Об оказании и выплате материальной помощи в связи с празднованием годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов Қолданыста
Басқа 0
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 62 жылдығын мерекелеуге байланысты материалдық көмек көрсету және төлеу туралы
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-1 -бабы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы" Лисаков қалалық мөслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 322 шешіміне сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 62 жылдығын мерекелеуге байланысты халықтың түрлі санаттарына материалдық көмек көрсетілсін және төленсін:
Тармақша 1
1) материалдық көмек алушылар:
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
"Ұлы Отан соғысында Германияны женгені үшін", “Жапонияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған адамдар;
1941-1945 жылдары соғыс жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі үшін медаль және ордендерімен марапатталған тылдағы еңбеккерлер; концлагердің кәмелетке толмаған тұтқындары; қайтыс болған жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері);
басқа мемлекеттердін аумағында әскери қимылдарға қатысқандар; Тоцкий лагерьлерінде қызметін өткерген тұлғалар;
ерікті жалдама құраманың адамдары;
"Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен марапатталған соғысқа қсатысушылардың, партизандардың әйелдері (күйеулері);
Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылар;
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезеңінде жұмыс өтілі құжатпен басталған кемінде алты ай жұмыс істеген азаматтар;
қуғын - сүргінге ұшыраған және ақталып шыққан адамдар болып табылады;
Тармақша 2
2) 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 62 жылдығын мерекелеуге байланысты материалдық көмек мынадай мөлшерлерде енгізіледі:
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне — 1000 теңге;
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда, аталған қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген халық санаттарына - 1000 теңге;
Тармақша 3
3) материалдық көмекті төлеу уәкілетті органмен ұсынылған тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік операциялары сәйкес келетін түрлеріне лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкілер немесе ұйымдар арқылы материалдық көмекті алушының жеке шотына ақшалай қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Материалдық көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Материалдық көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметт көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бакылау Лисаков қаласы орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.