О проведении призыва на срочную военную службу граждан 1974-1983 годов рождений весной 2001 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1974-1983 жылдары туған азаматтарды 2001 жылғы көктемде мерзімді әскери қызметке шақыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 13 мамырдағы № 88 шешімімен. "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 14 баптарына сәйкес 2001 жылғы көктемде мерзімді әскери қызметке азаматтарды дер кезінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, әскери комиссарлар облыс азаматтарын мерзімді әскери қызметке дер кезінде шақыруды және аттандыруды жүргізсін, осы кезеңге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметіне басшылық және бақылау жасау үшін облыстық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
Тармақ 1
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері, барлық меншік түрлері ұйымдарының, кәсіпорындарының басшылары жас жігіттердің әскери комиссариаттарға келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын. Қалалар мен аудандардың әкімдері әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру қостарымен қамтамасыз етсін, техникалық қызметшілердің және шақырылушыларды тасымалдауға арналған көліктің қажетті санын бөлсін. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке салтанатты шығарып салуды ұйымдастырсын. әскерге шақыруды қаржыландыруды жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүргізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Аңдағұлов Қ.Б.) тұрақты жұмыс істейтін облыстық медициналық комиссияның жұмысын, мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды куәландырудың сапасын бақылауға алсын. әскери комиссариаттардың аудандық және қалалық медициналық комиссияларын маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен толықтыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер басқармасы (Күнғожинов С.Т.), қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдері әскерге шақырудан жалтарып жүрген шақырылушыларды іздестіруді және шақыру қостарына жеткізуді, шақыру қостарында азаматтарды әскерлерге жіберу кезінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін. Облыстық жиын қосында полиция постын ұйымдастырсын, ал аттандыру кезінде (облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша) "Өскемен" және "Защита" теміржол станцияларында полицияның қосымша нарядын бөлсін.
Тармақ 6
6. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (Рукин А.И.) әскерге шақыру кезінде әскерге шақырылатын жастармен тәрбие шараларын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатыссын, командаларды қалыптастыру және облыстық жиын қосынан аттандыру кезінде соғыс және еңбек, Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Якупов В.С.) облыстық жиын қосының орынжайларын дезинфекциялауды және санитарлық өңдеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстық сауда және қызметтер көрсету департаменті (Шәкенов М.Ш.) әскерге шақыруды жүргізу кезеңінде облыстық жиын қосында әскерге шақырылушылардың тамақтандырылуын ұйымдастырумен байланысты мәселелерді шешсін.
Тармақ 9
9. Облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасы (Данияров Б.Қ.) облыстық әскери комиссариаттың командованиесімен бірлесіп облыстық жиын қосында шығармашылық өнерпаз ұжымдардың өнер көрсетуін, кино мен бейнефильмдер қоюды, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне бағытталатын әскерге шақырушылардың дене шынықтырылуын тексеруді ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Облыстық көлік департаменті (Уфимцев Г.С.) облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша облыстық жиын қосындағы әскерге шақырылушыларды "Өскемен" станциясынан "Защита" станциясына дейін және тағайындалған түпкі қосына дейін жеткізу үшін маневрлік локомотив пен вагондардың қажетті санын бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.ә.) әскерге шақыруды қаржыландыруды облыс бюджетінің 2001 жылға айқындаған мөлшерінде жүргізсін.
Тармақ 12
12. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Қажыбаевқа жүктелсін.