дайындау тәртібі:
Тармақша 1
1) Түркістан облысы әкімдігінің мәжілістеріне (бұдан әрі - Әкімдік мәжілістері) қала әкімінің қатысуын қамтамасыз ету және материалдар дайындауды қала әкімінің орынбасарлары, аумақтық (келісім бойынша) және қалалық атқарушы органдары, бөлімдер жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) бейнеконференция режиміндегі Әкімдік мәжілістеріне қала әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардың бірінші басшылары (Аппарат басшысымен бекітілген тізімге сәйкес) және басқа да мүдделі тұлғалар қатысады;
Тармақша 3
3) Әкімдік мәжілісінің күн тәртібін алғаннан кейін Ұйымдастыру бөлімі бір күн ішінде күн тәртібін атап көрсетілген мерзімде орындау үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жіберуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) материалдарды дайындауға жауапты аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы (тарату парағындағы тізбеге сәйкес) органдар әкімдік мәжілісіне дейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде бөлімдерге келесідей материалдарды ұсынуы тиіс: анықтама (үш беттен аспауы тиіс); шақырылғандардың тізімі; қажет болған жағдайда қала әкімінің немесе қала әкімінің міндетін атқарушы тұлғаның сөйлейтін баяндамасының (1,5 беттен аспайтын) жобасы (мемлекеттік және орыс тілдерінде). Аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы (тарату парағындағы тізбеге сәйкес) органдармен жасақталатын шақырылғандар тізімі қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен міндетті түрде келісіледі.
Тармақ 48
48. Бөлім басшылары Әкімдік мәжілісіне дейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларымен келісуі тиіс және келісілген материалдарды Ұйымдастыру бөліміне беруге міндетті.
Тармақ 49
49. Дайын материалдарды жасақтағаннан кейін, Ұйымдастыру бөлімі Әкімдік мәжілісіне дейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды Аппарат басшысына енгізеді, ол материалдарды қала әкіміне ұсынады. Дайын материалдарда келесідей талаптар сақталуы тиіс: мемлекеттік және орыс тілдерінде, электронды және қағаз жеткізгіштерде болуы тиіс; қаріп өлшемі 18-ден кем емес, Arial; материалдарды енгізуші органның бірінші басшысының не бірінші қол қою құқығы берілген оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған; қала әкімінің аталған мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарымен, Аппарат басшысымен, бөлімдер басшыларымен келісілген болуы тиіс.
Тармақ 50
50. Тиісті мемлекеттік органдар материалдарды мерзімінде ұсынбаған жағдайда бөлімдер тәртіптік ықпал ету шараларын алу үшін Аппарат басшысына жазбаша баяндайды. Материалдарды мерзімінде ұсынбағаны және сапасы үшін жауаптылық облыс әкімінің орынбасарларына, аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардың (тарату парағы сәйкес) бірінші басшыларына, бөлім басшыларына жүктеледі.
Тармақ 51
51. Қатысушыларды отырғызуды, аудио немесе видео аппаратураларды қосуды Ұйымдастыру бөлімі Аппарат басшысының жетекшілік ететін орынбасарымен келісе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 52
52. Үкімет мәжілісінің қорытындылары бойынша қала әкімі отырысқа қатысушылар талқылау үшін бірқатар мәселелерді шығарады. Кеңестерде Ұйымдастыру бөлімі хаттама жүргізеді, онда қала әкімінің тиісті тұлғаларға берген тапсырмалары көрсетіледі. Қала мәжілісінен кейін қаралатын мәселелерді талқылау Ұйымдастыру бөлімінде сақталатын электронды ақпарат көздеріне жазылып алынады. Түпкілікті хаттаманы Ұйымдастыру бөлімі Әкімдік мәжілісі аяқталған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ресімдейді, оған қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасары, Аппарат басшысы бұрыштама қояды, қала әкімі қол қояды. Хаттама істер номенклатурасына негізінде ресімделеді. Хаттамалар тарату парағына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға жіберіледі.
Тармақ 53
53. Әкімдік мәжілістерінің қорытындылары бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау және мониторингілеуді тиісті бөлімдер жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Қала әкімінің төрағалығымен өтетін аппараттық кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі
6. Қала әкімінің төрағалығымен өтетін аппараттық кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі
Тармақ 54
54. Қала әкімінің төрағалығымен өтетін аппараттық кеңестерге (бұдан әрі – Аппараттық кеңес) материалдар дайындауды және өткізуді қала әкімінің орынбасарлары, аумақтық (келісім бойынша) және облыстың атқарушы органдары, мүдделі бөлімдер жүзеге асырады.
Тармақ 55
55. Аппараттық кеңестер апта сайын өткізіледі.
Тармақ 56
56. Аппараттық кеңестерге қала әкімі, ол болмаған жағдайда қала әкімінің міндетін атқарушы төрағалық етеді.
Тармақ 57
57. Аппараттық кеңестерге қала әкімінің орынбасарлары, Аппарат басшысы, ауыл әкімдері, аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардың (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) бірінші басшылары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысады.
Тармақ 58
58. Аппарат басшысы аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардың ұсынған өзекті мәселелер тізбесі негізінде аппараттық кеңестің күн тәртібін облыс әкімімен (жұмыс тәртібінде) келіседі.
Тармақ 59
59. Қала әкімі аппараттық кеңестің күн тәртібін бекіткеннен кейін, Ұйымдастыру бөлімі аппараттық кеңес өткізілгенге дейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде күн тәртібін ілеспе хатпен Documentolog жүйесі (бұдан әрі – БҚА) арқылы атап көрсетілген мерзімде орындау үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жіберуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 60
60. Материалдарды дайындауға жауапты аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдар (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) аппараттық кеңес өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Ұйымдастыру бөліміне келесідей материалдарды ұсынады: қаралатын мәселе бойынша үш беттен аспайтын көлемде анықтама; баяндаманың жобасы; хаттаманың жобасына ұсыныстар; аппараттық кеңеске шақырылғандардың тізімі. Аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдармен (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) жасақталатын шақырылғандар тізімі қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен міндетті түрде келісіледі.
Тармақ 61
61. Бөлімдердің басшылары аппараттық кеңес өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен келіседі және келісілген материалдарды Ұйымдастыру бөліміне береді.
Тармақ 62
62. Ұйымдастыру бөлімі аппараттық кеңес өткізілгенге дейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қала әкіміне не оның міндетін атқарушы тұлғаға жүргізу тәртібін дайындайды, аппараттық кеңеске шақырылғандарды хабардар етеді.
Тармақ 63
63. Дайын материалдар жасақталғаннан кейін Ұйымдастыру бөлімі құжаттарды Аппарат басшысына береді, ол дайын материалдарды қала әкіміне ұсынады. Дайын материалдар келесідей талаптарға сәйкес келуі тиіс: мемлекеттік және орыс (қажеттілігіне қарай) тілдерінде, электронды және қағаз жеткізгіштерде әзірленген; материалды енгізуші органның бірінші басшысының не бірінші қол қою құқығы берілген оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған; қала әкімінің аталған мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарымен, Аппарат басшысымен, бөлім басшыларымен келісілген.
Тармақ 64
64. Тиісті мемлекеттік органдар материалдарды мерзімінде ұсынбаған жағдайда бөлімдер тәртіптік ықпал ету шараларын қабылдау үшін Аппарат басшысына жазбаша баяндайды. Материалдардың мерзімінде ұсынылмағаны және сапасы үшін жауаптылық қала әкімінің орынбасарларына, аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардың (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) бірінші басшыларына, бөлім басшыларына жүктеледі.
Тармақ 65
65. Қатысушыларды отырғызуды, аудио немесе видео аппаратураларды қосуды Ұйымдастыру бөлімі Аппарат басшысымен келісе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 66
66. Аппараттық кеңестерде хаттама жүргізіледі, онда қала әкімінің тиісті тұлғаларға тапсырмалары көрсетіледі. Аппараттық кеңестерде қаралатын мәселелерді талқылау ақпараттың электрондық жеткізгіштеріне жазылады. Хаттаманы Ұйымдастыру бөлімі Аппараттық кеңес аяқталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті бөлімдер ұсынған ұсыныстар негізінде ресімдейді, заң бөлімінің басшысы, қала әкімінің жетекшілік ететін мәселелер бойынша орынбасарлары, аппарат басшысы бұрыштама қояды және қала әкімі қол қояды. Аппараттық кеңестердің хаттамалары істер номенклатурасына сәйкес ресімделеді және тарату парағының көрсеткішіне/тізбесіне сәйкес мүдделі мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға жіберіледі.
Тармақ 67
67. Аппараттық кеңестерде берілген тапсырмалардың орындалу барысын бақылау және мониторингілеуді салалық бөлімдердің хаттамалық тапсырманың орындалуы туралы тиісті бағалары берілуімен Ұйымдастыру бөлімі жүзеге асырады.
Тарау 7. 7. Қала әкімінің төрағалығымен өтетін жедел кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі:
7. Қала әкімінің төрағалығымен өтетін жедел кеңестерді дайындау және өткізу тәртібі:
Тармақ 68
68. Қала әкімінің төрағалығымен өтетін жедел кеңестерге (бұдан әрі – жедел кеңес) материалдар дайындауды және өткізуді қала әкімінің орынбасарлары, аумақтық (келісім бойынша) және қалалық атқарушы органдары, бөлімдер жүзеге асырады. Жедел кеңестер қала әкімінің тапсырмасына сәйкес өзекті мәселелер бойынша жұмыс тәртібімен өткізіледі. Жедел кеңестер мәжіліс залында және облыс әкімінің кабинетінде өткізілуі мүмкін.
Тармақ 69
69. Жедел кеңестің күн тәртібін қала әкімі белгілейді, қала әкімінің орынбасарлары мен Аппарат басшысы да бастамашы бола алады. Жедел кеңестің күн тәртібін қала әкімі бекіткеннен кейін тиісті бөлімдер Аппарат басшысының қолы қойылған ілеспе хатпен күн тәртібін атап көрсетілген мерзімде орындау үшін тез арада мүдделі органдарға жіберуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 70
70. Материалдарды дайындауға жауапты аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдар (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) материалдарды хатта көрсетілген мерзімде Ұйымдастыру бөліміне келесідей материалдарды ұсынуы тиіс: анықтама (үш беттен аспауы тиіс); сөйлеушілердің баяндамасының жобасы; хаттамаға ұсыныстар; шақырылғандардың тізімі.
Тармақ 71
71. Аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдармен (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) жасақталатын шақырылғандар тізімі қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен міндетті түрде келісіледі.
Тармақ 72
72. Жетекшілік ететін мәселелеріне сәйкес аппарат бөлімдерінің басшылары аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардан (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) материалдарды алғаннан кейін тез арада анықтамада берілген ақпараттарға талдау жасайды, дұрыстығын тексереді (қажет болған жағдайда жергілікті жерге шығу арқылы). Қала әкіміне немесе оның міндетін атқаратын тұлғаға жүргізу тәртібін дайындауды, жедел кеңеске шақырылғандардың қатысуын қамтамасыз етуді тиісті бөлім басшылары жүзеге асырады.
Тармақ 73
73. Дайын материалдар жасақталғаннан кейін тиісті бөлім басшылары құжаттарды қала әкімінің көмекшісіне, ол дайын материалдарды Аппарат басшысымен келісілгеннен кейін қала әкіміне ұсынады.
