1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, Балқаш аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық – тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар төмендегідей белгіленсін:
Тармақша 1
1) Тұрғын үй - коммуналдық қызметтер бойынша (жылу, газ, электр қуаты, су) қосымша жеңілдіктер 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің (бұдан әрі – қатысушылар мен мүгедектерге) барлығына берілсін.
Тармақша 2
2) Тұрғын үй коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер жылумен, суық сумен, газбен, электр қуатымен жабдықтау, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге белгіленген нормалар шегінде (есеп бойынша: электр қуаты - 50 киловатт (1 киловатт құны - 11 теңге 38 тиын), айына 1 газ балонның құны - 1400 теңге, суық су көше бойына тартылған қарашасына дейін – 224 теңге 26 тиын, суық су көше бойына тартылған – 134 теңге 75 тиын, жеке меншік үйлерде 1 тонна көмірдің құны - 8000 теңге мөлшерінде жылына 1 рет) төленсін.
Тармақша 3
3) Қатысушылар мен мүгедектердің тізімін құрастыруды және бекітуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырсын.
Тармақша 4
4) Тұрғын үй – коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер алу үшін қатысушы немесе мүгедек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қосымша жеңілдіктер бойынша жеке куәлігінің көшірмесі, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан немесе мүгедектігі туралы куәлігі, тұрғылықты жерінен анықтама тапсырылсын.
Тармақша 5
5) Қатысушылар мен мүгедектерге тұрғын үй – коммуналдық қызметіне арналған қосымша жеңілдіктеріне өтініш берген айдың бірінші жүлдызынан бастап тағайындалсын.
Тармақша 6
6) Қатысушылар мен мүгедектерге тағайындалған соманы екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Сқабаев Бақытқа, аудандық қаржы бөлімінің бастығы Халықов Кәдірге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айдарбеков Есенгелді Айдарбекұлына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.