О призыве граждан 1977-1986 годов рождения на срочную военную службу осеннего призыва 2004 года Қолданыста
Басқа 0
2004 жылғы күзгі шақыруға 1977-1986 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
«Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2004 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 30 наурыздағы № 1326 Жарлығын, сондай-ақ «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 1993 жылдың 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді және запастағы офицерлерді медициналық сараптамадан өткізу үшін тұрақты жұмыс атқаратын облыстық шақыру комиссиясы құрылсын және оның құрамы 1-қосымшаға сәйкес және облыстық жиын пункті жанындағы облыстық дәрігерлік комиссиясының құрамы 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері тиісті шақыру комиссияларын кұрсын және олардың жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері:
Тармақша 1
1)қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерді (басқарманы) жабдықталған шақыру пункттерімен қамтамасыз етсін, қажетті мелшерде дәрігерлер, аяжандар, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушілерді бөлсін;
Тармақша 2
2)әскерге шақырылғандарды тұрғылықты жерлерінен қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге(басқармаға) шақыру комиссиясына әкелуді және кері қайтаруды, сондай-ақ, оларды әскери қызметке аттандыру үшін облыстық жиын пунктіне жеткізілуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3)шақыру қезеңінде кезекшілік ұйымдастыру үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерді қажетті көлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4)мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық мәдениет басқармасы (Ж.Жонтаева) әскери қызметке
шақырылғаңдарды салтанатты жағдайда шығарып салу күндерінде әскерге
шақырылған жастар алдында көркемөнерпаздар мен шығармашылық
ұжымдардың концертін ұйымдастырсын. Шақыру кезеңінде облыстық жиын
пунктінде әскери - патриоттық тақырыптардағы көркем суретті фильмдерді
көрсетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (А.Әлназарова):
Тармақша 1
1)облыстық жиын пункті жанындағы облыстық дәрігерлік комиссиясына 2-қосымшаға сәйкес және қалалық, аудандық қорғаныс бөлімдерінің дәрігерлік комиссияларына қажетті мөлшерде маман дәрігерлерді және аяжандарды бөлсін;
Тармақша 2
2)медициналық комиссияларды қажетті дәрі-дәрмектермен, медициналық құралдармен, флюрографиялық пленкамен және электрокардиограммасының қағаздарымен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3)қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінен (басқармадан) және облыстық жиын пунктінен тексеруге және адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышына анализ тапсыруға жіберілген әскерге шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4)облыстық, қалалық, аудандық емдеу мекемелерінде шақырылғандардың ішіндегі ауруы барларын жатқызып тексеруге және емдеуге жататын койкалардың қажетті санын «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде медициналық куәландыру туралы Ережені күшіне енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1995 жылғы 28 наурыздағы бұйрығына сәйкес бөлсін;
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер басқармасы (Х.Досқалиев, келісім бойынша),
теміржол желілік ішкі істер бөлімі (Т.Сапарбаев, келісім бойынша) және
олардың жергілікті органдары:
Тармақша 1
1)халықтың шоғырланатын орындардарында және шақырылғандардың өту маршруттарында қоғамдық тәртіп және ұйымшылдықты сақтау мақсатында жол полициясы инспекторларының, патруль автокөліктердің және полиция нарядтарының қажетті санын бөлсін;
Тармақша 2
2)міндетті әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру және оларды жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 7
7. Облыстық прокуратураға (3. Лақпаев, келісім бойынша) міндетті әскери қызметке шақырудан жалтарғандарды жауапкершілікке тарту жұмысын күшейту ұсынылсын.
Тармақ 8
8. «Қатынас» ашық акционерлік қоғамы (М. Нұғманов) облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіне әскерге шақырылғандарды тасымалдау мен жөнелтуге қажетті көлік бөлу мәселесін қарастыру ұсынылсын.
Тармақ 9
9. «Қызылорда электр-тарату компаниясы» ашық акционерлік қоғамының Қызылорда қалалық электр жүйесі бөлімшесі (Ғ.Ыбраев) облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіке шақыру комиссиясының жұмыс жүргізу кезеңінде электр жарығының үзілмей беріліп тұруын қамтамасыз етуге ықпал жасасын.
Тармақ 10
10. Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесі (К.Ембергенова) облыстық жиын пунктіне есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың ішінен қоғамдық жұмыс істеуге өз еріктерімен келіскен 10 адам бөлсін.
Тармақ 11
11. Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Әжібеков) «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес әскери қызметке шақыруға байланысты бюджетте қаралған қаржымен уақытылы қаржыландырсын.
Тармақ 12
12. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, дәрігерлер мен техникалық
қызметкерлердің, сондай-ақ, шақыру учаскелеріне бөлінген басқа да
қызметкерлердің шақыруға байланысты атқарған жұмысы кезінде жұмыс орны,
қызметі және орташа айлық жалақысы сақталсын.
Тармақ 13
13. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық қорғаныс
істері жөніндегі департаменті (С.Тоқманбетов, келісім бойынша), облыстық
ішкі істер (X. Досқалиев, келісім бойынша), денсаулық сақтау (А.Әлназарова)
басқармалары, теміржол желілік ішкі істер бөлімі (Т.Сапарбаев, келісім
бойынша) осы шешімді орындауда атқарылған жұмыстар туралы 2005 жылғы 5
қаңтарға облыс әкіміне ақпарат беретін болсын.
Тармақ 14
14. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің
орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы
Н. Ерімбетовке жүктелсін.
Басқа 25. Комиссия мүшелері
«2004 жылғы күзгі шақыруға
1977-1986 жылдары туған азаматтарды
мерзімді әскери қызметке шақыру
туралы» облыс әкімінің 2004 жылғы
30 «09» № 33 шешімімен БЕКІТІЛГЕН
1-қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Нұрлан Кенжебекұлы Ерімбетов-облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Сұлтан Әбуұлы Тоқманбетов
-облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері
Мыңділдә Сағидуллаұлы Ршауов-облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Мейрамбек Қалиұлы Қаниев - облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери аға маманы (әскергешақыру) - дәрігер (терапевт) дәрігерліккомиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Серікбол Тұңғышбаев - облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Гүлмариям Қуанышқызы Ташенова - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Дина Жылқыбаева -облыстық жүқпалы-аурулар ауруханасыныңаяжаны, комиссия хатшысы
Басқа 26
«2004 жылғы күзгі шақыруға
1977-1986 жылдары туған азаматтарды
мерзімді әскери қызметке шақыру
туралы» облыс әкімінің 2004 жылғы
30 « 09» № 36 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН 2-қосымша
Облыстық жинау пункті жанындағы облыстық медициналық комиссияның Қ Ұ Р А М Ы
Мейрамбек Қалиұлы Қаниев-облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери аға маманы (әскерге шақыру) - дәрігер (терапевт) дәрігерлік комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері
Әлімхан Әбішүлы Әбішев-облыстық жүйке аурулары ауруханасының психиатры
Виктор Никитович Сороколетов-облыстық тері-жіңішке аурулар диспансерінің дәрігері
Құланберген Асылбекұлы Ізмагамбетов-облыстық медициналық орталығының ауыз, құлақ, мұрын -дәрігері
Бекет Тайшыбекұлы Монтаев-облыстық медициналық орталығының хирургі
Айдос Дарханұлы Сапаров-облыстық медициналық орталығының травматологі
Зухра Есқалиқызы Берікболова-облыстық медициналық орталығының терапевті
Серік Мырзағұлұлы Құрымбаев-облыстық медициналық тәуелділік орталығының аймақтық нарколог дәрігері
Жандияр Рашбайүлы Бодықов-облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің фтизиатры
Рабиға Мүбараққызы Бисенбаева-облыстық медициналық орталығының невропатологі
Қарлығаш Советова- облыстық жүйке аурулары ауруханасының психологі
Ермек Смаилов-облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығының кардиологы
Нағжан Разақова- облыстық медициналық орталығының дәрігері
Түнзира Гамайқызы Бисенғалиева-«Сенім» жауапкершілігі шектеулі серіктестігнің тіс дәрігері (келісім бойынша)
Айгүл Ағымбаева- облыстык балалар ауруханасының балалар кардиологы
Шынар Әбуова-облыстык балалар ауруханасының балалар невропатологы
Әсия Бекеева-облыстык балалар ауруханасының педиатры