Қолданыстағы ред. 07.02.2007

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы от 07.02.2007 г. № 70 (1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы)

0

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық
тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту
жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 20-бабына сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен-мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар төмендегідей белгіленсін:

1

1) Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша (жылу, газ, электр қуаты)
қосымша жеңілдіктер 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің (бұдан әрі - қатысушылар мен мүгедектерге) барлығына беріледі.

2

2) Тұрғын үй-коммуналдык қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер жылумен, суық сумен, газбен, электр қуатымен жабдықтау, қоқыс шьғару сияқты тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге белгіленген нормалар шегінде (есеп бойынша: электр қуаты – 45 кВт, айына 1 газ баллонның құны 1200 теңге, суык су жеке меншік үйлерде 87 теңге 02 тиын, көпқабатты үйлерде - 139 теңге 08 тиын, канализация - 118 теңге 14 тиын; көпқабатты үйлерде қоқыс шығару үшін - 45 теңге, жеке меншік үйлерде 1 тонна көмірдің құны - 4000 теңге мөлшерінде жылына 1 рет) катысушы немесе мүгедек тұрғын үйдің не болмаса пәтердің иесі, не болмаса олардың жалдаушы болуына қарамастан төленеді.

3

3) Қатысушылар мен мүгедектердің тізімін құрастыруды және бекітуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.

4

4) Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер" алу үшін катысушы немесе мүгедек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қосымша жеңілдіктер бойынша соманы аударуға, жеке шотының нөмірін көрсете отырып өтініш жазады, өтінішке қосымша жеке күәлігінің көшірмесі, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан немесе мүгедектігі туралы күәлігі, тұрғылықты жерінен анықтама тапсырылады.

5

5) Қатысушылар мен мүгедектерге тұрғын үй-коммуналдық қызметіне арналған қосымша жеңілдіктеріне өтініш берген айдың бірінші жұлдызынан бастап тағайындалады.

6

6) Қатысушылар мен мүгедектерге тағайындалған соманы жеке шоттарына аударуды "Қазпочта" акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалының Жамбыл аудандық пошта байланыс торабы жэне Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамының № 310900 Жамбыл аудандық филиалы жүзеге асырады.

2

2. Осы қаулының орындалуы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Жақсылық Сұлтанұлы Қарымбаевқа, аудандық қаржы бөлімінің бастығы Дұлат Мұратұлы Сансызбаевқа жүктелсін.

3

3. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 784 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 29 қарашада тіркелген, тіркеу № 2-7-31, 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 2(5318) "Атамекен" газетінде ресми жарияланған) "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық жэне әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысы күші жойылған деп танылсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жандарбек Ермекұлы Далабаевқа жүктелсін.

4

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

12

Жамбыл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «07» ақпандағы «1941-1945 жылдардағ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 70 қаулысына келісу
«КЕЛІСІЛГЕН»
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарлама бөлімінің бастығы
Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы
Аудандық каржы бөлімінің бастығы
Сансызбаев Дулат Мұратұлы
«07» ақпан 2007 ж.