1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 62 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза болған немесе хабарсыз кеткен жауынгерлердің жесірлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Қолданыста
Басқа 0
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан
соғысындағы Жеңістің 62 жылдық
мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектеріне,
соғыста қаза болған немесе хабарсыз
кеткен жауынгерлердің жесірлеріне
біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа алып, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 62 жылдық мерекесіне орай соғысқа қатысушылар мен мүгедектерді, соғыста қаза болған немесе хабарсыз кеткен жауынгерлердің жесірлерін әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Жеңістің 62 жылдық мерекесі құрметіне байланысты аудандығы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әр қайсына 10000 (он мың) теңге,соғыста қағаз болған немесе хабарсыз кеткен жауынгерлердің жесірлеріне әр қайсына 5000 ( бес мың) теңге мөлшерінде бір жолға әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек осы санаттағы азаматтардың табыс мөлшеріне байланссыз төленсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.Әмірғалиев) аудан бойынша жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдардың нақты тізімін шығарып,осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен біржолға төлем төлеуді жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен сон заңды күшіне еніп,алғаш ресми жариялағаннан кейін,күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.