О внесении изменения в постановление акимата Алматинской области от 19 марта 2025 года № 78 «Об утверждении объемов субсидирования на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развитие племенного рыбоводства на 2025 год» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 наурыздағы «2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» № 78 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 наурыздағы «2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» № 78 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6225-05 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы «__» __________ №___ қаулысына қосымша Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 наурыздағы № 78 қаулысына қосымша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері № Субсидиялау түрлері Өлшем бірлігі (килограмм, дана) Субсидияланатын көлем (теңге) Субсидиялар сомасы (мың теңге) 1. Балық азықтарына тиесілі субсидиялар 1.1 Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары 797 848 кг 105 83 774,0 1.2 Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары 374 556 кг 270 101 130,0 1.3 Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары 104 056 кг 285 29 656,0 2. Тұқы, албырт, бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін балық отырғызу материалын сатып алуға субсидиялар (БӨМ) 2.1 Тұқы тұқымдас шабағы 30 граммға дейін 1 (бір) дана 2 503 200 дана 15 37 548,0 2.2 Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) дана уылдырық 3 586 000 дана 5 17 930,0 2.3 Албырт тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана 3 018 960 дана 25 75 474,0 2.4 Бекіре тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана 82 952 дана 250 20 738,0 3. Балық өсіру-билогиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялар (БӨБН) 3 дана 500000 1500,0 4. Дәрілік препараттарды сатып алуға субсидиялар 4.1 Жұқпалы аурулармен күресуге арналған антибиотиктер, антигельминтикалық препараттар тобы, иммунитетті арттыруға арналған препараттар, сыртқы ауруларға қарсы препараттар, торларды, тоғандар мен көлдерді өңдеуге арналған препараттар, су гидрохимиясын жақсартуға арналған препараттар, гипофиз 2 450 кг 5000 12 250,0 Барлығы 380 000,0