Об отмене карантинных мероприятий в КХ «Ерген» расположенное в строений 19 кх Алгабас, населенного пункта Таскала, Кенузекского сельского округа Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кеңөзек ауылдық округі, Тасқала елді мекені, Алғабас шқ құрылыс 19 мекенінде орналасқан «Ерген» ШҚ-да карантин шараларын тоқтату туралы «Қазақстан Республикасыдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару турлалы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 27 бабына және 10-1-бабының 7-тармағына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Атырау қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 08-4/33-И хатына сәйкес, Кеңөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Кеңөзек ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 658 шешімімен «Ерген» ШҚ-да белгіленген карантин шаралары ветеринариялық іс-шаралар кешені толықтай жүргізілуіне байланысты тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.