Тармақ 74
74. Дайын материалдар келесідей талаптарға сәйкес келуі тиіс: мемлекеттік және орыс тілдерінде, электронды және қағаз жеткізгіштерде әзірленген; материалды енгізуші органның бірінші басшысының не бірінші қол қою құқығы берілген оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған; қала әкімінің аталған мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарымен, Аппарат басшысымен, бөлім басшыларымен келісілген.
Тармақ 75
75. Материалдардың мерзімінде ұсынылмағаны және сапасы үшін жауаптылық қала әкімінің орынбасарларына, аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардың (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) бірінші басшыларына, мәселелерге жетекшілік ететін бөлім басшыларына жүктеледі.
Тармақ 76
76. Қатысушыларды отырғызуды, аудио немесе видео аппаратураларды қосуды Ұйымдастыру бөлімі Аппарат басшысының орынбасарымен келісе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 77
77. Жедел кеңестерде хаттама жүргізіледі, онда қала әкімінің тиісті тұлғаларға берген тапсырмалары көрсетіледі. Жедел кеңестерде қаралатын мәселелерді талқылау Ұйымдастыру бөлімінде сақталатын электронды ақпарат көздеріне жазылып алынады. Хаттама жедел кеңес аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті бөліммен ресімделеді, оған қала әкімінің мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарлары, Аппарат басшысы бұрыштама қояды және қала әкімі қол қояды. Жедел кеңестердің хаттамалары істер номенклатурасына сәйкес ресімделеді. Тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес мүдделі мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға жіберіледі.
Тармақ 78
78. Жедел кеңестерде берілген тапсырмалардың орындалу барысын бақылау және мониторингілеуді тиісті бөлімдер жүзеге асырады.
Тарау 8. 8. Қала әкімінің төрағалық етуімен қалалық комиссиялардың және үйлестіру кеңестерінің отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі
8. Қала әкімінің төрағалық етуімен қалалық комиссиялардың және үйлестіру кеңестерінің отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі
Тармақ 79
79. Қала әкімінің төрағалық етуімен қалалық комиссиялардың және үйлестіру кеңестерінің отырыстарына (бұдан әрі - комиссиялар мен кеңестер отырыстары) материалдар дайындауды және өткізуді қала әкімінің орынбасарлары, аумақтық (келісім бойынша) және облыстың атқарушы органдары, бөлімдер жүзеге асырады. Комиссиялар мен кеңестер отырыстары комиссиялар мен үйлестіру кеңестерінің ережелеріне, отырысты өткізу кестесіне сәйкес өткізіледі. Комиссиялар/кеңестерді өткізу күні мен уақыты жұмыс тәртібінде Аппарат басшысымен келісіледі. Комиссиялар мен кеңестер отырыстарының күн тәртібін комиссиялар мен кеңестер отырыстарын өткізудің жылдық жоспарына сәйкес қала әкімі бекітеді.
Тармақ 80
80. Комиссиялар мен кеңестер отырыстарының күн тәртібін қала әкімі бекіткеннен кейін тиісті жұмыс органдары (аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдар) комиссия мен кеңес түріне қарай облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының немесе Аппарат басшысының қолы қойылған ілеспе хатпен күн тәртібін жіберуді қамтамасыз етеді. Күн тәртібі атап көрсетілген мерзімде орындау үшін мүдделі органдарға жіберіледі. Материалдарды дайындауға жауапты аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдар (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) хатта көрсетілген мерзімде комиссия мен кеңес түріне қарай бөлімдерге келесідей материалдарды ұсынуы тиіс: анықтама (үш беттен аспауы тиіс); жүргізу тәртібі; сөйлеушілердің баяндамасының жобасы; шақырылғандардың тізімі.
Тармақ 81
81. Аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдармен (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) жасақталатын шақырылғандар тізімі комиссия мен кеңес түріне қарай облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен немесе Аппарат басшысымен міндетті түрде келісіледі.
Тармақ 82
82. Бөлімдер аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардан (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) материалдарды алғаннан кейін тез арада анықтамада берілген ақпараттарға талдау жасауы, дұрыстығын тексеруі (қажет болған жағдайда жергілікті жерге шығу арқылы) және оларды облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына ұсынуы тиіс. Қала әкімінің орынбасарлары дайын материалдарды облыс әкіміне ұсынады. Дайын материалдар келесідей талаптарды сақтай отырып ұсынылуы тиіс: мемлекеттік және орыс тілдерінде, электронды және қағаз жеткізгіштерде әзірленген; материалды енгізуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не бірінші қол қою құқығы берілген оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған. Материалдардың мерзімінде ұсынылмағаны және сапасы үшін жауаптылық қала әкімінің орынбасарларына, аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдардың (тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес) бірінші басшыларына, комиссия мен кеңестердің түріне қарай бөлім басшыларына жүктеледі.
Тармақ 83
83. Қатысушыларды отырғызуды, аудио немесе видео аппаратураларды қосуды тиісті бөлім жүзеге асырады.
Тармақ 84
84. Комиссиялар мен кеңестер отырыстарында хаттама жүргізіледі, онда облыс әкімінің тиісті тұлғаларға берген тапсырмалары көрсетіледі. Комиссиялар мен кеңестер отырыстарында қаралатын мәселелерді талқылау электронды ақпарат көздеріне жазылып алынады. Хаттама отырыс аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жұмыс органымен ресімделеді, оған қала әкімінің мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарлары, Аппарат басшысы бұрыштама қояды және қала әкімі қол қояды. Комиссиялар мен кеңестер отырыстарының хаттамалары істер номенклатурасына сәйкес ресімделеді. Хаттамалар тарату парағы тізбесіне/көрсеткісіне сәйкес мүдделі мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға жіберіледі.
Тармақ 85
85. Комиссиялар мен үйлестіру кеңестері отырыстарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысын бақылау және мониторингілеуді комиссия мен кеңес түріне қарай жұмыс органы (аумақтық (келісім бойынша) және атқарушы органдар, бөлімдер) жүзеге асырады.
Тармақ 86
86. Көшпелі кеңестер мен жұмыс сапарлары кезінде қала әкімінің жұмыс орны мен орынжайын дайындауға қала әкімі аппаратының жауапты бөлімі мен ауыл әкімдері жауап береді. Бұған мыналар кіреді:
Тармақша 1
1)қажетті аппаратураларды орнату және жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2)микрофондардың жұмысы;
Тармақша 3
3)су, стакандарды орналастыру;
Тармақша 4
4)сағат, қағаз, қалам, қарындаштарды дайындау;
Тармақша 5
5)куверткаларды дайындау және орнату;
Тармақша 6
6) кеңеске қатысушыларды тіркеу;
Тармақша 7
7) іс-шараға шақырылғандарды отырғызу.
Тармақ 87
87. Қала әкімінің орынбасарлары, Аппарат басшысының қатысуымен өтетін кеңестерді дайындауды мәселелердің тиесілігіне қарай тиісті бөлімдер жүзеге асырады. Кеңестер Аппараттың мәжіліс залдарында өткізілетін болса, жауапты бөлім 2 күн бұрын Ұйымдастыру бөлімін кеңестің өткізілетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді. Кеңес басталмастан бір күн бұрын Аппарат басшылығы қол қойған қатысушылар тізімін рұқсатнама бюросына береді.
Тарау 9. 9. Прокурорлық ден қою актілерін қарау кезіндегі жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
9. Прокурорлық ден қою актілерін қарау кезіндегі жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 88
88. Қала басшылығына жолданған прокурорлық ден қою актілерін қарау қала әкімі орынбасарларының тапсырмасы бойынша прокурорлық ден қоюдың мәні болып табылатын мәселелер құзырына кіретін атқарушы органмен жүзеге асырылады.
Тармақ 89
89. Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Конституциялық заңына сәйкес прокурорлық ден қою прокуратура өкілдерін шақыру арқылы барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен қаралуы тиіс.
Тармақ 90
90. Прокурорлық ден қою актісін қарау тапсырылған бөлім қала әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының қолы қойылған жауаптың жобасын дайындайды және қажет болған жағдайда прокурорлық ден қою актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Тармақ 91
91. Прокуратураның көрсетілген мерзімдерін қоспағанда, ортақ орындаушылардың прокурорлық ден қою актілеріне жауаптарының жобалары Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Конституциялық заңында белгіленген актілерге жауап беру мерзімі аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын мүдделі бөлімге ұсынылады.
Тарау 10. 10. Қала әкімінде ауыл және бөлімдардың қызметі нәтижелерін қарау тәртібі
10. Қала әкімінде ауыл және бөлімдардың қызметі нәтижелерін қарау тәртібі
Тармақ 92
92. Ауыл әкімдерінің және бөлімдердің қызметі нәтижелері қала әкімінде мемлекеттік органдардың басқарушы лауазымды тұлғаларын жеке қабылдау кезінде, тақырыптық жұмыс кеңесі барысында немесе мемлекеттік органдармен ұсынылған жазбаша материалдар негізінде қаралуы мүмкін.
Тармақ 93
93. Қала әкімінде ауыл әкімдерінің және бөлімдердің қызмет нәтижелерін қарау бойынша материалдарды дайындау және сапасы үшін жауапкершілік ұйымдастыру бөліміне, бөлімдерге жүктеледі.
Тармақ 94
94. Қала әкімінде ауыл әкімдерінің және бөлімдердің қызметінің нәтижелерін қарауды дайындау жөніндегі жұмыстарды жалпы үйлестіруді өз құзыреттері шегінде қала әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 95
95. Жауапты бөлім ақпарат, баяндама немесе есеп келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қорытынды дайындайды, қажет болған жағдайда ауыл әкімдерінің және бөлімдердің қосымша материалдарды ауызша немесе жазбаша сұрата алады.
Тармақ 96
96. Қарау нәтижелері және қолда бар барлық материалдарды талдау негізінде жауапты ауыл әкімдерінің және бөлімдердің ақпараты, баяндамасы немесе есебінен және жауапты бөлімнің қорытындысынан тұратын (бес беттен аспайтын) жиынтық материалдарды жасақтайды.
Тармақ 97
97. Жауапты бөлім қорытындыға облыс әкімінің қызметке жетекшілік ететін орынбасарына, Аппарат басшысына бұрыштама қойғызады және жиынтық материалдарды кейін қала әкіміне енгізу үшін Ұйымдастыру бөліміне береді.
Тарау 11. 11. Қала әкімі аппаратында қала әкімінің қатысуымен өтетін кеңестердің қорытындылары бойынша хаттамаларды ресімдеу тәртібі
11. Қала әкімі аппаратында қала әкімінің қатысуымен өтетін кеңестердің қорытындылары бойынша хаттамаларды ресімдеу тәртібі
Тармақ 98
98. Ресми сапарлардың хаттамаларын (қажет болған жағдайда стенограммаларды), қала әкімінің халық алдындағы есебін және Мемлекет Басшысының Жолдауын жыл сайын талқылауды Ұйымдастыру бөлімі Кентау қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, қамтамасыз етеді. Атқарушылық тәртіп, ұйымдастыру іс-шаралары мәселелері бойынша хаттамаларды жауапты бөлімдер рәсімдейді. Қала әкімінің көшпелі мәжілістерінің хаттамаларын және жұмыс сапарларын Ұйымдастыру бөлімі дайындайды
Тармақ 99
99. Әртүрлі салалар бойынша бірнеше мәселелерді біріктірген кеңестер (селекторлық, жұмыс) хаттамаларын тиісті бөлімдер ресімдейді, қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларымен келіседі.
Тармақ 100
100. Хаттамада төрағалық етуші, қатысатын тұлғалар, күн тәртібі, баяндамашылардың және талқылау барысында сөйлеушілердің тегі, аты-жөні, талқылау кезінде баяндалған тапсырмалар тармақтары, жауапты орындаушылар және орындау мерзімдері көрсетіледі.
Тармақ 101
101. Консультативтік-кеңесші органдардың (бұдан әрі – ККО) хаттамаларын аталған ККО жұмыс органы ресімдейді, ККО төрағасының орынбасарымен келісіледі.
Тармақ 102
102. Хаттамада тапсырмалардың орындалуын бақылау кімге жүктелетіні атап көрсетілуі тиіс. Хаттамалық тапсырмалар араб цифрларымен белгіленген тармақтар және тармақшалармен берілуі қажет. Хаттамалық тапсырмалар нақты, түсінікті айқындалуы болуы тиіс. Қала әкімінің қатысуымен отырыстар және кеңестер хаттамаларының жобалары мемлекеттік тілде дайындалады. Барлық хаттамалар, егер өзге мерзім белгіленбесе, 1 (бір) жұмыс күні ішінде ресімделеді және 1 (бір) күн ішінде қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларымен (өзара алмасушылық есебімен), Аппарат басшысымен, мүдделі бөлім басшысымен келісіледі. Түзетулер мен тиісті өзгерістер келісіліп, енгізілгеннен кейін хаттамалардың жобалары қала әкіміне қол қоюға енгізіледі.
Тармақ 103
103. Хаттамалардың ресімделуін және мерзімінде ұсынылуын бақылауды және мониторингілеуді қала әкімі аппаратының Ұйымдасытру бөлімі және жауапты бөлімдері жүзеге асырады. Құжат айналымы бөлімі пысықталған және ұсынылған хаттамаларды бақылауды жүзеге асырады. Құжат айналымы бөлімі апта сайын (Сейсенбіде) апта қорытындысы бойынша аппарат басшысына әкімнің қатысуымен өтетін іс-шаралар мен кеңестердің хаттамаларын ресімдеудің уақтылылығы туралы ақпарат береді
Тармақ 104
104. Іс-шараны дайындауға жауапты бөлімнің қызметкерлері Ұйымдастыру бөліміне электронды түрде хаттаманы және тарату көрсеткішін береді. Хаттамаға нөмір бере отырып тіркеуді және таратуды Ұйымдастыру бөлімі іске асырады.
Тармақ 105
105. Қала әкімдігі отырыстарының хаттамаларын Ұйымдастыру бөлімі рәсімдейді, Аппарат басшысымен және оның орынбасарларымен келіседі. Әкімдік отырыстарының хаттамалары 1 (бір) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Тармақ 106
106. Қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы ақпарат қала әкімінің атына бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолымен енгізілуі тиіс.
Тарау 12. 12. Кіріс және шығыс хат-хабарларын ресімдеу, өткізу және қарау және обьектілік режим
12. Кіріс және шығыс хат-хабарларын ресімдеу, өткізу және қарау және обьектілік режим
Тармақ 107
107. Әкімдік аппараты әкімшілік ғимараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өткізу және объектілік режимді ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғалу талаптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік, техникалық және ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асырады. Өткізу және объектілік режимді ұйымдастыру тәртібі, объект аумағына кіру, болу және шығу шарттары, тыйым салынған заттар мен құрылғылардың тізбесі, оларды алып кіру, сақтау және пайдалану тәртібі, сондай-ақ объектілік режим талаптары Кентау қаласы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітілетін Өткізу және объектілік режим туралы ережемен айқындалады.
Тармақ 108
108. Аппаратта кіріс, шығыс хат-хабарларын және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және өткізу осы Регламентке және Аппарат басшысымен бекітілген басқа да ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 109
109. Аппаратта электрондық құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (бұдан әрі-Қағида), осы Регламентке және Аппарат басшысымен бекітілген басқа да ішкі құжаттарға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 110
110. Құпия іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес құпия құжаттармен жұмыс жөніндегі құжаттандыру бөлімінің басшысы және бас инспектормен жүзеге асырылады. Электрондық құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер мазмұндалған құжаттарға қолданылмайды.
Тармақ 111
111. "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттарды жүргізу тәртібі облыс әкімі аппаратының құпия құжаттармен іс жүргізу жөніндегі бас инспекторымен (бас маманымен) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 "Таралуы шектеулі мәліметтерді қызметтік ақпаратқа жатқызу және олармен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырады. Электрондық құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі мен шарттары "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттарға қолданылмайды.
Тармақ 112
112. Бөлімдерде іс қағаздарын жүргізуге (есепке алу, сақтау, құжаттарды мерзімінде өткізу, олардың орындалуын бақылау және ведомстволық архивке уақтылы тапсыру) және БҚА жүйесінің жай-күйіне олардың басшылары жауап береді.
Тармақ 113
113. Аппараттың жаңадан тағайындалған қызметкерлерін нұсқаулықтан өткізу және қызметкерлердің БҚА жүйесінде жұмысын бақылау Құжаттандыру бөлімінің басшысымен және бөлімнің жауапты мамандарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 114
114. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жаңадан қабылданған қызметкерлерді Кентау қаласы әкімі аппараты туралы ережемен, Кентау қаласы әкімдігінің регламентімен және Аппарат жұмысын реттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.
Тармақ 115
115. Бөлімдер басшылары ауысқан кезде істер мен оларға құжаттар жаңадан тағайындалған басшыға немесе жауапты лауазымды тұлғаға қабылдау-табыстау актісі бойынша беріледі.
Тармақ 116
116. Жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кіріс хат-хабарлары Аппаратқа келесідей тұлғалардың: қала әкімінің атына бірінші басшылардың (бөлім басшылары, ауыл әкімдерінің) қолымен; қала әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының атына бірінші басшылар мен олардың орынбасарларының (бөлім басшылары, ауыл әкімдерінің) қолымен; Аппараттың атына бірінші басшылар мен олардың орынбасарларының (бөлім басшылары, ауыл әкімдерінің) қолымен енгізіледі.
Тармақ 117
117. Құжат айналымы бөлімімен барлық кіріс хат-хабарлары мемлекеттік тілде (қажет болған жағдайда – өзге тілдерде), олар келіп түскен күні сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін қабылданады және тіркеледі. Жұмыс күндері сағат 19.00-ден кейін келіп түскен құжаттарды тіркеу келесі жұмыс күні, шұғыл тапсырмаларды қоспағанда, бірінші кезекте жүзеге асырылады, шұғыл тапсырмалар келіп түскен күні жұмыс күніне қарамастан тіркеледі. Хат-хабарларды тіркеусіз қабылдау және беруге тыйым салынады. Сағат 19.00-ден жұмыс аяқталғанға дейінгі кезең ішінде "ШҰҒЫЛ", "ӨТЕ ШҰҒЫЛ", "СРОЧНО", "ВЕСЬМА СРОЧНО" деген белгілері бар хат-хабарлар Құжаттандыру бөлімімен тікелей қабылданады. Аппаратқа жұмыс емес күндері, демалыс және мереке күндері келіп түскен құжаттарды қала әкімінің қабылдау бөлмесінің мамандары қабылдайды және кейін оларды міндетті түрде тіркеу үшін Құжаттандыру бөліміне береді. Аппарат қызметкерлеріне Құжаттандыру бөлімінде тіркелмеген құжаттарды орындауға қабылдауға тыйым салынады. Осы Регламентте белгіленген тәртіппен қабылданған құжаттар БҚА жүйесі бойынша қаралады, Құжаттандыру бөлімімен бақылауға қойылады және Аппарат басшылығы мен оның бөлімдері арасында бөлінеді және тиісті ресімдеу және бақылау белгісін көрсету үшін тіркеу мөрінде нөмірін, күнін және парақтар санын көрсете отырып тіркеледі. БҚА жүйесінде тіркелген және тиісті дәрежеде ресімделген хат-хабарлар бір жұмыс күні ішінде бөлінуіне сәйкес адресаттарға жіберіледі. Шұғыл хат-хабардың көшірмесі келіп түскен құжатта көтерілген мәселе құзырына кіретін бөлімнің басшысына бір мезгілде жіберіледі. Құжаттандыру бөлімі хат-хабарларды тіркеуді, бөлуді, ресімдеуді және адресаттарға жеткізуді БҚА жүйесі бойынша әдетте, жұмыс күні ішінде, ал шұғыл құжаттарды тез арада (кезектен тыс тәртіппен) жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың құжаттары (хаттары, сұраулары, телефонограммалары) БҚА жүйесі арқылы (қағаз жеткізгіште қайталамай) беріледі. Мемлекеттік органдардан электронды жеткізгіштерде келіп түсетін құжаттар белгіленген үлгідегі елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде (қажет болғанда орыс тілінде, елтаңбалық бланкіде болуы міндетті емес) ресімделуі және келесідей міндетті реквизиттері болуы тиіс: шығыс нөмірі және күні; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Басшысының, облыс әкімінің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының және оның орынбасарларының тиісті актілері мен тапсырмаларына сілтеме, мемлекеттік органның сұрауына жауап беру кезінде – сұраудың нөмірі мен күні; ЭЦҚ қолдану арқылы бірінші басшының немесе оның орынбасарының электрондық қолтаңбасы; орындаушының тегі және телефон нөмірі. Бұл ретте, мемлекеттік органнан келіп түскен пайдаланушылар үшін ақпараттық жүйелерде немесе мемлекеттік органның сайттарында қолжетімді ақпараттарды беру туралы сұрауға жауап ұсынылмайды. Құжат айналымын қысқарту және артық хат алмасуға жол бермеу мақсатында бөлімдердің және ауыл әкімдерінің ақпараттары (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жартыжылдық, жылдық мерзіммен), сондай-ақ сұрауларға олардың жауаптары, ақпараттық сипаттағы басқа да хаттары олармен Мемлекеттік органдардың интранет порталында (МОИП) "ТО әкімдігі" папкасында, "Құжаттар кітапханасына" орналастырылады немесе цифрлық жұмыс орны (ЦЖО) арқылы жолданады. МОИП сайттарында орналастырылған ақпараттардың дұрыстығына, өзектілігіне жауаптылық мемлекеттік органның жауапты орындаушысына және басшысына (бөлім басшысына және ауыл әкімдеріне) жүктеледі. Осы Регламенттің талаптарын бұза отырып ресімделген кіріс хат-хабарлары қабылданбайды және (немесе) Құжаттандыру бөлімімен сол күні, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі, Парламенті, Үкіметі Аппаратының хат-хабарларынан басқа, тиісті мемлекеттік органға БҚА жүйесі арқылы жіберіледі. Аппаратқа заңды және жеке тұлғалардан келіп түсетін хат-хабарлар қабылдау күні мен уақытын көрсету арқылы қол қойғыза отырып қабылданады. ОМО-дан 10 жылдан аса сақтау мерзімімен келіп түсетін хат-хабарлар қабылдау күні мен уақытын көрсету арқылы қол қойғыза отырып қабылданады. Хат-хабарларды тіркеу, бөлу, ресімдеу және адресаттарға жеткізу Құжаттандыру бөлімімен Аппаратқа келіп түскен сәттен бастап бір тәулік ішінде, ал шұғыл құжаттар (кезектен тыс тәртіппен) мереке және демалыс күндеріне қарамастан тез арада жүзеге асырылады. Аппарат басшылығымен қаралған кіріс хат-хабарлары Құжаттандыру бөлімімен рәсімдеу және одан әрі орындаушыларға беру үшін жолданады. Бөлімнің немесе маманның құзырына кірмейтін тапсырма жолданған жағдайда жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде тапсырманы берген лауазымды тұлғаға тапсырманы тиесілігіне қарай жолдау туралы қызметтік жазба енгізуі тиіс.
