О проведении призыва на срочную военную службу граждан 1976-1985 годов рождений весной и осенью 2003 года Күшін жойған
Басқа 0
1976-1985 жылдары туған азаматтарды 2003 жылғы көктемде және күзде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 1 сәуірдегі № 74 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-II Заңының 29-бабы 1-тармағының 11-тармақшасына, сондай-ақ "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19-қаңтардағы № 9000 Заңының 13 және 14-баптарына сәйкес 2003 жылғы көктемде (сәуір және маусым айында), күзде (қазан және желтоқсан айында) әскери қызметке азаматтарды дер кезінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, әскери комиссарлар облыс азаматтарын мерзімді әскери қызметке дер кезінде шақыруды және аттандыруды жүргізсін, осы кезеңге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметіне басшылық және бақылау жасау үшін облыстық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
1.
Омаров Нұрлан Сраилевич
облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы
2.
Мұқашев Қадыралы Мұқашевич
облыстық әскери комиссар, облыстық шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
Облыстық шақыру комиссиясының мүшелері
3.
Адильбаев Жанарбек Толегенович
облыстық ішкі істер Бас басқармасы бастығының орынбасары
4.
Андағұлов Қадырбек Баянбаевич
облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
5.
Картунов Владимир Григорьевич
облыстық әскери комиссариатының әскерге шақыру бөлімінің бастығы
6.
Гусева Оксана Владимировна
облыстық әскери комиссариатының әскерге шақыру бөлімі бастығының орынбасары дәрігер-терапевт, медициналық комиссияның төрағасы
7.
Бондарева Раиса Федоровна
тіс дәрігері, медициналық комиссияның хатшысы
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері, барлық меншік түрлері ұйымдарының, кәсіпорындарының басшылары жас жігіттердің әскери комиссариаттарға келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын. Қалалар мен аудандардың әкімдері әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру пункттерімен қамтамасыз етсін, техникалық қызметшілерді және шақырылушыларды тасымалдауға арналған көліктің қажетті санын бөлсін. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке салтанатты шығарып салуды ұйымдастырсын. әскерге шақыруды қаржыландыруды жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүргізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Андағұлов К.Б.) тұрақты жұмыс істейтін облыстық медициналық комиссияның жұмысын, мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды куәландырудың сапасын ЖИТС-ке (АИТВ инфекцияға) тексеруді бақылауға алсын. әскери комиссариаттардың аудандық және қалалық медициналық комиссияларын маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен толықтыру жөнінде шаралар қабылдасын. Қалалық және аудандық әскери комиссариаттарды медициналық қамтамасыз етуге байланысты шығыстарын келісім шарт негізінде өткізсін.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер басқармасы (Күнғожинов С.Т.), қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдері аудандық, қалалық әскери комиссариаттары ұсынылған тізімге сәйкес әскерге шақырудан жалтарып жүрген шақырылушыларды іздестіруді және шақыру пункттеріне жеткізуді, шақыру пункттерінде азаматтарды әскерге жіберу кезінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін. Облыстық жиын пунктінде полиция постын ұйымдастырсын, ал аттандыру кезінде (облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша) "Өскемен" және "Защита" теміржол станцияларында полицияның қосымша нарядын бөлсін.
Тармақ 6
6. Облыстық ақпарат, қоғамдық келісім басқармасы (Рукин А.И.), және облыстық ішкі саясат департаменті (Артамасов А.А.) әскерге шақыру кезінде әскерге шақырылатын жастармен тәрбие шараларын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатыссын, командаларды қалыптастыру және облыстық жиын пунктінен аттандыру кезінде соғыс және еңбек, Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Якупов В.С.) облыстық жиын пунктінің орынжайларын дезинфекциялауды және санитарлық өңдеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстық индустрия сауда және кәсіпкерлікті қолдау департаментіне (Провкин А.И.) әскерге шақыруды жүргізу кезеңінде облыстық жиын пунктінде әскерге шақырылушылардың күніне үш уақыт тамақтандырылуын ұйымдастырумен байланысты мәселелерді шешсін.
Тармақ 9
9. Облыстық мәдениет басқармасы (Түсіпбеков Т.Т.) облыстық әскери комиссариаттың басшылығымен бірлесіп, әскерге шақырушыларға облыстық жиын пунктінде шығармашылық өнерпаз ұжымдардың өнер көрсетуін, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне бағытталатын кино мен бейнефильмдер қоюды ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасы (Уранхаев Н.Т.) облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша облыстық жиын пунктіндегі әскерге шақырылушыларды "Өскемен" станциясынан "Защита" станциясына дейін және тағайындалған түпкі пунктіне дейін жеткізу үшін маневрлік локомотив пен вагондардың қажетті санын бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.А.) әскерге шақыруды қаржыландыруды облыс бюджетінің 2003 жылға айқындалған мөлшерінде жүргізсін.
Тармақ 12
12. Облыс әкімінің 2002 жылғы 1-қазандағы № 1197 облыстық Әділет басқармасында 2002 жылғы 4-қазанда № 945 тіркелген шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 13
13. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Н.Омаровқа жүктелсін.