О проведении призыва на срочную военную службу граждан 1972-1981 годов рождения весной 1999 года Күшін жойған
Басқа 0
1972-1981 жылдары туған азаматтарды 1999 жылғы
көктемде мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен.
"Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы”
Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 14 баптарына сәйкес және 1999 жылғы
көктемде мерзiмдi әскери қызметке дер кезiнде шақыруды қамтамасыз ету
мақсатында
ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi қалалық және аудандық әскерге
шақыру комиссияларын құрсын, олардың төрағасы етiп әкiмдердiң
орынбасарлары тағайындалсын. Шақыру комиссияларының ұйымдастыру жұмысын
қамтамасыз ету шаралары қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық әскерге шақыру комиссияларының қызметiне
басшылық және бақылау жасау үшiн облыстық әскерге шақыру комиссиясы мына
құрамда құрылсын:
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, шаруашылық басшылары әскерге
шақыруды жүргiзу үшiн жiгiттердiң ұйымдасқан түрде келуi жөнiнде шаралар
қолдансын. әскери комиссариаттар жабдықталған шақыру қосындарымен
қамтамасыз етiлсiн, қызмет көрсететiн адамдар мен көлiктер қажеттi
мөлшерде бөлiнсiн. Салтанатты түрде шығарып салу рәсiмi ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы әскерге
шақырылатын жастармен әскери-патриоттық шараларды ұйымдастыруға және
өткiзуге белсендi қатысатын болсын, облыстық жиын қосынында командаларды
құрастыру және аттандыру кезiнде соғыс және еңбек, Қарулы Күштер
ардагерлерiмен, әскери қызметкерлермен кездесу ұйымдастырылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасы (Данияров Б.Қ.)
облыстық әскери комиссариаттың басшылығымен бiрлесiп облыстық жиын
қосынында өнерпаздардың шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетуiн, кино және
бейнефильмдер қоюды, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне жолдау
алған әскерге шақырылушылардың шыныққандығын тексерудi ұйымдастырсын.
Облыстық жиын қосынын спорт мүкәмалымен жабдықтауға көмек көрсетсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық сауда және қызмет көрсету департаментi (Шәкенов М.Ш.)
әскерге шақыруды жүргiзу кезiнде облыстық жиын қосынында асхананың
жабдықталуы мен қамтамасыз етiлуiне, әскерге шақырушылардың үш рет
тамақтануына және олардың баратын жерiне дейiнгi жолға азықтар сатуды ±
ұйымдастыруға байланысты мәселелердi шешсiн.
Тармақ 7
7. Облыстық Мемсанэпидқадағалау басқармасы (Якупов В.С.) облыстық
жиын қосынын дезинфекциялау мен санитарлық өңдеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 8
8. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Күнғожинов С.Т.), қалалық және
аудандық iшкi iстер бөлiмдерi әскерге шақырудан жалтарып жүрген әскерге
шақырылушыларды iздестiрудi және шақыру қосындарына жеткiзудi, әскери
қызметке шақыру және әскерлерге жөнелту кезiнде шақыру қосындарында
тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсiн. Облыстық жиын қосынында полиция
постын ұйымдастырсын, ал жөнелту кезiнде “Өскемен” және “Защита”
станцияларында облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша қосымша
нарядтар бөлсiн.
Тармақ 9
9. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi әскерге шақырылушылардың елдi
мекендерiнен аудандық, қалалық әскери комиссариаттардың шақыру
комиссияларына және қайта жеткiзiлуiн, сондай-ақ әскерге жөнелту үшiн
облыстық жиын қосынына дейiн жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 10
10. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Аңдағулов Қ.Б.) тұрақты
iстейтiн облыстық медициналық комиссияның жұмысын, мерзiмдi әскери
қызметке шақырылатын және әскери-оқу орындарына түсетiн азаматтарды
куәландыру сапасын бақылауға алсын. Қалалық және аудандық шақыру
комиссияларын маман дәрiгерлермен, орта медициналық қызметшiлермен, шақыру
қосындарын қажеттi құралдармен, медикаменттермен және медициналық мүлiкпен
жасақтау жөнiнде шаралар қолдансын. әскерге шақырылушыларды
флюорографиялық, электрокардиологиялық және зерттеудiң басқа түрлерiнен
өткiзудi қамтамасыз етсiн. Қалалық және аудандық емдеу мекемелерiнде
әскери шақырылушыларды клиникалық зерттеу және емдеу үшiн төсектердiң
қажеттi санын бөлсiн. Әскерге шақыру кезiнде әскерге шақырылушылардан
қажеттi анализдер алу, зерттеу және емдеу шаралары iс жүзiнде пайдаланған
қаражаттар бойынша аудандық және қалалық бюджет есебiнен жүргiзiлсiн.
Тармақ 11
11. Республикалық мемлекеттiк “Қазақстан темiр жолы” кәсiпорнының
Защита тасымалдау учаскесi (Жүнiсов Н.К.) облыстық әскери комиссариаттың
тапсырысы бойынша облыстық жиын қосынындағы әскерге шақырылушыларды
“Өскемен” станциясынан “Защита” станциясына және тағайындалған соңғы
жерiне дейiн жеткiзуге арналған вагондардың және отыратын орындардың
қажеттi мөлшерiн, маневрлiк локомотив бөлудi қамтамасыз етсiн. “Өскемен”
және “Защита” станцияларының билет кассаларында әскерге шақырылушылар
командаларына кезектен тыс билет алуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 12
12. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi “Жалпыға бiрдей әскери мiндет
және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 35
бабына сәйкес әскерге шақыруға, маман дәрiгерлерге, орта медициналық
қызметшiлерге еңбекақы төлеуге, облыстық жиын қосынына әскерге
шақырылушыларды жөнелтудi жүргiзуге, әскери комиссариаттарды
медикаменттермен, құралдармен, шаруашылық мүлiкпен, автокөлiкпен және
байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге байланысты шараларды қаржыландыруды
жергiлiктi бюджеттерде 1999 жылға көзделген қаражаттар есебiнен жүргiзсiн.
Тармақ 13
13. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары
Т.Ж.Абайдiлдинге жүктелсiн.