Тармақ 118
118. Қала әкімінің аппаратына келіп түсетін құжаттар, әдетте, мынадай түрде бөлінеді: Қала әкіміне қарауға беріледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмалары;
Тармақша 3
3) қала әкімінің жеке өзіне жолданған хаттар мен өтініштер; Қала әкімінің әкімінің орынбасарларына тікелей өздеріне жолданған, сондай-ақ қала әкімі, оның орынбасарлары мен аппарат басшысы арасында міндеттердің бөлінуіне сәйкес өздері жетекшілік ететін мәселелер бойынша хат-хабарлар (құжаттар) қарауға беріледі.
Тармақ 119
119. Құжаттар Қағидаларға және осы Регламентке сәйкес ресімделеді. Тиісті дәрежеде ресімделмеген құжаттар себебін және нормативтік құқықтық актілерге сілтемені көрсете отырып, тіркеусіз кері қайтарылады.
Тармақ 120
120. Қала әкімі қала әкімдігінің бөлімшелеріне, төмен тұрған әкімдерге, өзге де мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ аппарат бөлімдеріне тапсырмалар береді және бұрыштамалар салады. Қала әкімінің орынбасарлары қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелеріне, бас инспекторларға (бас мамандарға), жетекшілік ететін мәселелері бойынша бөлімдер мен ауыл әкімдеріне тапсырмалар береді және бұрыштамалар салады.
Тармақ 121
121. Орталық және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары мен хаттарын қоспағанда, қала әкімі аппаратына келіп түсетін бірінші басшыны (басшының орынбасарын) алмастыратын тұлғаның қолы қойылған хат-хабарлар міндеттерді жүктеу туралы бұйрық (өкім) көшірмесі болған жағдайда қабылданады және тіркеледі.
Тармақ 122
122. Қала әкімі аппаратына мемлекеттік органдардан келіп түсетін қаржыландыру мәселелері бойынша хаттар қабылданбайды және Кентау қалалық экономика және қаржы бөлімімен міндетті пысықтауды қажет етеді.
Тармақ 123
123. Егер тапсырма бірнеше орындаушыға берілсе, онда жинақтау және құжатты орындау міндетті түрде көрсетіледі. Егер мұндай белгі болмаса, онда жинақтау және құжатта орындау тапсырмада бірінші көрсетілген орындаушыға жүктеледі. Барлық тапсырманы мерзімінде орындау жауаптылығы бұрыштамада көрсетілген барлық қызметкерлерге бірдей жүктеледі.
Тармақ 124
124. Аппарат бөлімдері келіп түсетін хат-хабарлардың сипаты мен сапасына жүйелі түрде талдау жасап, олардың одан әрі өтуін айқындауы, өз құзыры шегінде қойылған мәселелерді шешуі, құжат айналымын қысқарту шараларын қабылдауы тиіс.
Тармақ 125
125. Құжаттар жіберу үшін толықтай ресімделіп беріледі. Құжаттандыру бөлімінің құжатты жіберуге қабылдайтын қызметкері оның дұрыс рәсімделуін, сондай-ақ адресаттың, алушының, негізгі құжатта көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруі тиіс. Дұрыс ресімделмеген құжаттар орындаушыға кері қайтарылады.
Тармақ 126
126. Құжаттандыру бөлімінсіз құжатты жіберуге тыйым салынады.
Тармақ 127
127. Жіберуге берілген құжатта көрсетілген дұрыс емес адрес бойынша құжаттарды жібергені үшін жауаптылық құжат орындаушысы және Құжаттандыру бөліміне жүктеледі.
Тармақ 128
128. Қызметтік шығыс хат-хабарлары, нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоспағанда, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ресімделеді. Хат-хабарларды тіркеу және құжаттардың орындалуын бақылау жұмыстары БҚА жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 129
129. Қала әкімі орынбасарларының қолы қойылған шығыс хаттар тиісті бөлім басшысымен немесе басшының орынбасарымен, қажет болған жағдайда тиісті бас инспектормен келісілуі тиіс. Жауап берілетін кіріс құжатынсыз шығыс хат-хабарын келісуге жол берілмейді.
Тармақ 130
130. Орындалған және өңделген құжаттар бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде орындалғаны туралы карточканы уақтылы міндетті толтыруға жатады. Құжаттың орындалғаны туралы мәлімет болмаса, құжат орындалды деп есептелмейді. Орындалғаны туралы мәліметтің (карточканың) дұрыстығына жауапты орындаушы жауап береді. Қала әкімі аппараты басшысының атына қызметтік жазбаларды (ақпараттық хаттар және т.б.) (лауазымдық/функционалдық міндеттерді орындау/ орындамау мәселелері бойынша) БҚА жүйесі арқылы бөлімдердің басшылары тікелей енгізеді. Осы тармақ сақталмаған жағдайда көрсетілген қызметтік жазбалар қарауға жатпайды.
Тарау 13. 13. Қала әкімі, әкімдігі актілерінің жобаларын дайындау, ресімдеу және келісу тәртібі
13. Қала әкімі, әкімдігі актілерінің жобаларын дайындау, ресімдеу және келісу тәртібі
Тармақ 131
131. Қала әкімі, әкімдігі актілерінің жобаларын дайындауды бөлімдер, қалалық бөлімдер өз құзыреті шегінде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жүзеге асырады. Актілердің жобаларын әзірлеу үшін жоғары тұрған лауазымды адамдардың тапсырмалары, құқықтық сипаттағы, сондай-ақ аппарат жұмысының жедел, ұйымдастырушылық, кадрлық және басқа да мәселелері жөніндегі шешімдер негіз болып табылады.
Тармақ 132
132. Құқық нормаларын қамтитын облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді және әрқайсысы жеке бланкілерде (жеке парақтарда) басылады және бірыңғай деректемелермен ресімделеді. Әкімдік қаулылары, қала әкімінің шешімдері мен өкімдері қағаз жеткізгіштерде қала әкімінің мөрімен куәландыруға жатады.
Тармақ 133
133. Актілердің жобалары заңнамада белгіленген құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік Жобада қаралатын мәселелердің мән-жайы негізге алына отырып, сондай-ақ жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді. Қаулының, шешімнің, өкімнің жобасын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар оған басқа мемлекеттік органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етпеуге және формальды және өзге де негізсіз себептер бойынша жобаны келісуден бас тартпауға тиіс. Әзірлеуші орган актілердің жобаларын келісу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына, заң техникасының талаптарына сәйкестігін пысықтау үшін қала әкімі аппаратының бірыңғай заң қызметіне береді. Жобаны келісу аяқталғаннан кейін заң бөлімінің басшысы бұрыштама қояды.
Тармақ 134
134. Актінің электрондық жобасын келесі лауазымды тұлғалар міндетті түрде келіседі:
Тармақша 1
1) қала әкімінің орынбасарлары;
Тармақша 2
2) аппарат басшысы;
Тармақша 3
3) Кентау қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
Тармақша 4
4) Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы. Қажет болған жағдайда келісуге мүдделі басқа да лауазымды тұлғалар қосылуы мүмкін. Келісуші мемлекеттік органдарға қаулылардың, шешімдер мен өкімдердің жобаларын "ескертулермен" келісуге тыйым салынады.
Тармақ 135
135. Қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулы жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі қоса беріледі.
Тармақ 136
136. Егер жобада қаулының (қаулылардың) күшін жою көзделген жағдайда, жобаға әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қойған, жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесін қамтитын анықтама қоса беріледі.
Тармақ 137
137. Егер актінің жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын жағдайда, жобаға салалық мүдделерін жоба тікелей қозғайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі.
Тармақ 138
138. Тапсырмалар орындалған жағдайда, оларды орындау үшін қала әкімі, әкімдігі актілерінің жобалары әзірленген тапсырмалардың (хаттамалардың және т.б.) көшірмелері қоса беріледі.
Тармақ 139
139. Мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына немесе мемлекеттік кірістердің азаюына әкеп соғатын актілердің жобаларына қалалық бюджет комиссиясының қорытындылары не шығын нормалары бойынша қаржыландыру көздері (бюджеттік бағдарламаның нөмірі мен атауы, бюджет қаражатын игерудің ағымдағы жай-күйі) көрсетіле отырып, егжей-тегжейлі анықтамалар қоса беріледі.
Тармақ 140
140. Осы Регламенттің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Құжаттандыру бөлімі қаулы жобаларын пысықтауға қайтарады немесе әзірлеуші мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды жұмыс тәртібімен талап етеді. Әкімдік отырысына қаулылар жобаларының аяқталмаған және жинақталмаған материалдарын енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 141
141. Актінің жобасы пысықтауға қайтарылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздер бойынша қала әкімінің шешімі бойынша;
Тармақша 2
2) акт жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде теңтүпнұсқалықтың болмауы, аппарат регламентінің, іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзушылықтар, акт жобасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессіздігі, басқа да себептер анықталған жағдайларда, аппарат басшысының немесе оны алмастыратын адамның шешімі бойынша;
Тармақша 3
3) әкімдік отырысының хаттамасы негізінде;
Тармақша 4
4) жұмыс тәртібімен қала әкімі орынбасарының, аппарат басшысының қарарымен;
Тармақша 5
5) қала әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы заңнама сараптамасын жүргізген бөлімнің бас инспекторы немесе бас маманының заңнама қорытындысы негізінде ұсынады.
Тармақ 142
142. Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзге мерзім көрсетілмесе, актінің жобасын пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күнінен бастап он күннен аспайтын мерзімде (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырады. Пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган аппаратқа пысықталған актінің жобасын не актінің жобасын қараудан алу туралы жазбаша өтінішхатты ұсынуға тиіс. Қаулы жобаларын және өзге де актілерді пысықтауды аппарат қала әкімінің тапсырмасы бойынша жүзеге асыруы мүмкін.
Тармақ 143
143. Қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің жобаларын мемлекеттік органдарда қарау және келісу олар келіп түскен күннен бастап мынадай мерзімнен аспауға тиіс:
Тармақша 1
1) қала әкімдігі қаулыларының жобалары – 10 жұмыс күні (барлық Келісуші бөлімдерге алдын ала келісу үшін – барлығы 5 жұмыс күні және әкімдіктің барлық мүшелерімен келісу үшін-барлығы 5 жұмыс күні);
Тармақша 2
2) қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобалары - 5 жұмыс күні;
Тармақша 3
3) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай - ақ гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі қаулылар мен өкімдердің жобалары-барлығы 3 (үш) жұмыс күні. Қала әкімінің, оның орынбасарларының немесе аппарат басшысының тапсырмалары бойынша актілерді жедел қабылдау қажет болған кезде келісудің неғұрлым қысқа мерзімдері белгіленуі мүмкін.
Тармақ 144
144. Электрондық келісуден кейін әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын аппаратқа қағаз жеткізгіште енгізеді. Аппараттың жетекшілік ететін қызметкері жобаны бланкіге басып шығарады және жеке парақта келісу туралы лауазымды адамдардың электрондық визаларымен қағаз түрінде Құжаттандыру бөліміне береді. Қала әкімдігі қаулысының, қала әкімі шешімінің немесе өкімінің, сондай-ақ аппарат басшысы бұйрығының электрондық жобалары құрылған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей БҚА жүйесінде қол қойылады.
