О внесении изменения в постановление акимата города Сатпаев от 19 декабря 2025 года № 83/01 «О ликвидации кладбища, расположенного к югу от бывшего поселка Жезказган, (переносе) перезахоронении останков умерших и надмогильных сооружений» Қолданыста
Басқа 0
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 83/01
«Бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде
орналасқан зиратты жою, марқұмдардың
сүйегін қайта жерлеу және бейіт құрылыстарын
көшіру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан зиратты жою, марқұмдардың сүйегін қайта жерлеу және бейіт құрылыстарын көшіру туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 83/01 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1. Бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан, кадастрлық нөмірі 25:112:020:1292 болатын ескі зираттағы 2146 жерлеу орнын және қабір үсті құрылыстарын көшіру (қайта жерлеу) жұмыстары басталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.