О проведении призыва на срочную военную службу граждан 1971-1980 годов рождения осенью 1998 года Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1998 жылғы күзде 1971-1980 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен. "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 14 баптарына сәйкес және 1998 жылғы күзде мерзiмдi әскери қызметке дер кезiнде шақыруды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi шақыру комиссияларын құрсын, олардың төрағалары етiп әкiм орынбасарларын тағайындасын. Шақыру комиссияларының жұмысын және 1998 жылы мерзiмдi әскери қызметке шақыруға жататын 1971-1980 жылдары туған барлық азаматтардың шақыру пункттерiне ұйымшылдықпен келуiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолданылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының жұмысына басшылық және бақылау жасау үшiн облыстық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын: Абайдiлдин Т.Ж. - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы; Мұқашев К.М. - облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының орынбасары; КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРI: Бақтыбаев Ж.Т. - облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары Андағұлов К.Б. - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары; Кәкенов Х.А. - шақыру бөлiмi бастығының аға көмекшiсi, облыстық әскери комиссариаттың дәрiгер-терапевтi, медициналық комиссиясының төрағасы; Петрова Т.А. - облыстық медицина бiрлестiгiнiң дәрiгер-фтизиатры, медициналық комиссияның хатшысы.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, шаруашылық басшылары шақыруды өткiзу үшiн жастардың ұйымшылдықпен келуі жөнiнде шаралар қолдансын. әскеркомдар жабдықталған шақыру пункттерiмен қамтамасыз етiлсiн, қажеттi мөлшерде қамтушы қызметкерлер мен көлiк бөлiнсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм департаментi шақыру кезiнде шақырылушы жастармен әскери-патриоттық және тәрбиелiк шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге белсендi қатыссын, облыстық жинау пунктiнен командаларды ұйымдастырып, жiберу кезiнде соғыс және еңбек, Қарулы Күштер ардагерлерiмен, әскери қызметшiлермен кездесулер ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасы (Данияров Б.К.) облыстық әскеркомның басшылығымен бiрге әскери-спорттық оқулар өткiзсiн, әскери-патриоттық кино және бейнефильмдер көрсетсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық сауда және қызмет көрсету департаментi (Шәкенов М.Ш.) облыстық жинау пунктiнде шақыруды өткiзу кезеңiне асхананы қамтамасыз ету мен жабдықтауға, шақырылушыларды үш мезгiл ыстық тағаммен қамтамасыз етуге және олардың жүру жолдарына азық-түлiк өнiмдерiн сатуға байланысты мәселелердi шешсiн.
Тармақ 7
7. Облыстық Мемсанэпидқадағалау басқармасы (Якупов В.С.) облыстық жинау пунктiнiң үйiн дезинфекциялау мен санитарлық тазартуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 8
8. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Лұқпанов Т.М.), қалалық және аудандық iшкi iстер бөлiмдерi шақырудан жалтақтаған шақырылушыларды iздестiру мен шақыру пункттерiне жеткiзудi, әскери қызметке шақыру және әскерлерге жiберу кезiнде шақыру пункттерiнде тәртiп сақтауды қамтамасыз етсiн. Облыстық жинау пунктiнде тәулiк бойы милиция постын, ал жөнелту кезiнде обләскеркомның тапсырысы бойынша "¤скемен" және "Защита" стансаларында милицияның қосымша нарядтарын бөлудi ұйымдастырсын. 9. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi шақырылушыларды жеткiзудi қамтамасыз етсiн: тұрғылықты жерлерiнен аудандық, қалалық әскеркомдарға шақыру комиссиясына дейiн және қайта қайтуды; тұрғылықты жерден әскерлерге жiберу үшiн облыстық жинау пунктiне дейiн.
Тармақ 10
10. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Жiгiтаев Х.Т.) тұрақты жұмыс iстейтiн облыстық медициналық комиссияның жұмысын, мерзiмдi әскери қызметке шақырылатын және әскери-оқу орындарына түсетiн азаматтарды куәландыру сапасын бақылауға алсын. Қалалық және аудандық шақыру комиссияларын дәрiгер мамандармен, орта дәрежелi медицина қызметкерлерiмен, шақыру пункттерiн- қажеттi құрал-саймандармен, медикаменттермен және медициналық мүлiкпен толықтыру жөнiнде шаралар қолданылсын. Шақырылушыларды флюорографиялық, электр кардиологиялық және басқа зерттеулердi қамтамасыз етсiн. Қалалар мен аудандардың емдеу мекемелерiнде шақырылушыларды клиникалық зерттеу және емдеу үшiн қажеттi мөлшерде төсек бөлiнсiн. Шақыру кезiнде қажеттi зерттеушiлердi қабылдау, шақырылушыларды зерттеу және емдеу қаражаттарды нақты пайдалану бойынша аудандық және қалалық бюджеттер есебiнен жүргiзiлсiн.
Тармақ 11
11. Республикалық мемлекеттiк "Қазақстан темiржолы" кәсiпорнының "Защита" бөлiмi (Кривобоков С.Л.) обләскеркомның тапсырысы бойынша шақырылушыларды облыстық жинау пунктiнен "¤скемен" стансасынан "Защита" стансасына және барудың ақырғы пунктiне дейiн жеткiзу үшiн маневрлiк локомативпен және қажеттi мөлшерде вагондармен қамтамасыз етсiн. "¤скемен" және "Защита" стансаларының билеттiк кассаларында шақырылушылар командаларына билеттердi кезексiз алу қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 12
12. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Заңның 35 бабына сәйкес шақыруға, дәрiгер мамандарға орта буын медицина қызметкерлерiне ақы төлеуге, шақырылғандарды әскери бөлiмдерге жiберуге обләскеркомдарды, облыстық жинау пунктiн медикаменттермен, құрал-саймандармен, шаруашылық мүлкiмен, автомобиль көлiгiмен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге байланысты шараларды, сондай-ақ облыстық жинау пунктi үйiн, шақырылғандардың жеке мүлiктерiн санитарлық тазалауға және оларды моншаға түсiруге, облыстық жинау пунктiнде үш мезгiл ыстық тамақ берудi ұйымдастыруға байланысты шығындарды 1998 жылға арналған бюджет қаражаттары есебiнен қаржыландыруды жүргiзсiн.
Тармақ 13
13. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.ә.) облыстық әскеркомға ағымдағы шаруашылық мақсаттар үшiн қажеттi медициналық құралдарды, жабдықтар мен медикаменттердi, заттарды алуға, көлiк пен байланыс қызметтерiне ақы төлеуге, iссапарлық шығындарға, кезекшi автокөлiктi ұстауға, облыстық жинау пунктiнiң үйiн және оның тұрмыстық орындарын жай жөндеуге 3500 мың теңге сомасында резервтiк қордан қаражаттар бөлсiн.
Тармақ 14
14. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Ж.Абайдiлдинге жүктелсiн.