О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 19 января 2026 года № 29-н/қ «Об определении предельного размера стоимости контрольного (идентификационного) знака, средства идентификации, применяемых в маркировке моторных масел» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Мотор майларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 29-н/қ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мотор майларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 29-н/қ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Жағармай майларының, жағармай материалдарының және арнайы автомобиль сұйықтықтарының жекелеген түрлерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Жағармай майларының, жағармай материалдарының және арнайы автомобиль сұйықтықтарының жекелеген түрлерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшері қосылған құн салығынсыз бірлік үшін 4,7 теңге мөлшерінде айқындалсын.»
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі