О проведении призыва на срочную военную службу граждан 1975-1984 годов рождений осенью 2002 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылғы күзде 1975-1984 жылдары туған азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруын өткiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 29.03.2003 № 13 шешімімен. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Қазақстан Республикасы Заңының 29 бабы 1 тармағының 11 тармақшасына, сондай-ақ "Жалпыға бірдей әскери міндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы N 9000 Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 14 баптарына сәйкес 2002 жылғы күзде әскери қызметке азаматтарды дер кезінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, әскери комиссарлар облыс азаматтарын мерзімді әскери қызметке дер кезінде шақыруды және аттандыруды жүргізсін, осы кезеңге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметіне басшылық және бақылау жасау үшін облыстық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
Тармақ 1
1. Қажыбаев Амангелды Қажыбайұлы - облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы
Тармақ 2
2. Мұқашев Қадырәли Мұқашұлы - облыстық әскери комиссар, облыстық шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
Тармақ 3
3. Андағұлов Қадырбек Баянбайұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Тармақ 4
4. Бақтыбаев Жанарбек Төлеубекұлы - облыстың ішкі істер бас басқармасы бастығының орынбасары
Тармақ 5
5. Картунов Владимир Григорьевич - облыстық әскери комиссариаттың әскерге шақыру бөлімінің бастығы
Тармақ 6
6. Сүлейменова Рысбек Құсайынқызы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының жасөспірімдікқызмет жөніндегі штаттан тысбас маманы, медициналықкомиссияның төрайымы
Тармақ 7
7. Бондарева Раиса Федоровна - тіс дәрігері, медициналық комиссияның хатшысы
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері, барлық меншік нысандағы ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары жас жігіттердің шақыруды өту үшiн әскери комиссариаттарға келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын. Қалалар мен аудандардың әкімдері әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру пункттерiмен қамтамасыз етсін, техникалық қызметшілердің және шақырылушыларды тасымалдауға арналған көліктің қажетті санын бөлсін. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке салтанатты шығарып салуды ұйымдастырсын. Әскерге шақыруды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүргізiлсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Андағұлов Қ.Б.) тұрақты жұмыс істейтін облыстық медициналық комиссияның жұмысын, мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды куәландырудың сапасын, ЖИТС-ке (АИТВ-инфекцияға) тексерудi бақылауға алсын. Әскери комиссариаттардың аудандық және қалалық медициналық комиссияларын дәрігер-мамандармен, орта медициналық персоналмен толықтыру жөнінде шаралар қолдансын. Қалалық және аудандық әскери комиссариаттарды медициналық қамтамасыз етуге байланысты шығыстарын келiсiм шарт негiзiнде өткiзсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер басқармасы (Күнғожинов С.Т.), қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдері аудандық, қалалық әскери комиссариаттары ұсынған тiзiмге сәйкес әскерге шақырудан жалтарып жүрген шақырылушыларды іздестіруді және шақыру пункттерiне жеткізуді, шақыру пункттерiнде азаматтарды әскерлерге жіберу кезінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін. Облыстық жиын пункттерiнде полиция күзетiн ұйымдастырсын, ал аттандыру кезінде (облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша) "Өскемен" және "Защита" теміржол станцияларында полицияның қосымша күзетiн бөлсін.
Тармақ 6
6. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (Рукин А.И.) мен облыстық ішкі саясат департаменті (Саиров Е.Б.) әскерге шақыру кезінде әскерге шақырылатын жастармен тәрбие шараларын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатыссын, әскери бөлiмшелердi қалыптастыру және облыстық жиын пункттерiнен аттандыру кезінде соғыс және еңбек, Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Якупов В.С.) облыстық жиын пункттерiнiң орынжайларын жұқпасыздандыру мен санитарлық өңдеуiн қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстық сауда және қызметтер көрсету департаменті (Шәкенов М.Ш.) әскери бөлiмшелердi қалыптастыру және аттандыру кезеңінде облыстық жиын пункттерiнде әскерге шақырылушылардың күніне үш уақыт тамақтандырылуын ұйымдастырумен байланысты мәселелерді шешсін.
Тармақ 9
9. Облыстық мәдениет басқармасы (Түсiпбеков Т.Т.) облыстық әскери комиссариаттың басшыларымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне бағытталатын әскерге шақырушылар үшiн облыстық пунктiнде шығармашылық өнерпаз ұжымдардың өнер көрсетуін, кино мен бейнефильмдер қоюын ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Облыстық көлік департаменті (Уфимцев Г.С.) облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша облыстық жиын пункттерiндегi әскерге шақырылушыларды "Өскемен" станциясынан "Защита" станциясына дейін және тағайындалған түпкі пунктiне дейін жеткізу үшін маневрлік локомотив пен вагондардың қажетті санын бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.Ә.) әскерге шақыруды қаржыландыруын облыс бюджетінің 2002 жылға белгiленген мөлшерінде жүргізсін.
Тармақ 12
12. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.Қажыбаевқа жүктелсін.