О проведении призыва на срочную военную службу граждан 1977-1986 годов рождений весной и осенью 2004 года Күшін жойған
Басқа 0
1977-1986 жылдары туған азаматтарды 2004 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-II Заңының 29-бабы 1-тармағының 11-тармақшасына, "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19-қаңтардағы № 9000 Заңының 13 және 14-баптарына сәйкес 2004 жылғы көктемде (сәуір-маусым айларында), күзде (қазан-желтоқсан айларында) мерзімді әскери қызметке азаматтарды дер кезінде және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, әскери комиссарлар облыс азаматтарын мерзімді әскери қызметке дер кезінде шақыруды және аттандыруды жүргізсін, осы кезеңге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметіне басшылық және бақылау жасау үшін облыстық шақыру комиссиясы мынадай құрамда құрылсын:
1.
Александр Васильевич Гречухин
облыс әкімінің орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы
2.
Кадрали Мукашевич Мукашев
облыстық әскери комиссар, облыстық шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары (келісімі бойынша)
Облыстық шақыру комиссиясының мүшелері:
3.
Қыдырбек Баянбаевич Андағұлов
облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
4.
Жанарбек Телюбекович Бактыбаев
облыстық ішкі істер бас басқармасы бастығының орынбасары
5.
Оксана Владимировна Панкратова
облыстық әскери комиссариатының әскерге шақыру бөлімі бастығының орынбасары, дәрігер-терапевт, медициналық комиссияның төрайымы (келісімі бойынша)
6.
Владимир Григорьевич Картунов
облыстық әскери комиссариатының әскерге шақыру бөлімінің бастығы (келісімі бойынша)
7.
Рыспек Кусаиновна Сулейменова
облыстық денсаулық сақтау басқармасының жасөспірімдер қызметінің штаттан тыс бас маманы
8.
Куляш Сеймазинова
медбике, тұрақты жұмыс істейтін облыстық медициналық комиссияның хатшысы
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері, барлық меншік түріндегі ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары жас жігіттердің әскери комиссариаттарға келуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын. Қалалар мен аудандардың әкімдері әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру пункттерімен қамтамасыз етсін, техникалық қызметшілерді және шақырылушыларды тасымалдауға арналған көліктің қажетті санын бөлсін. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке салтанатты шығарып салуды ұйымдастырсын. Әскерге шақыруды қаржыландыруды жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүргізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (К.Б. Андагулов) тұрақты жұмыс істейтін облыстық медициналық комиссияның жұмысын, мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды куәландырудың сапасын ЖҚТБ-ға (АҚТҚ инфекцияға) тексеруді бақылауға алсын. Әскери комиссариаттардың аудандық және қалалық медициналық комиссияларын маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен толықтыру жөнінде шаралар қабылдасын. Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерді медициналық қамтамасыз етуге байланысты, шығыстарды төлеуді келісім-шарт негізінде жүргізсін.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер бас басқармасы (С.Т. Кунгожинов), қалалық, аудандық ішкі істер басқармалары мен бөлімдері аудандық, қалалық әскери комиссариаттар ұсынған тізімдерге сәйкес әскерге шақырудан жалтарып жүрген шақырылушыларды іздестіруді және шақыру пункттеріне жеткізуді, шақыру пункттерінде азаматтарды әскерге жіберу кезінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін. Облыстық жиын пунктінде полиция постын ұйымдастырсын, ал аттандыру кезінде (облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша) "Өскемен" және "Защита" теміржол станцияларында полицияның қосымша нарядын бөлсін.
Тармақ 6
6. Шығыс Қазақстан облысының ақпарат басқармасы (А.И. Рукин), облыстық ішкі саясат департаменті (Б.К. Данияров) әскерге шақыру кезінде, әскерге шақырылатын жастармен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатыссын, командаларды қалыптастыру және облыстық жиын пунктінен аттандыру кезінде соғыс және еңбек, Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (В.С. Якупов) облыстық жиын пунктінің үй-жайларын дезинфекциялауды және санитарлық өңдеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстық индустрия, сауда және кәсіпкерлікті қолдау департаменті (А.И. Провкин) әскерге шақыруды жүргізу кезінде облыстық жиын пунктінде әскерге шақырылушылардың күніне үш уақыт тамақтандырылуын ұйымдастырумен байланысты мәселелерді шешсін.
Тармақ 9
9. Облыстық мәдениет басқармасы (Т.Т. Тусипбеков) облыстық әскери комиссариаттың басшылығымен бірлесіп, әскерге шақырушыларға облыстық жиын пунктінде шығармашылық өнерпаз ұжымдардың өнер көрсетуін, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне бағытталатын кино мен бейнефильмдер қоюды ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасы (Н.Т. Уранхаев) облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша облыстық жиын пунктіндегі әскерге шақырылушыларды "Өскемен" станциясынан "Защита" станциясына дейін және тағайындалған түпкі пунктіне дейін жеткізу үшін маневрлік локомотив пен вагондардың қажетті санын бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Облыстық қаржы басқармасы (А.А. Курманғалиев) әскерге шақыруды қаржыландыруды облыс бюджетінің 2004 жылға айқындалған мөлшерінде жүргізсін.
Тармақ 12
12. Облыс әкімінің 2003 жылғы 29 наурыздағы № 13, облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 4 сәуірде тіркелген № 1193 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 13
13. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А. Гречухинге жүктелсін.
Тармақ 14
14. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.