Тармақ 145
145. Заң бөлімі мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сүйемелдейді, әзірлеуші мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын және жобаның аппаратта, оның ішінде МОИП-та өтуін, тіпті оны тіркеуге дейін үйлестіреді. Қала әкімінің, әкімдігінің актілерін тіркеуді және есепке алуды Құжаттандыру бөлімі жүзеге асырады. Әкімдіктің қол қойылған қаулыларына, әкімнің шешімдері мен өкімдеріне тіркеу нөмірлері беріледі. Тіркеу нөмірін беру қорытындылары бойынша қала әкімі қол қойған актілердің түпнұсқалары қала әкімінің елтаңбалы мөрімен куәландырылады.
Тармақ 146
146. Әкімдік қаулыларының, қала әкімі шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары тұрақты сақталатын құжаттарға жатады және аппаратта сақталады, одан әрі олар белгіленген мерзімде қалалық мемлекеттік архивке мемлекеттік сақтауға беріледі.
Тармақ 147
147. Актілердің куәландырылған көшірмелерін уақтылы таратуды тарату парағына сәйкес Құжаттандыру бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Үкімет Аппаратына және басқа да жоғары тұрған органдарға жіберілетін құжаттарды дайындау және келісу тәртібі
Тармақ 148
148. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне, Үкімет Аппаратына және басқа да жоғары тұрған органдарына құжаттар дайындауды бөлімдер мен ауыл әкімдері жүзеге асырады.
Тармақ 149
149. Қала әкімінің қол қоюы үшін құжаттарды тиісті бөлімдер жергілікті атқарушы органдардың (бөлімдер мен ауыл әкімдері) бірінші басшылары не міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтардың көшірмелерін қоса бере отырып, оларды алмастыратын адамдар қол қойған жазбаша материалдар негізінде дайындайды.
Тармақ 150
150. Материалдарды уақтылы, сапалы дайындау және бөлімдерге белгіленген мерзімдерде ұсыну үшін оны әзірлеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.
Тармақ 151
151. Қала әкіміне қол қоюға енгізер алдында құжат міндетті түрде БҚА жүйесінде келесі тұлғалармен келісіледі: құжатты тікелей орындаушы; тиісті бөлімнің басшысы; аппарат басшысы; қала әкімінің жетекшілік ететін мәселелеріне сәйкес орынбасарларымен. Қала әкімінің орынбасары болмаған жағдайда, құжат өзара алмасу бойынша орынбасармен/орынбасарлармен келісіледі.
Тармақ 152
152. Барлық мүдделі тұлғалармен келісіп, облыс әкімі қол қойғаннан кейін жетекшілік ететін бөлім дайын құжатты тіркеу және одан әрі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Үкімет Аппаратына және Қазақстан Республикасының басқа да жоғары тұрған органдарына БҚА жүйесі арқылы жіберу үшін Құжаттандыру бөліміне береді.
Тармақ 153
153. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Үкімет Аппаратына ақпарат енгізілген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының актілері бойынша - тапсырманың нөміріне, күні мен нақты тармағына, оның мазмұнына) сілтеме жасалады. Үкімет Аппаратына оларды орындауға жауапты мемлекеттік органдар жіберетін бақылау, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуы туралы құжаттар белгіленген орындау мерзімдеріне сәйкес міндетті түрде қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) егер тапсырма толық көлемде және сапалы орындалса, бақылаудан алу туралы өтінішті;
Тармақша 2
2) егер тиісті актіде немесе тапсырмада мерзімді ақпарат ұсыну көзделсе, құжат ақпарат тәртібімен енгізіледі;
Тармақша 3
3) ақпарат берудің кезеңділігін және нақты орындау мерзімін міндетті түрде көрсете отырып, Орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы өтінішті ұсынады;
Тармақша 4
4) егер тапсырманы объективті себептер бойынша белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, нақты жаңа мерзімді көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту туралы өтінішті табыс етеді. Әрбір актінің немесе ҚР Президенті Әкімшілігі басшылығының тапсырмасының орындалуы туралы жеке құжат жасалады, ол Президент Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 1 маусымдағы № 22-01-38.16 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 4-қосымшада көзделген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Егер актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, облыс әкімі тапсырма берген әкімшіліктің лауазымды адамының атына құжаттың орындалу мерзімін ұзарту немесе өзгерту (егер тапсырма бақылауда болмаса), орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге ауыстыру туралы негізделген өтініші бар хат жібере алады. Тапсырманы немесе актінің тармағын ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы ұсыныс енгізілген кезде нақты орындау мерзімдерін, орындаушы мемлекеттік органның, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты мемлекеттік саяси қызметшілерін және ұйымдардың лауазымды адамдарын көрсете отырып, одан әрі іске асыру жөніндегі жол картасын қоса беру қажет. Мемлекеттік органның тұжырымдары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу және қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру қағидаларының 75-тармағына сәйкес негіздердің бірін көрсете отырып, бақылаудан алу туралы өтінішті де қамтуға тиіс. Тапсырмалардың орындау мерзімін ұзартуға (алғашқы ұзарту) Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша кінәлі лауазымды адамдардың тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарай отырып жол беріледі. Жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Үкімет Аппаратына жіберілетін хаттар/құжаттар тіркеусіз қайтарылады.
Тарау 15. 15. Тапсырмалардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру
15. Тапсырмалардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру
Тармақ 154
154. Тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды ұйымдастыру Қағидаларға, сондай-ақ өзге де құқықтық актілерге, нұсқаулықтарға және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 155
155. Бақылауға мынадай бақылау құжаттары алынады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалары бар актілері орындау мерзімі өткенге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын бақылауға қойылады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының Үкіметі отырыстарының хаттамалары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалары бар өкімдері орындау мерзімі өткенге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын бақылауға қойылады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының жергілікті атқарушы органдардың атына орындау мерзімдері көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары бар тапсырмалар (оның ішінде кеңестердің хаттамаларында және іс-шаралар жоспарларында қамтылғандар), "шұғыл", "баяндаңыз", "ұсыныстар/ақпарат енгізіңіз", сондай-ақ мазмұнынан бақылауға қою қажеттігі туындайтын тапсырмалар, орындау мерзімі аяқталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын бақылауға қойылады;
Тармақша 4
4) мазмұнынан жауап беру, түсіндіру, қандай да бір мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу қажеттігі туындайтын мемлекеттік органдардың хаттары;
Тармақша 5
5) жеке және заңды тұлғалардың бақылау өтініштері;
Тармақша 6
6) егер орындау мерзімдері көрсетілген болса, әкімдіктің бұйрықтары, хаттамалары, қаулылары, қала басшылығының тапсырмалары;
Тармақша 7
7) егер орындау мерзімдері көрсетілген болса, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреті шегіндегі өзге де тапсырмалары.
Тармақ 156
156. Қала әкімдігінің және әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілері мен тапсырмалары орындаудың белгіленген мерзімдері ескеріле отырып, мынадай бақылау түрлеріне қойылады:
Тармақша 1
1) шұғыл – "өте шұғыл" деген белгісі бар - үш жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жеделдетілсін" деген белгілері бар - он жұмыс күніне дейін;
Тармақша 2
2) қысқа мерзімді-он жұмыс күнінен бір айға дейін;
Тармақша 3
3) орта мерзімді-бір айдан алты айға дейін;
Тармақша 4
4) ұзақ мерзімді-алты айдан астам. Мерзімдер белгіленбеген жағдайда, құжат келіп түскен күннен бастап айлық мерзім белгіленеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі отырыстарының және Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығы және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы, облыс әкімі кеңестерінің хаттамаларында қамтылған хаттамалық тапсырмаларды орындау мерзімдері тапсырмалар мемлекеттік органға (ұйымға) келіп түскен күннен бастап есептеледі. Егер отырыста (кеңесте) нақты тапсырманы орындау мерзімі аталған жағдайда, онда өз атына тапсырма берілген және өкілдері отырысқа (кеңеске) қатысқан тиісті мемлекеттік органдар (оның ішінде кеңеске тікелей қатысқан лауазымды тұлғалар мемлекеттік органның бірінші басшысына олардың орындалуын ұйымдастыру үшін тиісті тапсырмалар туралы баяндайды) өздеріне отырыс (кеңес) хаттамасының түсуін күтпей, отырыстан (кеңестен) кейін тапсырмаларды орындауға кіріседі.
Тармақ 157
157. Аппаратқа Қазақстан Республикасы Президентінің актілері орындауға келіп түскен кезде, қажет болған жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралар жоспары (жол картасы) жасақталады және қала әкімінің не оның орынбасарларының шешімімен бекітіледі. Жауапты мемлекеттік органдардың шұғыл тапсырмаларды орындау үшін дайындаған құжаттары Аппаратқа 10 (он) күнтізбелік күн бұрын енгізіледі, ЭҚАБЖ арқылы шұғылдығын растайтын электрондық құжатты (Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының актілері мен тапсырмаларының көшірмелері) енгізген жағдайда Құжаттандыру бөлімі жұмыс күні ішінде тіркейді.
Тармақ 158
158. Аппараттың бақылау жүйесін мыналар құрайды:
Тармақша 1
1) Аппарат басшысы – Аппараттың қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды, соның ішінде бақылау құжаттарының уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Құжат айналымы бөлімі өкілеттіктері шегінде – құжаттарды бақылауға мерзімінде қоюды қамтамасыз етеді, Аппарат басшылығының бұрыштамаларына сәйкес оларды орындау мерзімдерін белгілейді, құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылайды, Аппаратта атқарушылық тәртіптің жай-күйіне мониторинг жүргізеді, Аппарат басшылығын бақылау құжаттарының орындалуы туралы хабардар етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының актілерін орындау бойынша бақылау құжаттарының тізбесі орындаушыларға ай сайын электронды нысанда жеткізіледі, қала әкімінің тапсырмалары орындаушыларға "бағдаршам" жүйесінде қолжетімді электрондық мониторинг арқылы қадағаланады;
Тармақша 3
3) бөлімдер басшылары – өздері басқаратын бөлімшелердегі құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, бақылау құжаттарын орындау мерзімдерінің бұзылуына және сапасыз орындалуына жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді, Аппарат басшылығы алдында өздеріне сеніп тапсырылған бөлім үшін дербес жауап береді. Құжаттандыру бөлімінің басшысы немесе құжаттардың орындау мерзіміне бақылау жүргізетін маманы: бақылау құжаттарының тізбесін жіберу жолымен Аппарат басшылығын келіп түскен бақылау құжаттары және оларды орындау мерзімдері туралы (апта сайын) хабардар етеді. Тізбеде келесідей міндетті мәліметтер берілуі тиіс:
Тармақша 1
1)тапсырма баяндалған іс-шараның түрі;
Тармақша 2
2)тапсырма берілген күн;
Тармақша 3
3)тапсырманың мазмұны;
Тармақша 4
4)орындаушылар;
Тармақша 5
5)орындау мерзімі;
Тармақша 6
6)бақылаудан алынғаны туралы белгі;
Тармақша 7
7)бақылаудан алуға негіз;
Тармақша 8
8)бақылауды ұзарту туралы белгі;
Тармақша 9
9)ескерту. 3 (үш) жұмыс күні бұрын бөлімдер басшыларын және Аппарат басшылығын орындау мерзімінің жақындағаны туралы жұмыс барысында хабардар етеді; өз құзыры шегінде Аппарат басшылығына Аппарат қызметкерлерін, қалалық бөлімдер мен ауыл әкімі аппараттарының қызметкерлерін бақылау құжаттарын орындау мерзімдерін бұзғаны немесе сапасыз орындағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 159
159. Тапсырманы бірнеше мемлекеттік органдармен орындау кезінде тізбеде бірінші тұрған немесе атауының қатарында "(жинау)" не "жинақтау" деген белгі қойылған орган жауапты болып табылады. Ол ортақ орындаушылармен келіскеннен кейін орындау мерзімін ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте, орындауға жауапты мемлекеттік органдарға тапсырманы қайталауға және ортақ орындаушы мемлекеттік органдарға қосымша сұраулар салуға тыйым салынады. Тапсырманы негізгі орындаушы мемлекеттік органдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиесілігіне қарай орындау үшін құжаттарды жіберуге құқылы.
