1941-1945 ж.ж Ұлы отан соғысы Жеңісінің 60-жылдығына орай материалдық көмек «бір реттік төлемақы» Ережесін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
1941-1945 ж.ж Ұлы отан соғысы Жеңісінің 60-жылдығына орай материалдық көмек «бір реттік төлемақы» Ережесін бекіту туралы
23 қаңтар 2001 жылғы № 148 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Ақмола облыстық әкімдігінің «Ақмола облыстық әкімдігінің 2004 жылғы 28 желтоқсанда № А-1/ 312 «облыстық мәслихаттың 2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен жүзеге асыру туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне орай материалдық көмек «бір реттік төлемақы» беру Ережесі бекітілсін (қосымша №1).
Тармақ 2
2. 18 ақпан 2005 жылғы № а-3/56 Ақмола облысы әкімдігінің «өзгерістер мен толықтырулар енгізу» қаулысына сәйкес, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, экономика және қаржы бөлімдері келісім бойынша: бір реттік төлемақы төлемінің орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жатады.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуы аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинге жүктелсін.
Басқа 5
Аудан әкімдігінің 2005 ж. 18 наурыздағы
№ 27 қорғалжын ауданының
қаулысына 1 қосымша.
1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы жеңісінің 60 жылдығына орай материалдық көмек «бір реттік төлемақы» төлеу Ережесі.
Осы Ереже 23 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, 2 желтоқсан 2004 жылғы Қазақстан Республикасының «2005 жылғы республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Ұлы отан соғысының 1941-1945 ж.ж. 60 жылдық Жеңісіне бір реттік материалдық көмек төлейтін тәртібін белгілейді.
Тармақ 1
1. Бір реттік материалдық көмекке құқығы барлар: Ұлы отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, Соғыс уақытында бұрынғы Кеңес Одағында ерен еңбегімен және мүлтіксіз жауынгерлік қызмет, тылда атқарғаны үшін, орден және медальдармен марапатталғандар соғыс уақытында қаза болған (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) Ұлы Отан соғысының жауынгерлерінің жесірлері.
Тармақ 2
2. Аудандық уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлем жөнінде Ұлы Отан соғысына қатысқандардың және Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің, бұрынғы Кеңес Одағындағы ерен еңбегімен және мүлтіксіз жауынгерлік қызмет тылда атқарғаны үшін, орден және медальдармен марапатталғандарға; соғыс уақытында қаза болған (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) Ұлы Отан соғысының жауынгерлерінің жесірлерінің тізімін құрастырады.
Тармақ 3
3. Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және мүгедектеріне бір реттік төлемақы көмек мөлшері – 10000 теңге.
Тармақ 4
4. Ұлы Отан соғысында бұрынғы кеңес Одағында ерен еңбек және мүлтіксіз жауынгерлік қызмет, тылда атқарғаны үшін орден, медальдармен марапатталғандар; соғыс уақытында қаза болған (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) Ұлы Отан соғысының жауынгерлерінің жесірлеріне бір реттік материалдық көмек 5000 теңге мөлшерінде.
Тармақ 5
5. Бір реттік материалдық көмек Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, бұрынғы кеңес Одағында ерен еңбек және мүлтіксіз жауынгерлік қызмет, тылда атқарғаны үшін орден, медальдармен марапатталғандар; соғыс уақытында қаза болған (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) Ұлы Отан соғысының жауынгерлерінің, қайта некелеспеген жесірлеріне жергілікті бюджеттен 451007 «Әлеуметтік төлем жекеленген топқа, мұқтаж азаматтарға жергілікті уәкілетті органның шешімін жүзеге асыру» Бағдарламасы бойынша қаржыландыру.
Тармақ 6
6. Құрылған тізім мемлекеттік зейнетақы төлем Орталығының Қорғалжын аудандық бөлімімен келісіліп, тізім бойынша, аудандық «Казпочта» акционерлік қоғамындағы жеке есеп шоттарына аударылады.
Тармақ 7
7. Атқарылған қызметі үшін акционерлік қоғам «Казпочтаға» төлемді заңды тәртіппен келісілген шарт бойынша жүзеге асырылады.