Об очередном призыве граждан 1976 -1985 годов рождения на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2003 года в Вооруженные Силы Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы мерзімді әскери қызметке 2003 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1976-1985 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 01.04.2004 № 4-37 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19-қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 27-наурыздағы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың cәyip-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шакыру туралы» № 1047 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Аудандық және қалалык шақыру комиссияларынын қызметше басшылық ету және бақылау үшін облыстық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық бағыныстағы аудандар мен қалалардың әкімдері шақыру комиссияларын құрап, 2003 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру iciн жургізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (Ж.А. Мейрембаев) шақыру пункттерінде телефон байланысының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (А. Дуйсекеев):
облыстық, аудандық және қалалық шақыру комиссияларын білікті дәрігер-мамандармен және орта буын медициналық қызметшілермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақырылушылардың, әдістемелік-нұскаулыктардың талаптарына сәйкес дәрігерлік іріктелуін уакытылы қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) шакырылушыларды, ВИЧ инфекииясына және СПИД-ке ақысыз тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) медициналық тексеру мен емдеудің сапасына дербес жауапкершілікте болатынына аудандар мен қалалардың бас дәрігерлерінің назарын аударсын;
Тармақ 5
5. Ішкі саясат департаменті (Г.Т. Жақыбаева) жастарды қазақстандық патриотизмге, Отан қорғау жөніндегі конституциялық борышын орындауға тәрбиелеу жұмысын жандардырсын.
6. Облыстық спорт және дене тәрбиесі жөніндегі басқарманың бастығы (Ә.Ж. Жайлаубеков) әскер жасындағы жастар арасында бұқаралық спорт және әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жандардырсын, кәсіпорындар мен орта білім беретін оқу орындарында жастардың дене тәрбиесі дайындығына бақылаулық тексеруді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы (М. Сәтқалиев) әскери комиссариаттарды әскерге шақыруға байланысты жұмыстарды қаржылай қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстың әскери комиссары (Т.Р. Мәукебаев) осы шешімнің орындалу барысы туралы 2004 жылғы 20-қаңтарға дейін хабардар етсін.
Тармақ 9
9. Облыс Әкімінің 2002 жылғы 11-қыркүйектегі № 9-229, 2002 жылғы 27-қыркүйектегі тіркеу № 831 шешімінің күші жойылған болып саналсын.
Тармақ 10
10. Шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орныбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
Басқа 13
Облыс Әкімінің
2003 жылғы «1» сәуір
№ 4-70 шешіміне қосымша
Алматы облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Комиссия төрағасы:
Долженков В.А. -Облыс Әкімінің бірінші орынбасары
Комиссия төрағасының орынбасары:
Мәукебаев Т.Р. -облыстың әскери комиссары
Комиссия мүшелері:
Шортанбаев Ж.Ш. -Алматы облыстық ІІББ бастығының орынбасары
Ысқақов Б.А. -облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының
орынбасары
Әдиев А.М. -облыстық әскери комиссариаттын әскери-дәрігерлік
комиссиясының төрағасы
Перкин С.И. -облыстық әскери комиссариаттын әскери-дәрігерлік
комиссиясының төрағасы орынбасары
Теңізбаева М.З. -облыстық шақыру комиссиясының хатшысы
Фетер Н.Н. -облыстық шақыру комиссиясының хатшысы
Дәрігер-мамандар және облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының
орта медициналық персонал облыстық әскери комиссариаттағы әскери-дәрігерлік
(негізгі және резервтік комиссиясы төрағасымен бірлесіп шығарған
құрам) Алматы және бұйрығымен бекітіледі
Талдықорған қалаларында