1974-1983 жылдары туылған азаматтарды 2001 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 30 наурыздағы № 578 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындау тұрғысында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1974-1983 жылдары туылған азаматтарды 2001 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 02.04.2001 г. № 438 (1974-1983 жылдары туылған азаматтарды 2001 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)
1. Облыстық шақыру комиссиясы құрылсын оның дербес құрамы № 1 қосымшаға сай бекітілсін.
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері тиісінше шақыру комиссияларын құрсын және олардың жұмысын ұйымдастырсын.
3. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері:
- азаматтарды әскерге шақыру және әскерге шақырылғандарды жөнелту кезінде әскери комиссариаттарды осы жұмыстарды атқаруға сай жабдықталған шақыру пункттерімен қамтамасыз етсін, қажетті мөлшерде дәрігерлер, аяжандар, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушілер құрамын бөлсін;
- мерзімді әскери қызметке шақыруға орай әскерге шақырылған азаматтардың әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын және осы мақсаттар мен шақыру мерзіміндегі кезекшілік үшін қажетті көлік бөлсін;
- мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастырсын.
4. Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Әжібеков) Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 35 бабына сай әскери қызметке шақыру және тасымалдауға тиісті қаржы бөлуді ұйымдастырсын, облыстың әскери комиссариаттары мен облыстық шақыру пунктін медициналық құрал жабдықтарымен, шаруашылық мүліктерімен, автокөлікпен және байланыс құралдарымен, сондай-ақ жиын пункттерін және әскерге шақырушылардың жеке заттарын санитарлық өңдеуден өткізуге, тамақтандыруға кететін қаржыларды облыстық бюджеттен бөлуді қамтамасыз етсін.
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Даулетбаев):
- шақырылғандарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру үшін облыстық шақыру пунктіне жоғары білікті маман дәрігерлер мен аяжандардың қажетті санын № 2 қосымшаға сай, сондай-ақ аудандарға және Қызылорда қаласына жетіспейтін дәрігер-мамандарды бөлсін;
- медициналық комиссияларды қажетті медикаменттермен, медициналық құралдармен, флюорографиялық пленкамен және ЭКГ-ның қағаздарымен қамтамасыз етсін;
- аудандардағы және Қызылорда қаласындағы емдеу-профилактикалық мекемелерінде және облыстық Диагностикалық орталығына шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастырсын, олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін тереңдетілген дәрігерлік тексеру жүргізсін;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 1995 жылы № 61 бұйрығына сәйкес облыстық, аудандық, қалалық емдеу мекемелерінде шақырушылардың ішіндегі ауруы барларды жатқызып емдеуге жатын койкалар санын бөлсін;
- облыстық жиын пунктін дезинфекциялау және санитарлық өңдеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
6. Облыстық ішкі істер басқармасы (Т.Рахимов), теміржол желілік ішкі істер бөлімі (Б.Есмаханов) және олардың жергілікті органдары:
- шақыру кезінде полиция наряды мен олардың жылжымалы пункттерін бөлсін, тұрғындардың көп жиналатын және әскерге шақырылғандарды тиеу мен тасымалдау кезінде шығарып салушылар арасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шара көрсін;
- міндетті әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізсін.
7. Облыстық әділет басқармасы (С.Қазанғапов) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандардың тегі мен аты-жөнін және азаматтық хал актілеріне олардың туған жылдары мен туылған жерлерінің өзгергендігі, сондай-ақ әскери міндеттілермен әскерге шақырылғандардың арасындағы қайтыс болғандары туралы мәліметтерді жеті күн мерзімде әскери комиссариаттарға хабарласын.
8. Облыстық прокуратураға (Ғ.Төлегенов) міндетті әскери қызметке шақырудан жалтарғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмысын күшейту ұсынылсын.
9. «Автобус паркі» қалалық коммуналдық шаруашылық мекемесі (Н.Нұрымбетов) облыстық әскери комиссариатқа әскерге шақырылғандарды тасымалдау мен жөнелтуге қажетті көлік бөлу мәселесін қарасын.
10. «КРЭК» акционерлік қоғамының қалалық электр жүйесі бөлімшесі (Ғ.Ибраев) облыстық әскери комиссариатқа шақыру комиссиясының жұмыс жүргізу кезінде электр жарығын үзбей беріп тұруды қамтамасыз етсін.
11. Облыстық мәдениет басқармасы (Ж. Жонтаева) әскери қызметке шақырылғандарды шығарып салу күндері көркемөнерпаздар үйірмелері мен творчестволық ұжымдардың өнерлері арқылы салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастырсын. Шақыру мерзімде облыстық жиын пунктінде әскери-патриоттық тақырыптарға арналған көркем суретті фильмдер көрсетсін.
12. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, дәрігерлер мен техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ шақыру учаскелеріне бөлінген басқа да қызметшілердің шақыруға байланысты атқарған жұмысы кезінде жұмыс орны, қызметі және орташа айлық жалақысы сақталсын.
13. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық әскери комиссариат (С. Тоқманбетов), облыстық ішкі істер (Т. Рахимов), әділет (С. Қазанғапов), облыстық денсаулық сақтау (Д. Дәулетбаев) басқармалары, теміржол желілік ішкі істер бөлімі (Б. Есмаханов) осы шешімді орындау тұрғысында атқарылған жұмыстар жайлы осы жылы 5 шілдеде облыс әкіміне хабарласын.
14. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Н. Ерімбетовке жүктелсін.