Об очередном призыве граждан 1974-1983 годов рождения на срочную военную службу в октябре-декабре 2001 года в Вооруженные Силы Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1974-1983 жылдары туылған азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2001 жылғы қазан-желтоқсанда кезекті шақыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 11.04.2002 № 4-68 шешімімен. Қазақстан Республикасының “Жад міндетгілік және әскери қызмет туралы“ Қазақстан Республикасы Президентінін 2001 жылғы 28 қырқүйектегі “Белгіленген әскери қызмет мерзім өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылғы қазан - желтгоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы” № 688-Жарлығына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Аудандық және қалалық шақыру қызметін басқару және бақылау үшін облыстық қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалар әкімдері жұмысын ұйымдастырсын және 2001 азаматтарды мерзімді әскери қызметке комиссариаттар арқылы қамтамасыз етсін. Шақырушыларды жиналу орнына жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық телекоммуникация дирекциясы (Ж.А.Мейрембаев) шақыру пунттерінде телефон байланыстарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Денсаулық сақтау басқармасы (А.Д Дүйсекеев.): -облыстық, аудандық және қалалық шақыру комиссиялары білікті дәрігер-мамандармен және орта медициналық қызметшілермен толықтырылсын; - шақырушылардың дер кезінде әдістемелік нұсқаулардың талаптарына сәйкес дәрігерлік іріктелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (К.Ж.Жәйшібекова) жас жігіттерді қазақстандық патриотизмге Отан қорғаудағы конституциялық міндетін мүлтіксіз тәрбиелеу жұмыстарын жандандырсын.
Тармақ 6
6. Қаржы басқармасы ( М.А. Сәтқалиев.) әскери комисариаттарды шақыру жүргізуге байланысты қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Облыстың әскери комиссары (Т.Р Мәукебасв.) осы шешімнін орындалу барысы туралы 2002 жылы 20 қаңтарға дейін хабардар етсін.
Тармақ 8
8. Шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары — В.А. Долженковқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Облыс Әкімінің 2001 жылғы 3 сәуірдегі № 4-81 шешімі күшін жойған деп есептелсін.
Басқа 10
Облыс Әкімінің 2001 жылғы 4 қазан № 10-125 шешіміне қосымша Облыстық шақыру комиссиясының құрамы Комиссияның төрағасы Долженков В.А. - облыс Әкімінің бірінші орынбасары Комиссия төрағасының орынбасары Мәукебаев Т.Р. - облыстың әскери комиссары Комиссия мушелері Әшіров К. Ә.- облыстың ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Тұрсынмұратова Б.Е.- облыстық денсаулық сактау басқармасы бастығының орынбасары Әдиев. А.М. - облыстық әскери комиссариаттың әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы Перкин С.И.- әскери комиссариаттың әскери-дәрігерлік комиссиясының орынбасары Теңізбаева М.З.- облыстың шақыру комиссиясының хатшысы Фетер Н.Н.- облыстың шақыру комиссиясының хатшысы Дәрігер-мамандар және орта дәрігер-мамандар қызметшілері (негізгі құрам) Алматы және Талдыкорған қалаларында -облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының және облыстық әскери комиссариаттың әскери-дәрігерлік комиссиясы төрағасының бұйрығымен бірге бекітіледі