1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 63 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза болған немесе хабарсыз кеткен жауынгерлердің жесірлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Қолданыста
Басқа 0
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 63 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза болған немесе хабарсыз кеткен жауынгерлердің жесірлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа алып, 1941-1945 жалдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 63 жылдық мерекесіне орай соғсқа қатысушылар мен мүгедектерді, соғыста қаза болған немесе хабарсыз кеткен жауынгерлердің жесірлерін әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Жеңістің 63 жылдық мерекесі құрметіне байланысты аудандағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соғыста қаза болған немесе хабарсыз кеткен жауынгердің жесірлеріне әр қайсына 10000 (он мың) теңге мөлшерінде біржолға әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек осы санаттағы азаматтардың табыс мөлшеріне байланыссыз төленсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.Әмірғалиев) аудан бойынша жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдардың нақты тізімін шығарып, осы мақсатқа қаралған қаржы есебінен біржолғы төлем төлеуді жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Рахимовқа жүктелсін.