О проведении призыва на срочную военную службу граждан 1975-1984 годов рождений весной 2002 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1975-1984 жылдары туған азаматтарды 2002 жылғы көктемде мерзімді әскери қызметке шақыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 13 мамырдағы N 88 шешімімен. "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 14 баптарына сәйкес 2002 жылғы көктемде мерзімді әскери қызметке азаматтарды дер кезінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, әскери комиссарлар облыс азаматтарын мерзімді әскери қызметке дер кезінде шақыруды және аттандыруды жүргізсін, осы кезеңге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметіне басшылық және бақылау жасау үшін облыстық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары жас жігіттердің шақыруды өту үшін әскери комиссариаттарға келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын. Қалалар мен аудандардың әкімдері әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру қосындарымен қамтамасыз етсін, техникалық қызметшілердің және шақырылушыларды тасымалдауға арналған көліктің қажетті санын бөлсін. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке салтанатты шығарып салуды ұйымдастырсын. Әскерге шақыруды қаржыландыруды жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүргізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Аңдағұлов Қ.Б.) тұрақты жұмыс істейтін облыстық медициналық комиссияның жұмысын, мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды медициналық куәландырудың сапасын, СПИД (ВИЧ-иныекцияға) міндетті тексеруді бақылауға алсын. Әскери комиссариаттардың аудандық және қалалық медициналық комиссияларын маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен толықтыру жөнінде шаралар қабылдасын. Қалалық, аудандық әскерикоматтарды медициналық қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды төлеу келісім-шарт негізінде жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Ішкі істер бас басқармасы (Құнғожинов С.Т.), қалалық, аудандық ішкі істер басқармалары мен бөлімдері әскерге шақырудан жалтарып жүрген шақырылушыларды аудандық, қалалық әскери комиссариаттар түсірген тізімдерге сәйкес іздестіруді және шақыру қосындарына жеткізуді, шақыру қосындарында азаматтарды әскерлерге жіберу кезінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін. Облыстық жиын қосынында полиция постын ұйымдастырсын, ал аттандыру кезінде (облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша) "Өскемен" және "Защита" теміржол станцияларында полицияның қосымша нарядтарын бөлсін.
Тармақ 6
6. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (Рукин А.И.) әскерге шақыру кезінде әскерге шақырылатын жастармен тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатыссын, командаларды қалыптастыру және облыстық жиын қосынынан аттандыру кезінде соғыс және еңбек, Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Якупов В.С.) облыстық жиын қосынының орынжайларын дезиныекциялауды және санитарлық өңдеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстық сауда және қызметтер көрсету департаменті (Шәкенов М.Ш.) командаларды қалыптастыру және аттандыру кезеңінде облыстық жиын қосынында әскерге шақырылушылардың күніне үш уақыт тамақтандырылуын ұйымдастыруға байланысты мәселелерді шешсін.
Тармақ 9
9. Облыстық мәдениет басқармасы (Түсіпбеков Т.Т.) облыстық әскери комиссариаттың командованиесімен бірлесіп облыстық жиын қосынында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне бағытталатын әскерге шақырушылар үшін шығармашылық өнерпаз ұжымдардың өнер көрсетуін, кино мен бейнеыильмдер қоюды ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Облыстық көлік департаменті (Уыимцев Г.С.) облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша облыстық жиын қосынындағы әскерге шақырылушыларды "Өскемен" станциясынан "Защита" станциясына дейін және тағайындалған түпкі қосынына дейін жеткізу үшін маневрлік локомотив пен вагондардың қажетті санын бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.Ә.) әскерге шақыруды қаржыландыруды облыс бюджетінің 2002 жылға айқындаған мөлшерінде жүргізсін.
Тармақ 12
12. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары А.Қ.Қажыбаевқа жүктелсін.