«О сроках завершения обращения на территории Республики Казахстан казначейских и банковских билетов Госбанка СССР и Банка России образца 1961–1992 годов и их обмена на национальную валюту» Қолданыста
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының аумағында КСРО Мембанкі мен Ресей банкінің 1961 – 1992 жылдардың үлгісіндегі қазынашылық және банк билеттерінің айналысын аяқтау және оларды ұлттық валютаға айырбастау мерзімдері туралы»
Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валюта – теңгенің айналымға енгізілуіне байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
І. КСРО Мембанкісі мен Ресей банкісінің 1961 – 1992 жылдардың үлгісіндегі қазынашылық және банк билеттерін теңгеге айырбастау 1993 жылғы 20 қарашадағы сағат 18.00-ге дейін /жергілікті уақыт/ аяқталсын.
1993 жылғы 15 қарашада сағат 08.00-ден бастап /жергілікті уақыт/ Қазақстан Республикасы аумағындағы КСРО Мембанкі мен Ресей банкінің 1961 – 1992 жылдардың үлгісіндегі бағалылығы 1000, 5000 және 10 000 сомдық қазынашылық және банк билеттерінің айнылысына тыйым салынсын.
1993 жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап /жергілікті уақыт/ Қазақстан Республикасының аумағында КСРО Мембанкі мен Ресей банкінің 1961 – 1992 жылдардың үлгісіндегі бағалылығы І,3,5,10,25,50,100,200 және 500 сомдық қазынашылық және банк билеттерінің айналысына
тыйым
салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы , жергілікті әкімдер және құқық қорғау органдары осы Жарлықтың орындалуын қамтамасыз етсін.