Тармақ 160
160. Егер тапсырма белгіленген мерзімде орындалмайтын болса, онда тапсырманы орындауға жауапты органның бірінші басшысы (не оның міндеттерін атқарушы тұлға) алдын ала, белгіленген мерзімнен 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, тапсырманы берген лауазымды тұлғаға кешіктіру себебі туралы жазбаша хабарлауы және белгіленген тәртіппен оны орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш білдіруі тиіс.
Тармақ 161
161. Қала әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімдерін ұзартуға, соның ішінде орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға қала әкімінің немесе Аппарат басшысының шешімі бойынша бір реттен артық жол берілмейді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмаларын орындау мерзімдерін ұзартуға жол берілмейді.
Тармақ 162
162. Қала әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімдерін қайталама ұзартуға, аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдерін, басқарма басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау жолымен қала әкімінің немесе Аппарат басшысының шешімі бойынша ерекше жағдайларда жол беріледі. Аппаратқа қала әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімдерін екі реттен артық ұзарту туралы ұсыныс енгізілген жағдайда ауыл әкімдерін және бөлім басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады.
Тармақ 163
163. Актілер мен тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алуға негіз мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) толық және сапалы орындалуы;
Тармақша 2
2) туындаған объективті жағдайларға байланысты орындау мүмкін болмауы.
Тармақ 164
164. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Үкімет Аппараты Басшысының (оның міндетін атқаратын тұлғалардың) атына жолдаған жоспарлы есептік ақпарат бойынша "назарға алынды" деген белгісі бар тапсырмалары бақылауға алынбайды.
Тармақ 165
165. Ортақ орындаушы мемлекеттік органдар ұсыныстарды белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда жинақтауға жауапты мемлекеттік орган ілеспе хатта өз ұсыныстарын белгіленген мерзімдерде ұсынбаған ортақ орындаушы мемлекеттік органдарды көрсете отырып, ақпарат жолдайды.
Тармақ 166
166. Қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларын уақтылы орындау мерзімдерін бақылау Құжаттандыру бөліміне жүктеледі. Қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларының іске асырылуын бақылау қала әкімінің орынбасарларына, Аппарат басшысына, бөлім басшыларына және ауыл әкімдеріне жүктеледі.
Тармақ 167
167. Мемлекеттік органдар қала әкімінің тапсырмаларын орындау жөніндегі ақпаратты орындаудың бақылау мерзімінен 5 (бес) жұмыс күні бұрын әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15:00-ге дейін осы регламенттің 9-қосымшасына сәйкес бекітілген нысанға сәйкес қала әкімінің аппаратына ресми түрде беруге міндетті. Берілген ақпарат ресми сипатта болуы және қолданыстағы заңнама нормалары есебімен қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен келісіліп, бірінші басшы қол қоюы тиіс. Қосымша орындаушы мемлекеттік органдар негізгі орындаушыға ресми ақпаратты 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынуы тиіс. Қала әкімі аппаратының салалық бөлімдері хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша мемлекеттік органдардың енгізген ақпараттарын қарап, тиісті бағасын қойып, осы регламенттің 9-қосымшасына сәйкес бекітілген нысанға сәйкес қала әкімінің тапсырмалары бойынша әр аптаның бейсенбі күні сағат 13:00-ге дейін, аппарат басшысының тапсырмалары бойынша жұма күні сағат 13:00-ге дейін ұйымдастыру бөліміне бөлім басшысының қолымен ұсынады.
Тармақ 168
168. Қала әкімдігі мен әкімінің актілері мен тапсырмалары қала әкімі немесе аппарат басшысы келіскен жағдайда тиісті бөлімдердің қызметтік жазбаларының негізінде бақылаудан алынады. Қала әкімінің тапсырмасын орындауды бағалаумен және ол бойынша тиісті ұсыныспен (оның ішінде бақылаудан алу бойынша) қызметтік жазбаны тиісті бөлімнің басшысы аппарат басшысының жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша қала әкімінің атына немесе аппарат басшысының атына енгізеді. Қызметтік жазба қала әкімдігі мен әкімінің актісі мен тапсырмасын орындау мерзімі басталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде енгізілуі тиіс. Әкімнің бірінші орынбасарының, әкімнің орынбасарларының тапсырмалары олар айқындаған тәртіппен және олармен келісім бойынша бақылаудан алынады.
Тармақ 169
169. Егер бақылау мерзімінің соңғы күні жұмыс емес күнге келетін болса, мерзімнің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
Тармақ 170
170. Әр тоқсанның қорытындысы бойынша тоқсанның соңғы айынан кейінгі айдың 20-сына Ұйымдастыру бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының, қала әкімінің тапсырмаларын орындау бойынша жиынтық есепті қала әкімінің, аппарат басшысының атына ұсынады. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс әкімдігі мен әкімінің заңнамалық актілерінің, актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы қала әкімін жүйелі түрде хабардар етеді, қала әкімінің олардың орындалуын бақылау жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді.
Тармақ 171
171. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының және Аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына жауаптылық орындау үшін жолданған атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі. Қала әкімі орынбасарларының және Аппарат басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды тапсырмаларды орындау құзырына жататын бөлімдер дербес бөлімдермен бірге жүзеге асырады. Қала әкімінің орынбасарлары және Аппарат басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының және Аппарат басшысының заңнамалық актілерін, актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгіленген тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізе алады.
Тарау 16. 16. Аппаратта жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру
16. Аппаратта жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру
Тармақ 172
172. Аппаратта жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі-Кодекс), "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 қаулысымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентіне, Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 114 қаулысымен бекітілген Кентау қаласы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентіне, сондай-ақ аппарат басшысы бекіткен ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 173
173. Жеке және заңды тұлғалардың (сондай-ақ облыс әкімінің электрондық поштасына, сайтқа, ватсабына келіп түскен) өтініштерімен жұмысты Құжаттандыру жүзеге асырады.
Тармақ 174
174. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу, басқа түрдегі іс жүргізуден бөлек, заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 175
175. Арыз иесіне жолдау үшін өтініштердің жауаптары 18.00-ге дейін қабылданады. Аппаратқа келіп түсетін өтініштер толық жұмыс күні ішінде қабылданады.
Тармақ 176
176. Қала әкімінің аппаратына келіп түскен жолданым, хабарлама, сұрау салу, пікір және ұсыныс "Электрондық өтініштер" ААЖ-да (бұдан әрі – Е-өтініш) тіркеуге жатады. Жолданымды, хабарламаны, сұрау салуды, пікірді және ұсынысты қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Тармақ 177
177. Жолданымды, хабарламаны, сұрау салуды, пікірді және ұсынысты тіркеу Кодекстің 64-бабының 3-бөлігімен көзделген мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 178
178. Қабылдауды, тіркеуді, кері қайтаруды құжаттандыру бөлімі жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері әкім аппаратына келіп түскен жағдайда, құжаттандыру бөлімі Кодекстің 63-бабында көрсетілген талаптарына сәйкестігін тексереді. Кодекстің 63-бабында көрсетілген талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, өтініштер бөлімінің басшысы арыз иесіне өтініш қай талапқа сәйкес келмейтінін көрсетіп, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін қисынды мерзім белгілейді. Әкімшілік органмен белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірілмеген жағдайда, өтініш арыз иесіне қайтарылады.
Тармақ 179
179. Заңнама талаптарына сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, өтініште көрсетілген лауазымды тұлғаға (қала әкіміне, оның орынбасарларына және аппарат басшысына) қарастыру үшін жолданады.
Тармақ 180
180. Өтініште қойылған сұрақтарды қарастыру аппараттың құзіретілігіне кірмеген жағдайда, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға құжаттандыру бөлімі басшысының қолыменен жолданады.
Тармақ 181
181. Ауызша нысанда берілген жолданымды құжаттандыру бөлімінің лауазымды тұлғасы немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді.
Тармақ 182
182. Төменгі әкімшілік органның немесе лауазымды тұлғаның әкімшілік актісіне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары тікелей аппаратқа келіп түскен жағдайда, өтініштер бөлімінің басшысы тіркеуден кейін дереу сол шағымды әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды тұлғаға, шешім қабылдау үшін және/немесе әкімшілік істі аппаратқа шағымның мәні бойынша қарастыру үшін жолдауды үш күн мерзімін көрсете отырып, жолдайды.
Тарау 17. 17. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру
17. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру
Тармақ 183
183. Қала әкімі, оның орынбасарлары, Аппарат басшысы қала әкімі бекіткен кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.
Тармақ 184
184. Өтініштер бөлімі 1 (бір) жұмыс күні бұрын қала әкімінің, оның орынбасарларының қабылдауына жазылған адамдардың тізімін Аппарат басшысына (Т.А.Ә., көтеріп отырған мәселелерін, қабылдауға шақырылғандар тізімін) енгізеді, сондай-ақ азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға дербес жауап береді.
Тармақ 185
185. Қала әкімінің қабылдауына Аппарат басшысы, бөлім басшылары, ауыл әкімдері, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкер қатысуы міндетті.
Тармақ 186
186. Қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттандыру бөлімі қала әкімі, оның орынбасарлары, Аппарат басшысы тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды, хаттаманы орындау және жауаптар ұсыну/беру үшін мемлекеттік органдарға жолдайды.
Тарау 18. 18. Басқарушы қызметкерлерді шақыру және шығу тәртібі
18. Басқарушы қызметкерлерді шақыру және шығу тәртібі
Тармақ 187
187. Ауыл әкімдерін кеңестерге шақыру қала әкімінің рұқсатымен жүзеге асырылады.
Тармақ 188
188. Қала әкімі орынбасарларының, Аппарат басшысының, ауыл әкімдерінің, бөлім басшыларының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуы қала әкімінің келісімімен жүзеге асырылады. Шетелге шығуға рұқсат беру туралы жазбаша өтінім қала әкіміне 7 (жеті) жұмыс күні бұрын ұсынылады. Рұқсат берілген жағдайда рұқсатты алған тұлға оны алған күні Аппараттың құпиялылық режимін сақтауға жауапты қызметкерін (МҚҚБ) хабардар етеді. Бұл ретте, қала әкімінің тиісті өкімі ресімделеді.
Тармақ 189
189. Қала әкімі орынбасарларының, ауыл әкімдерінің, Аппарат басшысының және бөлім басшыларының қаладан тыс жерлерге шығуы қала әкімінің келісімі бойынша жүзеге асырылады. Бөлім басшыларының қаладан тыс жерлерге шығуы қала әкімінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 190
190. Аппарат қызметкерлерінің қаладан немесе қала орталығынан тыс жерлерге шығуы Аппарат басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 191
191. Әкімдік отырыстары, жұмыс кеңестері өткізілетін күндер, басшыларды шақыру және басқа да шаралар қала әкімімен, оның орынбасарларымен, Аппарат басшысымен айқындалады.
