1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы Күшін жойған
Басқа 0
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республиқасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 20-бабына сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар төмендегідей белгіленсін:
Тармақша 1
1)Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша (жылу, газ, әлектр қуаты) қосымша жеңілдіктер 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, (бұдан әрi - қатысушылар мен мүгедектерге) барлығына 2006 жыл бойынша беріледі.
Тармақша 2
2)Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер жылумен, суық сумен, газбен, электр қуатымен жабдықтау, қокыс шығару сияқты тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге белгіленген нормалар шегінде (есеп бойынша: әлектр қуаты - 45кВт, айына 1 газ баллонный құны - 1000 теңге, суық су жеке меншік үйлерде - 69 теңге, көпқабатты үйлерде - 110 теңге, қанализация - 93 теңге, қокыс шығару үшін - 45 тенге, жеке меншік үйлерде 1 тонна көмірдің құны - 3750 теңге мөлшерінде жылына 1 рет) қатысушы немесе мүгедек тұрғын үйдің не болмаса пәтердің иесі не болмаса олардың жалдаушы болуына қарамастан төленеді.
Тармақша 3
3)Қатысушылар мен мүгедектердің тізімін құрастыруды және бекітуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.
Тармақша 4
4)Тұрғын үй-коммуналдық кызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер алу үшін қатысушы немесе мүгедек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қосымша жеңілдіктер бойынша соманы аударуға, жеке шотының нөмірін көрсете отырып өтініш жазады, өтінішке қосымша жеке куәлігінің көшірмесі, 1941-1945 жылдардагы Ұлы Отан соғысына қатысқан немесе мүгедектігі туралы куәлігі, тұрғылықты жерінен анықтама тапсырылады.
Тармақша 5
5)Қатысушылар мен мүгедектерге тұрғын үй-коммуналдық қызметіне арналған қосымша жеңілдіктеріне өтініш берген айдың бірінші жұлдызынан бастап тағайындалады.
Тармақша 6
6)Қатысушылар мен мүгедектерге тағайындалған соманы жеке шоттарына аударуды «Қазпочта» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалының Жамбыл аудандық пошта байланыс торабы және Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамының № 310900 Жамбыл аудандық филиалы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Жақсылық Сұлтанұлы Қарымбаевқа, аудандық қаржы бөлімінің бастығы Дулат Мұратұлы Сансызбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулынын орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ермекұлы Далабаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.