Заводская, СПТУ-19, 25 лет Целины көшелерін Нұрахмет Қосаев атындағы көшеге қайта атау туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Заводская, СПТУ-19, 25 лет Целины көшелерін Нұрахмет Қосаев атындағы көшеге қайта атау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық кұрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және халықтың пікірін есепке алумен сәйкес Боровской селосының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Заводская, СПТУ-19, 25 лет Целины көшелері Нұрахмет Қосаев атындағы көшеге қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.