Тармақ 192
192. Бөлім басшысының демалысы, сондай-ақ оның уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде міндеттерді басшының орынбасарына жүктей отырып, қала әкімінің тиісті өкімімен ресімделеді.
Тарау 19. 19. Қызметтік іссапарларға жолдау және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік мақсаттарда шетелге шығуы, соның ішінде қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу
19. Қызметтік іссапарларға жолдау және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік мақсаттарда шетелге шығуы, соның ішінде қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу
Тармақ 193
193. Аппарат қызметкерлерін Қазақстан Республикасы шегінде іссапарға жіберу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережемен айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 194
194. Қызметкерлерді бюджет қаражаты есебінен республика шегінде іссапарға жіберу өкім (бұйрық) негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, қала әкімі аппаратының қызметшісі шұғылды қоспағанда, 3 жұмыс күні бұрын іссапардың күндері мен мақсаттары, тұрғын үй жалдау күндері санын, маршрутты және негізгі қызметшінің жұмыста болмаған кезде оның міндеті жүктелетін тұлғаны көрсете отырып қызметтік жазбаны әзірлейді. Республиканың өңірлеріне көбінесе теміржол көлігімен жүзеге асырылады. Бұл ретте, іссапардың мақсаты аппараттың міндеті мен функциясына сәйкес болуы керек. Әртүрлі себептермен іссапарға шыға алмайтын жағдайда қала әкімі аппаратының қызметшісі іссапарға шықпау себептерін көрсете отырып міндетті түрде іссапардан 1 күн бұрын басшылыққа қызметтік жазбаны әзірлейді және жолдайды. Бұл тәртіп қала әкіміне қолданылмайды. Аппарат қызметкерлерін іссапарға жіберу туралы әкімшілік актіні қала әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) қызметтік жазбаның негізінде, ал қала әкімінің іссапары туралы актіні – қала әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларының тапсырмалары бойынша әзірлейді.
Тармақ 195
195. Қызметкерлер іссапардан келгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, Аппарат басшылығына атқарылған жұмыс туралы есеп беруге міндетті. Осы тармақтың талабы қала әкіміне, оның орынбасарларына, қала әкімінің көмекшілері мен кеңесшілеріне және өзгелей тәртіп белгіленген басқа да қызметкерлерге қолданылмайды.
Тармақ 196
196. Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) қызметкерді шетелге іссапарға жіберу туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін, мемлекеттік құпияларды білетін қызметкерлердің шетелге шығуын есепке алу үшін оның көшірмесін құпия құжаттармен жұмыс жөніндегі бас инспекторға жолдайды.
Тармақ 197
197. Қызметтік мақсаттарда шетелге шығу кезінде шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 198
198. Аппарат қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 199
199. Аппарат қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыруды персоналды басқару қызметі үйлестіреді.
Тармақ 200
200. Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) біліктілігін арттыру жөніндегі курстар (семинарлар) туралы ақпаратты облыс әкімдігінің веб-порталында мерзімді жариялауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 201
201. Қазақстан Республикасы шегінде біліктілігін арттыруға жолдау Аппарат бөлімдерінің қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады.
Тарау 20. 20. Аппарат ғимаратына және аумағына өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру тәртібі мен жұмыс уақыты режимі
20. Аппарат ғимаратына және аумағына өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру тәртібі мен жұмыс уақыты режимі
Тармақ 202
202. Аппарат қызметкерлері үшін екі демалыс (сенбі және жексенбі) күнімен бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бұл ретте, күн сайынғы жұмыс мерзімінің ұзақтығы сегіз сағатты құрайды, жұмыс уақыты режимі сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейін және сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін түскі ас үшін үзіліспен белгіленеді.
Тармақ 203
203. Аппарат қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтау мақсатында бақылау-өткізу пункті (турникет) белгілейтін СКУД (кіруді бақылау және басқару жүйесі) көмегімен бақылау жүргізіледі.
Тармақ 204
204. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-іне Аппарат басшылығына еңбек тәртібінің жай-күйі туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 205
205. Кезек күттірмейтін және алдын ала күтілмеген, оның шұғылдығы одан кейін жалпы алғанда Аппараттың (немесе оның жекелеген бөлімшелерінің) қалыпты және үзіліссіз жұмыс істеуіне ықпал ететін жұмыстарды орындау үшін қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен Аппараттың жекелеген қызметкерлері жұмыс режимінен тыс уақытта шақырылуы мүмкін.
Тарау 21. 21. Кадрлық қамтамасыз ету
21. Кадрлық қамтамасыз ету
Тармақ 206
206. Бөлімдердің жұмысын ұйымдастыру тікелей олардың басшыларымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 207
207. Олардың міндеттері мен функциялары айқындалатын бөлімдер туралы ережелерді бөлім басшылары әзірлейді, бірыңғай заң қызметімен келісіледі және Аппарат басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 208
208. Аппарат бөлімдері басшылары мен қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін айқындайтын лауазымдық нұсқаулықтарды бөлім басшылары әзірлейді, персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) келісіледі және Аппарат басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 209
209. Қала әкімі орынбасарларының, Аппарат басшысының, ауыл әкімдерінің мінездемелеріне қала әкімі қол қояды. Бөлім басшыларының мінездемелеріне қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарлары қол қояды.
Тармақ 210
210. Қала әкімінің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының және аппарат қызметкерлерінің жұмыс істейтінін растайтын анықтамаға Аппарат басшылығы қол қояды.
Тарау 22. 22. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау
22. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау
Тармақ 211
211. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 2 маусымдағы № 111 қаулысымен бекітілген Кентау қаласының әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 212
212. Бөлім басшыларының жеке жұмыс жоспарларымен қарастырылған нысаналы мақсатты индикаторларға (бұдан әрі – НМИ) қол жеткізілуін бақылауды жүзеге асыру мақсатында, тікелей басшымен (қала әкімінің орынбасары) белгіленген НМИ қол жеткізу бойынша тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.
Тармақ 213
213. Мониторинг жүргізу үшін тиісті басқармаға жетекшілік ететін - қала әкімі аппаратының бас инспекторы материалдарды жинақтап, қорытындысы бойынша ақпаратты қала әкімінің тиісті орынбасарына енгізеді.
Тармақ 214
214. Қала әкімі аппараты басшысының қызметін бағалау үшін құрылымдық бөлімшелер бағалауды жүргізу, одан әрі қалыптастыру және жинақтау мақсатында қажетті материалдарды персоналды басқару бөліміне (кадр қызметі) жолдайды.
Тарау 23. 23. Ақпараттық технологияларды басқару
23. Ақпараттық технологияларды басқару
Тармақ 215
215. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және қоғамдық қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы "Ақпараттандыру туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заңдарына сәйкес жүзеге асырылады және Ұйымдастыру бөлімімен: Аппараттың ақпараттандыру жүйесін құру және енгізу бойынша шараларды үйлестіру жүзеге асырылады; Аппараттың ақпараттандыру қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі; облыс әкімінің қатысуымен өтетін отырыстар, кеңестер, кездесулер бейнеконференция байланысы арқылы қосу жүзеге асырылады; Аппараттың интернет-ресурсының ашықтығының және қолжетімділігінің деңгейіне мониторинг жүргізіледі; жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін бағалау; апта сайынғы негізде "Битрикс-24" жүйесіне енгізілген жобаларды іске асыру мерзімдеріне мониторинг жүргізіледі; ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша ауыл әкімдіктерінің және бөлімдердің жұмысы үйлестіріледі.
Тарау 24. 24. Қаржылық қамтамасыз ету
24. Қаржылық қамтамасыз ету
Тармақ 216
216. Аппаратты қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қаржылық қызмет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы нормативтік құқықтық актілермен, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу туралы ережемен, өзге де нормативтік актілермен реттеледі.
Тармақ 217
217. Қаржы – шаруашылық бөлімінің негізгі міндеті Аппараттың қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық жағдайдағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпараттарды ұсыну болып табылады:
Тармақша 1
1) нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалану арқылы тікелей және түпкілікті жақсы нәтижелерге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалану жолымен тікелей және түпкілікті жақсы нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін ескере отырып, бюджетті әзірлеу және атқару;
Тармақша 2
2) бухгалтерлік есеп шоттарында барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операциялардың көрсетілуін бақылау, жедел ақпаратты беру, белгіленген мерзімдерде қаржылық есептілікті құру, мемлекеттік сатып алуға жұмсалатын ақшаны оңтайлы және тиімді пайдалану;
Тармақша 3
3) міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелерді қабылдау, қаржыландыру жоспарының орындалуын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысулардың жай-күйін бақылау, ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, кәсіпорындармен, мекемелермен бекітілген жеке қаржыландыру жоспарларын атқару процесінде туындайтын есеп айырысуларды мерзімінде жүргізу, қазынашылық органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру.
Тармақ 218
218. Материалдық құндылықтарды есепке алу материалдарды, негізгі құралдарды және аз құнды құрал-жабдықтарды есепке алу кітабын жүргізу, материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу және оның нәтижелерін уақтылы және дұрыс айқындау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 219
219. Жалақыны есептеуді жүзеге асыру, қызметкерлердің табыс салығын ұстап қалу бойынша жеке шоттарын, жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналарды есепке алу карточкаларын жүргізу жүзеге асырылады.
Тарау 25. 25. Аппараттың жұмыс регламентін сақтауға жауаптылық
25. Аппараттың жұмыс регламентін сақтауға жауаптылық
Тармақ 220
220. Қала әкімінің орынбасарлары, Аппарат басшысы, ауылдардың әкімдері, бөлім басшылары, Аппарат қызметкерлері осы Регламенттің тармақтарын бұзғаны үшін жауапты болады.
Тармақ 221
221. Аппарат қызметкері өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді (соның ішінде қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша) орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, қызметтік тәртіпті және қызметтік этиканы бұзғаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін оған мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес келесідей тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) ескерту;
Тармақша 2
2) сөгіс;
Тармақша 3
3) қатаң сөгіс;
Тармақша 4
4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
Тармақша 5
5) лауазымын төмендету;
Тармақша 6
6)атқарып жүрген лауазымынан босату.
Басқа 354
Кентау қаласы әкімі аппаратының Регламентіне 1-қосымша Ақпараттық-анықтамалық материалдарды ресімдеуді дайындау тәртібі
Тармақ 1
1. Ақпараттық-анықтамалық материалда мыналар болуы тиіс:
Тармақша 1
1)қаралып отырған мәселенің жалпы жағдайы;
Тармақша 2
2)қаралып отырған мәселе бойынша анықтама (үш беттен аспауы тиіс), көлемі 5 (бес) беттен аспайтын ақпараттық мәліметтер және материалдар;
Тармақша 3
3)салыстырмалы кестелер, презентациялар (көлемі 10 (он) мегабайттан аспайтын және қаріп өлшемі 18-ден кем емес, Arial, көрнекі ақпаратты көрсету форматына сәйкес келетін түрлі-түсті слайдтар 16:9);
Тармақша 4
4)әлеуметтік-экономикалық жағдай (қажеттілігіне қарай);
Тармақша 5
5)қоғамдық-саяси жағдай (қажеттілігіне қарай);
Тармақша 6
6)ақпараттық (талдамалық) баяндамалар (ұзақтығы 7-10 минуттан аспайтын);
Тармақша 7
7)өзекті мәселелер;
Тармақша 8
8)ұсыныстар мен мәселелерді шешу жолдары;
Тармақша 9
9)проблемалық мәселелер бойынша тапсырмалар;
Тармақша 10
10)және басқа материалдар.
Басқа 366
Кентау қаласы әкімі аппаратының Регламентіне 2-қосымша Қала әкімінің төрағалығымен өткізілетін іс-шаралардың қысқаша бағдарламасы және жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Қысқаша бағдарламада мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1)аялдама пункттерінің арақашықтығы көрсетілген бағыты;
Тармақша 2
2)уақыты белгіленген нысандарға бару бағдарламасы;
Тармақша 3
3)құрылған күні, жоба сомасы, жұмыс күші, орташа жалақысы, нысанның қуаты, ерекшеліктері көрсетілген нысанның паспорттары;
Тармақша 4
4)нысан басшысының объективкасы;
Тармақша 5
5)ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Тармақ 2
2. Іс-шараларды жүргізу тәртібі:
Тармақша 1
1)іс-шаралардың атауы;
Тармақша 2
2)қатысушылар тізімі;
Тармақша 3
3)баяндама жобасы мынадай талаптарға сай болуға тиіс: нақты қисынды мазмұндалған, тексерілген ақпарат, ресми расталған статистикалық және нақты мәліметтер мазмұндалған, бұрын жарияланған баяндамалардың фрагменттерін қайталауға жол берілмеуге тиіс, іс-шара нысанына барынша сәйкес келуі тиіс, қазақ және орыс тілдерінің іскери, әдеби нормаларына, сондай-ақ ауызекі сөйлеу стилистикасына сәйкес келуі тиіс;
Тармақша 4
4)жиналыс материалдары;
Тармақша 5
5)мәжіліс хаттамасының жобасы.
Басқа 379
Кентау қаласы әкімі аппаратының Регламентіне 3-қосымша Күні: Өткізілетін орны: Уақыты: Аппараттық/жедел мәжіліске қатысушылардың тізімі № Тегі, аты-жөні Қызметі Облыс әкімінің залында қатысатын қызметкерлер 1. Облыс әкімінің орынбасары 2.
Басқа 380
Кентау қаласы әкімі аппаратының Регламентіне 4-қосымша Іс-шараға қатысушыларды отырғызу сызбасы
Басқа 381
Кентау қаласы әкімі аппаратының Регламентіне 5-қосымша Сөз сөйлеу жобасы
Тармақ 1
1. Сөз сөйлеу жобалары мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
Тармақша 1
1) сөз сөйлеу мазмұны қысқа, түсінікті, дәлелді болуы керек, ондағы ақпаратты дәл және біржақты қабылдауды қамтамасыз етуі керек, презентацияның нақты логикасы болуы керек;
Тармақша 2
2) сөз сөйлеулерді дайындау кезінде мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың атауларын олардың ресми атауларына толық сәйкес жазуда грамматиканы, лексиканы, біркелкілікті, сондай-ақ жиі қолданылатын сөздер мен шамалардың жалпы қабылданған қысқартуларын сақтау қажет;
Тармақша 3
3) тексерілген ақпарат, ресми расталған статистикалық және нақты мәліметтер мазмұндалған;
Тармақша 4
4) бұрын жарияланған баяндамалардың фрагменттерін қайталауға жол берілмеуге тиіс;
Тармақша 5
5) әлеуметтік-экономикалық жағдай (қажеттілігіне қарай);
Тармақша 6
6) қоғамдық-саяси жағдай (қажеттілігіне қарай);
Тармақша 7
7) іс-шара нысанына барынша сәйкес келуі тиіс;
Тармақша 8
8) қазақ және орыс тілдерінің іскери, әдеби нормаларына, сондай-ақ ауызекі сөйлеу стилистикасына сәйкес келуі тиіс;
Тармақша 9
9) көлемі 10 (он) мегабайттан аспайтын және қаріп өлшемі 18-ден кем емес, Arial, көрнекі ақпаратты көрсету форматына сәйкес келетін түрлі-түсті слайдтар 16:9; 10 ) және басқа материалдар.
Басқа 392
Кентау қаласы әкімі аппаратының Регламентіне 6-қосымша Қала әкімінің аудан, қалаға қызметтік сапарын ұйымдастыру және дайындығы туралы
Тармақ 1
1. Қала әкімінің жұмыс кестесіне ауыл, қалаға шығу күні мен уақыты белгіленеді;
Тармақ 2
2. Ауыл, қаланы жетекшілік ететін бас инспектор сапар бойынша аралайтын нысандар тізбесін әзірлеп, уақыты, нысан арасындағы шақырымдарды анықтап, бағдарлама дайындайды;
Тармақ 3
3. Нысандар бойынша төлқұжаттары, қазіргі жағдайдағы суреті, нысан басшысының қызметтік тізбесі әзірленеді;
Тармақ 4
4. Ауыл, қаланы жетекшілік ететін бас инспектор бір күн бұрын аралайтын нысандар бойынша нақты жүру бағытын нақтылайды;
Тармақ 5
5. Ауыл, қаланы жетекшілік ететін бас инспектор аралайтын нысандардың саласына сәйкес қажетті құрал-саймандарды (каска, бетперде, халат, ботинки, қолғап, тақта) тексереді;
Тармақ 6
6. Ауыл, қаланы жетекшілік ететін бас инспектор сапар барысында кездесу (ұжым, зиялы қауым) болатын жағдайда, олардың тізімдері, сөйлейтіндердің мінездемесі әзірленеді;
Тармақ 7
7. Қала әкімінің сапары күні ауыл, қаланы жетекшілік ететін бас инспектор нысандардың толық дайын болуын қамтамасыз етіп, қала әкімімен бірге жүріп отырады.
Басқа 400
Кентау қаласы әкімі аппаратының Регламентіне 7-қосымша Қала әкімінің ауылдарға жұмыс сапарының қорытындысы бойынш есеп
Тармақ 1
1. Қала әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы бойынша есеп мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
Тармақша 1
1)мерзімдері мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып, хаттамалық тапсырманы орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
Тармақша 2
2)салалар бөлінісіндегі өзекті мәселелер;
Тармақша 3
3)ұсыныстар мен мәселелерді шешу жолдары;
Тармақша 4
4)бюджетті жоспарлау мен мемлекеттік бағдарламалармен интеграциялау;
Тармақша 5
5) көлемі 10 (он) мегабайттан аспайтын және қаріп өлшемі 18-ден кем емес, Arial, көрнекі ақпаратты көрсету форматына сәйкес келетін түрлі-түсті слайдтар 16:9;
Тармақша 6
6)және басқа материалдар.
Басқа 408
Кентау қаласы әкімі аппаратының Регламентіне 8-қосымша Хаттаманы дайындау және ресімдеу тәртібі
Тармақ 1
1. Хаттама кеңес (отырыс, жиналыс) кезінде жүргізілген жазбалар, баяндамалар мен сөз сөйлеу тезистері, анықтамалар, шешімдер жобалары және басқа да материалдар негізінде жасалады. Қала әкімі аппаратының ішінде жасалған және оның шегінен шықпайтын хаттама бланкіде ресімделмейді. Хаттаманың деректемелері:
Тармақша 1
1) ұйымның ресми атауы;
Тармақша 2
2) құжат түрінің атауы;
Тармақша 3
3) күні;
Тармақша 4
4) хаттаманың тіркеу нөмірі;
Тармақша 5
5) хаттама шығарылған орын;
Тармақша 6
6) бекіту грифі (кейбір жағдайларда);
Тармақша 7
7) хаттаманың тақырыбы;
Тармақша 8
8) мәтін;
Тармақша 9
9) қолы. Хаттамалар толық немесе қысқаша нысанда ресімделеді. Толық хаттаманың мәтіні екі бөліктен тұрады: кіріспе және негізгі. Кіріспе бөлімде хаттаманың атауынан кейін: отырыс төрағасының (төрағалық етушінің) және хатшысының тегі мен аты-жөні, қатысқандардың тізімі немесе егер олардың саны 10 адамнан асатын болса, қатысушылардың қоса берілген тізіміне сілтеме көрсетіледі. Кіріспе бөлім күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша баяндамашыны көрсете отырып, олардың маңыздылығы тәртібімен санамаланған қаралатын мәселелердің тізбесімен күн тәртібімен аяқталады. Әрбір сұрақ араб санымен нөмірленеді және оның атауы "О", "Об" деген сылтаумен басталады, ол сол жақ жиектің шекарасынан басылады. Жекелеген жағдайларда күн тәртібі хаттамаға қоса берілуі мүмкін, ал хаттаманың өзінде мәтіннің алдында "күн тәртібі қоса беріледі" деген жазба жазылады. Хаттаманың негізгі бөлігі күн тәртібінің тармақтарына сәйкес келетін бөлімдерден тұрады. Әрбір бөлімнің мәтіні мынадай сызба бойынша құрылады: ТЫҢДАДЫ – СӨЙЛЕДІ–ҚАУЛЫ ЕТТІ (ШЕШІЛДІ), олар бас әріптермен жазылады. Баяндамалар мен сөз сөйлеулердің негізгі мазмұны хаттама мәтінінде орналастырылады немесе оған қоса беріледі; соңғы жағдайда мәтінде "сөз сөйлеудің мәтіні қоса беріледі" деген ескерту жазылады. Қабылданған шешім толық басылады, қажет болған жағдайда дауыс беру қорытындылары келтіріледі. Қысқаша Хаттаманың мәтіні де екі бөліктен тұрады. Кіріспе бөлімде күн тәртібі көрсетілмейді. Қысқаша хаттаманың негізгі бөлігі қаралатын мәселелерді және олар бойынша қабылданған шешімдерді қамтиды. Сұрақтың атауы нөмірленеді және "О", "Об" деген сылтаумен басталады, ортасына басылады (әрбір жолдың басы мен соңы орналасу аймағының шекарасынан тең қашықтықта) және соңғы жолдан төмен бір сызықпен астын сызылады. Сызықтың астында осы мәселені талқылау кезінде сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі көрсетіледі. Содан кейін мәселе бойынша қабылданған шешім көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Хаттамаға отырысқа төрағалық етуші және хатшы қол қояды. Отырыстың күні хаттама күні болып табылады.
Тармақ 3
3. Хаттамалар "Хаттамалар" ЭҚАЖ ДБ-да тіркеледі, оларға күнтізбелік жыл шегінде реттік нөмірлер беріледі.
Тармақ 4
4. Хаттамалардың көшірмелері немесе хаттамалардан үзінді көшірмелер түрінде қабылданған шешімдер тарату көрсеткішіне сәйкес мүдделі ұйымдар мен лауазымды адамдарға жіберіледі. Тарату көрсеткішін мәселені қарауды дайындаған бөлімшенің жауапты орындаушысы жасайды және қол қояды. Хаттамалардың көшірмелері мен олардан үзінділер мөрмен расталады.
Тармақ 5
5. Хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының Ұйымдастыру бөліміне жүктеледі.
Басқа 423
Кентау қаласы әкімі аппаратының Регламентіне 9-қосымша Бөлім атауы Жалпы - Орындалған - Мерзімі бар - Тұрақты - Орындалмаған - № Тапсырманың мазмұны Хаттаманың күні және нөмірі Орындау мерзімі Орындалуы туралы ақпарат Салалық бөлімнің бағасы 1 (10.01.2026 жыл) № ------- Бөлім басшысының аты-жөні қолы