О мероприятиях медицинской реабилитации населения, пострадавшего вследствие ядерных испытаний на бывшем Семипалатинском ядерном испытательном полигоне в 1949-1990 годах Күшін жойған
Басқа 0
1949-1990 жылдардағы бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық жарылыстардың әсерінен зардап шеккен азаматтарды медициналық реабилитациялау шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – орындалу мерзімі аяқталуына байланысты - Ақтөбе облысының Әділет департаментінің 24.04.2007 № 4-19/4895 хатымен.
Қазақтан Республикасы Үкіметінің 1949-1990 жылдардағы бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық жарылыстардың әсерінен зардап шеккен азаматтарды медициналық реабилитациялау бағдарламасы туралы 1997 жылғы 17 наурыздағы № 336 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 1949-1990 жылдардағы бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық жарылыстардың әсерінен зардап шеккен азаматтарды медициналық реабилитациялау шаралары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандардың Әкімдері мен қала Әкімі облыстық денсаулық сақтау басқармасы облыстық экология және биоқорлар еңбек және әлеуметтік қорғау басқармаларымен бірлесе отырып, тұрғындарды медициналық реабилитациялау шараларын орындау қамтамасыз етудің тиісті шараларын алсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Е. Н. Дошаевқа жүктелсін.
Басқа 4
№ 106 Облыс Әкімінің шешімне қосымша
«28» мамыр 1997 жыл.
1949-1990 жылдардағы бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық жарылыстардың әсерінен зардап шеккен азаматтарды медициналық реабилитациялау шаралары
Шаралар
Орындау мерзімі
Орындаушылар
Ядролық сынақ полигонында орналасқан елді мекендер мен қалаларда тұрған азаматтардың тізімін қайта қарап, реттеп, оларды Қазақстан Мемлекеттік медициналық регистріне енгізу /тұрған жылдары көрсетілуі керек/.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Еңбек және әлеуметтік қорғау облыстық басқармаларымен, аудан Әкімдері мен қала Әкімімен бірлесе отырып.
Сәуле таралуының төтенше және ең күшті әсерлі аймақтар үшін
1997 ж.
Әлеуметтік – экономикалық статусында жеңілдіктері бар аймақтар үшін
1998 ж.
Сәуле таралуының көп және ең аз аймақтары үшін.
1998 ж.
«Науқасы» бар екендігін анықтайтын медициналық куәлік – қағаздары бар азаматтардың денсаулығын түзеу және емдеу.
1999 ж.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
1949 жылы Қазақстанда алғаш атом жарылысы болған күні және 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні болып саналатын 29 тамызды «Семей ядролық полигонында құрбан болғандарды еске алу күні» деп белгілеу туралы белгіленген тәртіп бойынша ұсыныс енгізу.
1997 ж.
Аудан Әкімдері мен Қала Әкімі
Қоғамдық ұйымдар.
Сәуле әсерінен науқасқа ұшыраған азаматтардың денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп, ауыруын анықтау және сол азматтарға науқасы бар екендігін айқындаутын медициналық куәліктер беруді ұйымдастыру.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау облыстық басқармалары
Қала әкімі
Сәуле таралуының төтенше және ең күшті әсерлі аймақтары үшін.
1999 ж.
Әлеуметтік – экономикалық статусында жеңілдіктері бар аймақтар үшін
2000 ж.
Сәуле таралуының көп және аз аймақтары үшін.
2000 ж.
Ақтөбе қаласындағы аймақтық проф. патология орталығының базасынан реабилитация бөлімін ашу.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Аймақтық проф. патология орталығының жанынан аурудың сәуле әсерінен байланысты болғандығын айқындайтын Аймақтық үкімет аралық эксперттік Кеңес құру
1997 ж.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ядролық сынақтың әсері бар аймақта орналасқан елді мекендерде тұрған азаматтарды есепке алып, диспанцеризациялауды 100/о-ке орындау.
1997 ж.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау облыстық басқармасы
Ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтарды медициналық реабилитациялау мәселелерінің өте маңызды екендігін және осы мәселелерде «Полигон 29 тамыз» қайырымдылық қорының әсерін ескере отырып, ұйымдастырылған жоспар бойынша қорға көмек беру.
үнемі
Аудан Әкімдері
Қала Әкімі