О призыве граждан 1976-1985 годов рождения на срочную военную службу весеннего призыва 2003 года Қолданыста
Басқа 0
1976-1985 жылдары туылған азаматтарды 2003 жылғы көктемдегі әскери қызметке шақыру туралы
«Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімдегі қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2003 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан мерзімде әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 27 науырыздағы №1047 Жарлығын, сондай-ақ «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Әскерге шақырушыларды, әскери міндеттілерді және запастағы офицерлерды медициналық сараптамадан өткізу үшін тұрақты жұмыс атқаратын облыстық шақыру комиссиясы кұрылсын және оның кұрамы №1 қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері тиісті шақыру комиссияларын кұрсын және олардың жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері:
Тармақша 1
1)әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру пункттерімен қамтамасыз етсін, қажетті мөлшерде дәрігерлер, аяжандар, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушілерді бөлсін;
Тармақша 2
2)әскерге шақырылғандарды тұрғылықты жерлерінен аудандық (калалық) әскери комиссариаттарға шақыру комиссияға әкелуді және кері қайтаруды, сондай-ақ оларды әскери қызметке жөнелту үшін облыстық жиын пунктіне жеткізуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3)шақыру қезеңінде кезекшілік ұйымдастыру үшін әскери комиссариаттарды қажетті көлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салуды уйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық мәдениет басқармасы (Ж.ЖОНТАЕВА) әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салу күндері әскерге шақырылған жастар алдында көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың концертін ұйымдастырсын. Шақыру кезеңінде облыстық жиын пунктінде әскери - патриоттық
тақырыптардағы көркемсуретті фильмдерді көрсетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев):
облыстық жиін пунктіне және қалалық, аудандық шақыру комиссияларына №2 қосымшаға сәйкес қажетті мөлшерде маман-дәрігерлерді және аяжандарды бөлсін;
медициналық комиссияларды қажетті дәрі дәрімектермен, медициналық құралдармен, флюрографиялық пленкамен және ЭКГ-ның қағаздарымен қамтамасыз етсін;
аудандық (қалалық) әскері комиссариаттардан және облыстық жиін пунктінен тексеруге жіберілген шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастырсын;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 1995 жылғы №61 бұйрығына сәйкес облыстық, аудандық, қалалық емдеу мекемелерінде шақырылғандардың ішіндегі ауруы барларын жатқызып тексеруге және емдеуге жатын орындардың қажетті санын бөлсін;
облыстық жиын пунктінің бөлмелерін залалсыздандыру және санитарлық өндеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер басқармасы (X. Досқалиев, келісім бойынша), теміржол желілік ішкі істер бөлімі (Б.Есмаханов, келісім бойынша) және олардың жергілікті органдары:
халықтың шоғырланатын орындарда және шақырылғандардың өту маршруттарында қоғамдық тәртіп және ұйымшылдықты сақтау мақсатында жол полиция инспекторлардың, патруль автокөліктердің және полиция нарядтардың қажетті санын бөлсін;
міндетті әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 7
7. Облыстық әділет басқармасы (А.Әлібаев, келісім бойынша) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандардың тегі мен аты жөнін және азаматтық хал актілеріне олардың туған жылдары мен туылған жерлерінің өзгергендігі, сондай-ақ әскери міндеттілер мен
әскерге шақырылғандардың арасындағы қайтыс болғандары туралы мәліметтерді жеті күн мерзімді тиісті әскери комиссариаттарға хабарласын.
Облыстық прокуратураға (Қ.Төлегенов) міндетті әскери қызметке шақырудан жалтарғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмысын күшейту ұсынылсын.
«Қатынас» АҚ-мы (М. Нуғманов) облыстық әскери комиссариаттына әскерге шақырылғандарды тасымалдау мен жөнелтуге қажетті көлік бөлу мәселесін қарастыру ұсынылсын.
«КРЭК» акционерлік қоғамының Қызылорда қалалық электр жүйесі бөлімшесі (Ғ.Ыбраев) облыстық әскери комиссариаттына шақыру комиссиясының жұмыс жүргізу кезеңінде элөктр жарығының үзілмей беріліп тұрылуын қамтамасыз етуге ықпал жасасын.
Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Әжібеков) «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет түралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабына сәйкес әскери қызметке шақыруға байланысты бюджетте қаралған қаржымен уақытылы қаржыландырсын.
Шақыру комиссиясы мүшелерінің, дәрігерлер мен техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ шақыру учаскелеріне бөлінген басқа да қызметкерлердің шақыруға байланысты атқарған жұмысы кезінде жұмыс орны, қызметі және орташа айлық жалақысы сақталсын.
Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, Қызылорда облыстық және Қызылорда қалалық әскери комиссариаты (С.Тоқмамбетов), облыстық ішкі істер (X. Досқалиев, көлісім бойынша), әділет (А.Әлібаев, келісім бойынша), денсаулық сақтау (Д.Дәулетбаев) басқармалары, теміржол желілік ішкі істер бөлімі (Б.Есмаханов, келісім бойынша) осы шешімді орындауда атқарылған жұмыстар туралы 2003 жылғы 3 маусымына облыс әкіміне ақпарат берсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Н. Ерімбетовқа жүктелсін.
Басқа 2. Комиссия мүшелері:
Облыс ӘКІМІНІҢ
2003 жылғы 02.04 № 559 шешіміне
1 қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Н. ЕРИМБЕТОВ - облыс әкімінің орынбасары, комиссия
төрағасы
С.ТОҚМАНБЕТОВ - Қызылорда облысы және Қызылорда
Қаласының әскери комиссары,
комиссия төрағасының орынбасары
Д. ЖЫЛҚЫБАЕВА - облыстық жұқпалы-аурулар ауруханасының
аяжаны, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
С.ТҰНҒЫШБАЕВ - облыстық ішкі істер басқармасы
бастығының орынбасары
Р. ОРМАГАМБЕТОВ - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-
құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші
маманы
Р.МҰХАМБЕТОВ - Қызылорда облысы әскери
комиссариаты 2-бөлімінің бастығы
Г.ТАШЕНОВА - облыстың бас терапевті
М. ҚАНИЕВ - облыстық әскери-дәрігерлік
комиссиясының төрағасы
Басқа 3. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Облыс әкімінің
2003 жылғы 02.04
№559 шешіміне
2 косымша
Облыстық жиін пункті жанындағы
облыстық дәрігерлік комиссияның
ҚҰРАМЫ:
М.КАНИЕВ - комиссияның төрағасы
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Ә. ӘБІШЕВ - облыстық жүйке аурулары
ауруханасының психиатры
СОРОКОЛЕТОВ В.Н. - тері-жіңішке аурулар диспансерінің
дәрігері
Е.БИСЕНОВ - облыстық медициналық орталығының
ЛОР-дәрігері
Б.МАНТАЕВ - облыстық медициналық орталығының
хирургі
А.САПАРОВ - облыстық медициналық орталығының
травматологі
З.БЕРІКБОЛОВА - облыстық медициналық орталығынын
терапевті
М. ЖАГАПАРОВ - Казлепрозорийдың алапес-дәрігері
С. КУРЫМБАЕВ - облыстық наркологиялық диспансерінің
наркологі
Ж.БОДЫҚОВ - облыстық өкпе аурулары диспансерінің
фтизиатры
Р.БИСЕНБАЕВА - облыстық медициналық орталығының
невропатологі
Ғ.АҚТАЕВА - облыстық жүйке аурулары
ауруханасының психологі
Р. ИЗНАТОВА - облыстық кеңес беру-диагностикалық
орталығының кардиологі
И. САДЫКОВ - облыстық медициналық орталығының
көз-дәрігері
Т.БИСЕНҒАЛИЕВА - «Сенім» ЖШС тіс дәрігері
Н. КАПИЕВА - облыстық балалар ауруханасынын
дәрігері
А. АҒЫБАЕВА - облыстык балалар ауруханасының
балалар кардиолог дәрігері
Ш. ӘБУОВА - облыстық балалар ауруханасының
балалар невропатолог дәрігері
Облыстық жиін пункті жанындағы облыстық медициналық комиссияның резервтік құрамы:
Б.Т.БЕРЕМКУЛОВА - облыстық жүйке аурулары ауруханасының
психиатры
Г.Т. ДӘУЖІГІТОВА - тері-жіңішке аурулар диспансерінің дәрігері
В.А. ЦОЙ - облыстық жүйке аурулары ауруханасының
психологі
Р.Д. ЕСБОЛҒАНОВА - облыстық медициналық орталығының
травматологі
Б.Б. РАЫМҚҰЛОВА - облыстық медициналық орталығының
терапевті
Л. ХЕ - облыстық медициналық орталығының терапевті
Т. БОРЕБАЕВ - облыстық медициналық орталығының көз
дәрігері
А.АХАНОВ - «Дента-Люкс» ЖШС тіс дәрігері
К.БАЙКЕНОВА - облыстық наркодиспансердің наркологі
Ж.АЙТБАЕВ - облыстық өкпе аурулары диспансерінің
фтизиатры
О.ӨМІРЗАҚОВ - облыстық медициналық орталығының
невропатологі